Павлодарлық кәсіпорынның қызметкерлері «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасын қолдады

» Аймақ - жаңалықтары » Павлодар облысы » Павлодарлық кәсіпорынның қызметкерлері «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасын қолдады

05.01.2021, 16:47

5 қаңтар 2021 жыл, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» партиясының атынан Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына үміткерлер «Жаңа Роса» алкогольсіз сусындар өндіру цехында ұйым қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«Партияның сайлауалды бағдарламасы 6 негізгі бағыттан тұрады және әлеуметтік саланың, бизнесті қолдаудың, демократияны дамытудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең өзекті мәселелерін қамтиды. Мысалы, біз ай сайын жалақыдан БЖЗҚ-ға және әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасаймыз. Бірақ қаражатты пайдалану кезінде түрлі сұрақтар туындайды. «Ақ жол» азаматтардың зейнетақы жинақтарын екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде өз шоттарында сақтау жолын қолдайды. Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорының жұмысын да нақты салымшыларға байланыстырған жөн. Әрбір азаматтың Қорда өз жеке шоты болуы керек. Сол жерде оның төлемдері есепке алынады және салымшының келісімі бойынша оның немесе жақындарының емі үшін ақы төленетін болады.

Сапасыз емделген жағдайда тұтынушы аталмыш қызметтерге ақы төлеуден бас тартуға құқылы болуы тиіс», – деп Мәжіліс депутаттығына кандидат Фуат Сатыбаев атап өтті.

Миниралды су және алкогольсіз сусындар өндірісі цехының бастығы Сергей Бабошконың айтуынша, «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға көп көңіл бөлінген.

«Бізге партияның жұмысшы жастарды, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлетіні маңызды. Өйткені бәрінің де қымбат пәтер сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді», – деп атап өтті ол.

Үгіт-насихат тобының мүшелері сайлаушыларды мазалайтын сұрақтарды тыңдап, оларға жауап берді және 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.