Перуашев Назарбаевтың президенттік жүйесіне қатысты не айтты? – “adyrna.kz”

» Баспасөз жарияланымдар » Перуашев Назарбаевтың президенттік жүйесіне қатысты не айтты? - "adyrna.kz"

23.11.2020, 10:09

https://adyrna.kz/post/54250?preview_id=54250&preview_nonce=fbe6569b24&post_format=standard&_thumbnail_id=54251&preview=true

«Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында төраға Азат Перуашев Назарбаев басқарған тұстағы саяси жүйеге қатысты өз пікірін айтты деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы кездегі бірқатар оқиғалар тізбегі – былтыр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекет билігін өркениетті түрде жаңа басшыға тапсыруы дер кезінде болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Н.Назарбаевтың президенттік жүйесі еліміздің тәуелсіздік бастауында мемлекеттік институттардың қалыптасуында, түбегейлі нарықтық және қоғамдық реформаларды жүргізуде және басқа елдермен қарым-қатынас орнатудағы тарихи миссиясын орындады. Келесі кезеңге Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде аяқ басты. Ал ендігі мәселелерді шешу үшін жаңа тәсілдер керек. Мемлекет басқару ісіне қоғам жан-жақты араласуы және оны бақылауы қажет», –  деді «Ақ Жол» партиясының төрағасы.