Президенттің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құру туралы шешіміне байланысты “Ақ жол” қызмет аясы қайталанатын ведомстволарды жоюды талап етті және Үкіметке сайлауалды бағдарламаның кешенді ұсыныстарын, соның ішінде бизнесті қолдау, тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұсыныстарды жолдады

» Депутаттық сауалдар » Президенттің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құру туралы шешіміне байланысты "Ақ жол" қызмет аясы қайталанатын ведомстволарды жоюды талап етті және Үкіметке сайлауалды бағдарламаның кешенді ұсыныстарын, соның ішінде бизнесті қолдау, тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұсыныстарды жолдады

27.01.2021, 14:43

Президенттің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құру туралы шешіміне байланысты “Ақ жол” қызмет аясы қайталанатын ведомстволарды жоюды талап етті және Үкіметке сайлауалды бағдарламаның кешенді ұсыныстарын, соның ішінде бизнесті қолдау, тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұсыныстарды жолдады

27 қаңтар 2021 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Президенттің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құру туралы шешіміне байланысты “Ақ жол” қызмет аясы қайталанатын ведомстволарды жоюды талап етті және Үкіметке сайлауалды бағдарламаның кешенді ұсыныстарын, соның ішінде бизнесті қолдау, тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұсыныстарын жіберді. Аталмыш депутаттық сауалды бүгін Азат Перуашев мәлімдеді.

ҚР Премьер-Министріне

Кеше Үкімет отырысында Президент Қ.Тоқаев бірқатар маңызды тапсырмалар бергені белгілі.

Атап айтқанда, Президенттің ең резонансты бастамаларының бірі экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құруды атап өту керек, оның мақсаты – жалған кәсіпорындармен және қасақана төлемеушілермен жұмыс жасау.

Бұл ретте, елімізде осыған ұқсас мәселелермен айналысатын кемінде екі мемлекеттік орган бар – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі.

Олардың қызметі қандай белгілі бір дәрежеде бизнеске қысым жасаумен байланысты. Мәселен, өткен жылы “Ақ жол” фракциясының сұрауы бойынша Бас прокуратура 16 заңсыз қылмыстық істі тоқтатты және кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзғаны үшін Экономикалық тексеру қызметінің 150 қызметкерін жауапкершілікке тартты.

Осыған байланысты, бизнеске қосарланған емес, үш есе қысым жасауды болдырмау үшін “Ақ жол” фракциясы аталған мемлекеттік органдардың салалары мен өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратуды жүргізуді, сондай-ақ жаңадан құрылатын агенттіктің функцияларын қайталайтын органдарды жоюды талап етеді.

Бұл шешімдер өте қажет, өйткені кәсіпкерлердің айтуынша, қомақты сомаларды заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру және салықтан жалтару схемалары көбінесе бопсалау және пара алу жемқор шенеуніктердің ісі болса да, бизнеске жүктеліп отыр.

Жаңа агенттік осындай кемшіліктерді жасамайды деп үміттенеміз.

Біздің ойымызша, Президенттің шағын және орта бизнес жөніндегі тапсырмалары одан да маңызды болып отыр.

“Ақ жол” фракциясы Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап өткен жылдың 11 наурызында карантин жағдайында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірнеше ондаған нақты ұсыныстар жіберді.

Өкінішке орай, біздің көптеген талаптарымыз ескерусіз қалуда. Сонымен бірге, мыңдаған кәсіпкерлердің жұмыстары тоқтап, бұрынғы жұмысшылар табыссыз отыр.

Сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен кездесулерде олар келесіні хабарлады – егер санитарлық дәрігер жұмыс істеуге тыйым салса, бізге қалай өмір сүру керектігін айтсын. Жалдау ақысын, коммуналдық төлемдерді, банктерге несие, ал адамдарға жалақыны қайдан төлеуге болады.

Біз COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарысқа қарсы шаралары әсерінен зардап шеккендерді, бірақ жұмысын қайта бастаған шағы және орта юизнес субъектілерін тікелей қаржылық қолдау шараларын енгізуді қарастыру қажет деп санаймыз. Яғни банктер, кредиттерді субсидиялау және салықтарды кейінге қалдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ сақталған жұмыскерлерге жалақы қорының жартысын, жалдау және коммуналдық төлемдердің 50-ын өтеу жолымен және т.б. шешу.

Біз аталмыш шараларды “Ақ жол” партиясының бағдарламасына енгіздік.

Өткен сайлаудың қорытындылары бойынша біздің бағдарламамыз сайлаушылардың кең қолдауына ие болғандықтан, сондай-ақ кешегі Президенттің тапсырмаларына байланысты “Ақ жол” фракциясы Үкіметке біздің сайлауалды бағдарламамыздың бизнесті қолдау шаралары мен тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және тағы басқаларын қамтитын барлық кешенді ұсыныстарын (18 парақта) жолдады.

Назарларыңызға рақмет.

“Ақ жол” демократиялық партиясының жаңадан тағайындалған ҚР Үкіметіне ҚДП-ның бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстары

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ “АЛАШ” ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

Қазақ тілін экономика мен қаржы саласына, мемлекеттік басқару мен шетелдік инвесторлардың жұмысына мемлекеттік мәртебесіне сай енгізу керек. 2012 жылы енгізілген “Ақ жол” депутаттық фракциясының тиісті заң жобасын Үкімет құптаған жоқ. Партия оны жаңартып, жақын арада қайтадан енгізеді.

● 2020 жылы “Алаш” автономиясынан өрбіген қазіргі Қазақстанның түп-тамыры болған Қазақ автономиялық республикасына 100 жыл толды. 2019 жылы “Ақ жол” демократиялық партиясы Үкіметке бұл күнді ресми түрде атап өтуді және “Қазақстан” терминімен қатар – тоталитарлық Кеңес өкіметі де мойындаған “Қазақ Республикасы” атауын пайдалану туралы мәселені қарауды ұсынды. Бұл бастаманы Ш.Уәлиханов атындағы тарих институты да қолдады.

“Ақ жол” демократиялық партиясы Қазақстан атауымен қатар, Қазақ Республикасының тарихи түпнұсқалық атауын пайдалануды орынды деп санайды.

● 2020 жылғы мамырда “Ақ жол” демократиялық партиясы Президент Қ.Тоқаевтың сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі шараларды жалғастыру туралы тапсырмасын қолдады. Біз 1929-32 ж.ж. Ұлы ашаршылықты – тоталитарлық биліктің қазақ халқына қарсы жасалған әрекетін халықаралық деңгейде мойындау жөніндегі жұмысты бастауға шақырдық. Большевиктер әскерлерінің коллективизация кезіндегі жүздеген қазақ көтерілістерін жаншып басуын, өз ауылдарын құтқарамын деп, басын өлімге тіккен батырлардың ерлік істерін қайта қарау керек. 

“Ақ жол” демократиялық партиясы қуғын-сүргін жылдары большевиктер азаптап, атып өлтірген біздің халқымыздың миллиондаған құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды элементі деп есептейді.

Көшелердің, елді мекендердің және өзге де объектілердің атауларында, сондай-ақ республиканың ұлттық тарихын бағалауда коммунистік идеологияның рудименттерінен бас тартуды ұсынамыз.

Жер мәселесі – “Алаш” ұлттық идеясының негізгілерінің бірі. Көпке белгілі болғандай, 2016 жылы шетелдіктерге жер бөлуге қарсы көптеген митингілерден кейін енгізілген жер мораторийі 2021 жылы аяқталады.

Сол кезеңде “Ақ жол” демократиялық партиясы Үкіметтің жер комиссиясына сепаратизмнің алдын алу, біздің елмен ортақ шекарасы бар мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді сатуға ғана емес, жалға алуға да тыйым салу туралы ұсыныс жіберді.

Алайда шенеуніктер бұл ұсынысты комиссияның қорытынды хаттамасына да енгізген жоқ.

Осыған байланысты, Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді шетелдіктерге сатуға және оны жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды талап етеміз.

● Отандастарымызды тарихи отанына қайтару, қандастарымызға тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз етуде көмек көрсету және қолдау бойынша, республиканың толыққанды азаматтары ретінде тез арада бейімделу бойынша жұмысты күшейту.

Көрші мемлекеттер саясаткерлерінің арандатушылық мәлімдемелері аясында солтүстік өңірдің ішкі көші-қоны ерекше маңызға ие.

● Қазақстан азаматтығын, сондай-ақ шетелдік жұмысшылар үшін ұзақ мерзімді визаларды беруді ҚР Конституциясының, мемлекеттік тілдің және Қазақстандағы дәстүрлі мінез-құлық ережелерінің негізгі талаптарын білуге арналған емтихан тапсырғаннан кейін ғана заңды түрде бекітуді ұсынамыз. Шетелдік жұмыскерлердің қазақстандықтардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын, қадір-қасиетін және ұлттық сезімдерін құрметтемеуі, 2019 жылы Атырауда орын алғандай, біздің елден дереу депортациялауға негіз болуға тиіс.

I. ДЕМОКРАТИЯ және ПАРЛАМЕНТАРИЗМ

II.1. “Ақ жол” демократиялық партиясы парламентаризм институттарын күшейтуді және президенттік жүйеден Парламенттік Республикаға кезең-кезеңімен көшуді жақтайды.

Қазіргі кезең билік монополиясынан мемлекеттік мәселелерді шешуде балама пікірлерді ескеретін тексерулер мен тепе-теңдік жүйесіне жоспарлы түрде көшу үшін мүмкіндіктер туғызды.

● Қазақстанға ұлттық сенім кеңесі ғана емес, Ұлттық сенім үкіметі де қажет.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес президент биліктің барлық тармақтарының өзара іс-қимылының кепілі болып табылады. Бұл президент сұлбасының парламентпен және үкіметпен бірдей ара-қатынаста болуы керек дегені.

“Ақ жол” демократиялық партиясы Үкімет құрамын мемлекет басшысы емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия қалыптастыруы тиіс деп есептейді, ол оны Президентке бекітуге ұсынады және өз үкіметінің барлық жетістіктері мен сәтсіздіктері үшін жауапты етеді. Бұл дамыған демократиялық мемлекеттердің тәжірибесі.

Қалалар (мегаполистерді қоса алғанда) мен басқа да елді мекендердің әкімдері тікелей олардың тұрғындарымен сайлануы тиіс.

● Билік партиясының филиалдарын әкімдер басқаратын практикадан арылу, тіпті оған заң жүзінде тыйым салу керек. Әкімдер жекелеген партияға емес бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс.

● Парламент пен мәслихаттардың бақылау функцияларын кеңейту керек, ең алдымен оларға азаматтық құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы, адамдардың қайтыс болуы немесе билік эшелондарындағы сыбайлас жемқорлық фактілері сияқты қоғамдық резонанс орын алған оқиғаларды парламенттік тергеу құқығын беру керек.

Парламенттің мемлекет бюджетін бекіту мен бақылаудағы өкілеттіктерін күшейту қажет.

Біріншіден, бұл ұлттық компаниялардың, олардың еншілес компанияларының, министрліктер мен әкімдіктер жанындағы түрлі РМК мен ЖШС, “СК-Фармация” немесе ӘКК бюджеттері. Олардың барлығы барынша ашық болуға, республикалық және жергілікті бюджеттерге енгізілуге, ал олардың басшылығы шығыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы Парламент пен мәслихаттар алдында есеп беруге тиіс.

– Ұлттық компаниялар мен ӘКК басшылары Парламент пен мәслихаттардың келісімі бойынша тағайындалуы тиіс.

Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың барлық таза пайдасы бюджетке түсуі керек. Егер құрылғаннан кейін 5-10 жылдан кейін қандай да бір мемлекеттік компания әлі де мемлекеттен ақша сұраса, онда ол мемлекет үшін емес, өз пайдасына жұмыс істейді дегенді білдіреді. Мұндай компанияларды жою керек, олардың орнына жеке бизнес келсе, ол өз ақшасымен жұмыс істейді, тіпті бюджетке салық төлейді.

● Екіншіден, азаматтар мен бизнестің “жинақтаушы”, “сақтандыру” немесе “мүшелік жарналар” деп аталатын барлық міндетті төлемдері, шын мәнінде, қосымша салықтарға айналды. Бұл қорларды басқару, басшыларды тағайындау, әкімшілік шығындар, қызметкерлердің жалақысы мен сыйақылары да Парламентте ашық талқылау мен бақылаудан өтуі керек.

● 2020 жылы Президенттің тапсырмасы және Мәжіліс пен Сенаттағы барлық әріптестерінің қолдауы арқасында “Ақ жол” демократиялық партиясы “Парламенттік оппозиция туралы” заңды енгізуге қол жеткізді.

Осылайша, біздің депутаттарымыз микрофондарды өшіріліп, партия Үкіметтің “цензурасына” ұшырағаны сияқты тәжірибелер тоқтатылды.

Енді осы заңды дамыту керек. Мысалы, заңда оппозициядан бір депутатты комитет төрағасы етіп тағайындау туралы норма қабылданды. Алайда Мәжілістің жаңа құрамында уағдаластыққа қол жеткізіліп, Комитеттің екі төрағасы сайланды. Демек, оппозициядан сайланған депутаттардың Мәжіліс комитетін (заң жобасының бастапқы нұсқасындағыдай) бір емес, “біреуден кем емес” басқаруға құқығы бар екеніне түзету енгізу қажет екені сияқты мақалдар жеткілікті.

● Мемлекет тек естіп қана қоймай, шешуші күшке ие болуы керек. Мәселелерді көтеру және өтініштерді қабылдау жеткіліксіз, қоғам күткен практикалық қадамдарға қол жеткізу әлдеқайда маңызды.

Сондықтан Парламент Үкіметтің қарсылығына қарамастан, сайлаушылардың қажеттіліктеріне қаражат бөлуге құқылы болуы керек.

Парламенттің (бюджеттік рәсімдер арқылы) қоғамдық маңызы бар сайлаушылардың өтініштерін қаржыландыруы үшін бюджет шығыстарының шағын, бірақ нақты үлесін (1%) бекітуді ұсынамыз. Кейде теміржол өткелінен жаяу жүргіншілер көпірін салу немесе көшені асфальттау мемлекеттік компаниялардың сыйақыларына миллиондаған ақшаны төлеуден гөрі маңызды болатыны бар.

II.2. Кез-келген елдегі демократияның басты мәселесі мен айнасы – әділ сайлау. Қазақстанның сайлау жүйесі терең реформаларды, азаматтар құқықтарының кепілдіктерін және бұрмалаушылықтан қорғауды қажет етеді. Мәселен, мәслихаттардың алдыңғы сайлауында 100-200 теңгеге салық деректерінің алшақтығы сияқты түрлі сылтаулармен “Ақ жол” партиясының жүзге жуық мүшесі тізімнен алып тасталынды.

● Сайлау науқанынан “ыңғайсыз” кандидаттарды алып тастауға тыйым салу керек. Кандидаттарға қатысты барлық шағымдарды дауыс беруден кейін, толыққанды сот процесінде қарау керек.

Күшті кандидаттар шамалы айырмашылықтар үшін сайлаудан шеттетілмеуі үшін салық декларацияларында рұқсат етілген ауытқуларды анықтау қажет. Кандидаттың тіркеу жарнасы 10 АЕК деп белгіленген, осы соманы салық декларациясында жол берілетін ауытқу ретінде бекіту қажет.

● Учаскелік сайлау комиссияларын дауыстарды санау аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде дауыс беру қорытындыларының хаттамасын рәсімдеуге және бақылаушылар мен кандидаттардың ресми өкілдеріне осы хаттамалардың расталған көшірмелерін беруге міндеттеу қажет деп санаймыз.

Бюллетеньдері бар жәшіктерді сайлау учаскесінен дауыстарды ресми санағанға және хаттамаларды ресімдегенге дейін шығаруға тыйым салынсын.

Бұл талаптарды бұзу қылмыстық жауапкершілікке әкелуі керек.

● Ағымдағы сайлаудың кемшіліктерін ескере отырып, әр сайлау учаскесінен бюллетеньдерді санау және дауыс беру барысын интернетте тікелей онлайн трансляциялауды, әр бюллетенді камерада көрсетуді ұсынамыз. Қайта дауыс беру жағдайларын (“карусельдер” деп аталатын) анықтау және алдын-алу үшін трансляцияны автоматты түрде тану жүйесімен қамтамасыз ету қажет.

Қажет болған жағдайда дауыстарды қайта санау үшін барлық учаскелердегі бейнелер мұрағатталып, Орталық сайлау комиссиясындағы серверде сақталуы керек.

● Сайлау жүйесін реформалау шеңберінде жаңа саяси партияларды тіркеу кезіндегі талапты 10 мың мүшеге дейін жеңілдету, сондай-ақ партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендету қажет деп санаймыз.

III. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ОФШОРДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты күш – шенеуніктердің қоғам алдындағы есептілігі.

● Жемқор шенеуніктерге шартты түрде мерзімінен ерте босатуға заң жүзінде тыйым салудан басқа, жазасын өтегеннен кейін де сыбайлас жемқорлыққа қарсы адамдар үшін шетелге шығу және шетелдік меншікті басқару құқығын шектеуді ұсынамыз. Атап айтқанда, шетелге шығуға 10 жылға тыйым салу. Бұл шара оларды жасырын ақшамен қашып кетпей, капиталды Қазақстанға қайтаруға мәжбүр етеді. Олар өз еліне инвестиция салып, отанында өмір сүрсін.

● Республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында тұруға тыйым салу сияқты сотталған жемқорларды жазалау түрлерін енгізу. Шағын қалаларға, аудан орталықтары мен ауылдарға барып, онда үйлер салсын, жергілікті бизнеске инвестиция салсын және өмір сүру сапасын арттырылсын. Олардың көбінің жинақтары бар және қаржыны басқаруды жақсы біледі. Сондықтан өңірлерді дамыту үшін өз капиталдары мен дағдыларын жұмсасын.

● Ашық емес шарттарда шетелде тауарлар мен жабдықтарды сатып алу түрінде мемлекеттік қаражатты ұрлау мен шығарудың жолын кесу үшін мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алулары бойынша келісімшарттарды орындаушыларға шетелдік офшорлық юрисдикцияларда тіркелген кәсіпорындармен мәмілелер жасауға тыйым салу қажет. “Ақ жол” демократиялық партиясының депутаттары бірнеше рет осындай фактілерді ашты. Мысалы, ІІМ жүйесі офшорлық компания арқылы жабдық сатып алған кездегі оқиыға. Содан кейін фракцияның өтініші бойынша бірнеше миллион долларлық қаржылық бұзушылықтар анықталды.

● Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды құралы биліктің ашықтығы және оның қоғам алдындағы есептілігі болып табылады. Баспасөз қызметі өкілдерінің ауызын жабуға болмайды, “Ақ жол” демократиялық партиясы журналистерді әшкерелеуші жарияланымдары үшін қудалаудан қорғайды. Біз жала жабу туралы мақаланы толығымен қылмыссыздандырып қана қоймай, оны әкімшілік кодекстен шығарып, азаматтық құқықтық қатынастар саласына көшіру қажет деп санаймыз.

 ● Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір басымды бағыты – офшорлық аймақтардағы шенеуніктердің халықтан алған миллиардттаған қаражатты ел игілігіне қайтару болып табылады. Бұл жұмысты іс жүзінде асыруды аяғына дейін жеткізу керек, сондай-ақ отандық сыбайлас жемқорлардың басқа елдердегі жасырулы капиталын әшкерелеуді көздейтін барлық елдермен екі жақты топтарды құруға қол жеткізу керек деп санаймыз.

Сыбайлас жемқорлардың «аяғының астында жер өртеніп жатуы» керек және олар қашқанда тығылатын тесік табылмайтын жағдайға жеткізілуі керек.

● «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, басқа да мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының офшорлардағы банктік шоттарына қатысты банк құпиясының жойылуын талап ету жұмыстарын жалғастыруда.

● Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз заңнамаға сыбайлас жемқорлықтың маңызды белгілерінің бірі ретінде «шығу тегі түсініксіз байлық» ұғымын енгізуді ұсынамыз.

Офшорлық аймақтарда мүлкі мен ақшасы бар шенеуніктерді олардың байлығының шығу тегін түсіндіруді міндеттеу керек. Түсініктемелер болмаған жағдайда Қазақстан бұл ақшаны тәркілеуі тиіс немесе «түсініксіз байлық» ұғымы қолданыла бастаған жерде орын алуына қарай оны басқа мемлекеттер тәркілеуі тиіс.

● Судьяларды халықтың өзі сайлауды енгізу қажет. Судьяның адалдығы мен беделіне кепілдік берілуі керек, қылмыс “серкелермен”, қылмыстық немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары үшін сотталған адаммен кез-келген байланысы болған судья не құқық қорғау органдары қызметкері дереу лауазымынан босатылуы керек.

IV. ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК

Қазақстанның басты проблемасы және оның мемлекеттілігінің басты қатері – байлар мен кедейлер арасындағы өсіп келе жатқан әлеуметтік алшақтық.

Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін:

● Ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін 7-8%-дан аспайтын етіп шектеу керек.

● Адамдар мен олардың балаларын коллекторлардан қорғау үшін – «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы керек, онда кедейлікке ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы қамтамасыз етілу тиіс.

● Халық жинақтарын ұқыпты ұстау үшін БЖЗҚ және Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету керек. Бұл қорлардың  қаражаттары, олардың  қызметкерлерінің  жалақылары мен  шығындары  ашық талқыланып, Парламентте  мақұлдануы  керек.

● БЖЗҚ салымшыларына салымдарға кепілдік берудің мемлекеттік жүйесі көлемінің шегінде өз қаражатының орналастырылуын, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерде орналастырылуын дербес басқаруға рұқсат беруді ұсынамыз.

Мұндай депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктердің көлемін ұлғайту жағын да қайта қараған жөн.

Сонда азаматтардың зейнетақы жинақтары неғұрлым жоғары кіріске ие болады, ал банктер экономиканы несиелеуге қосымша қаржы ресурстарына қол жеткізеді.

Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қаржаттарын да нақты салымшылармен ұштастыру керек. Қорда әрбір азаматқа оның төлемдері есепке алынатын оның жеке шоты бекітілу тиіс, онда салымшының өзінің келісімі бойынша оның немесе жақындарының емделуі үшін ақша төленуі мүмкін.

Егер клиент сапасыз емделген жағдайда немесе қанағаттанарлықсыз қарым-қатынас жасалған жағдайларда салымшының мұндай қызметтерге ақы төлеуден бас тартуға құқығы болуы керек. Сонымен қатар, Қордың өзі салымшылардың алатын медициналық қызметтерінің сапасын бақылауға және емделушілердің шағымдары бойынша тұрақты жұмыс жүргізуге (қажетті шаралар қабылдауға) міндетті.

Сонда ғана қызметкерлер өз міндеттеріне мұқият қарайды, ал білікті медицина қызметкерлері өздерінің қиын еңбегіне лайықты еңбекақы алатын болады.

● Ауылдан қалаға көшіп келетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктер өндіріс салаларына, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымдардың үй-жайлары бар шағын әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салу қажет.

Мұндай баспана қарапайым және арзан болуы керек, сонда ғана жастар қалада бейімделіп, білім алып, жұмыс істеп, өздеріне ыңғайлы жағдай жасайды.

● Жас отбасыларын ынталандыру және бала туу өсімін арттыру үшін, «Ақ жол» демократиялық партиясы 2013 жылдан бастап жас отбасылар үшін ипотекалық несиелер бойынша әрбір бала тұғанда 25%-тік субсидиялауды ұсынып келеді. Сонда екінші бала туғанда мемлекет ипотеканың жартысын, ал 4-ші бала өмірге келгенде – түгелін өзі жабуға тиіс болады.

Бүгінде үкіметтік бағдарламалар көпбалалы отбасыларға арналған. Бірақ ешқандай отбасы бірден көпбалалы отбасы болмайды. Жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуіне кезең-кезеңмен ынталандыру керек.

● Әлеуметтік қорғау ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы және әлеуметтік жәрдемақылар айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) емес, ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелуі тиіс, ол толыққанды тамақтануға, киім-кешекке, коммуналдық шығыстарға қажетті шығындарды қамтитын тұтыну корзинасының нақты құнымен айқындалуы тиіс. Еуропа елдерінде тұтыну кәрзеңкесі мәдени ойын-сауық шығындарын да қамтиды, өйткені ол тұрмыс сапасына ықпал етеді.

* Қалаларда тұрғын үйге кезек туралы ақпарат ашық әрі қолжетімді болуы керек. Сондықтан әркім өзінің пәтер кезегінің алға жылжуын қадағалап, алаяқтықты анықтай алады. Әзірге пәтерлерді әкімдіктердің шенеуніктері мен олардың туыстары жалға беріп, пайда тауып, бірнеше пәтерлерді алды деген дабылдар ғана түсіп жатыр. Ал мүгедектер, жетімдер мен көп балалы аналар мен отбасылар өздерінің армандаған баспаналарын ондаған жылдар бойы күтуде.

Осыған байланысты, әкімдіктердің берген әлеуметтік тұрғын үйлерін тексеруді ұсынамыз. Егер бұл әлеуметтік тұрғын үйлер басқа адамдарға қайта сатылса немесе жалға берілсе – мұндай пәтерлер алынып, жылдар бойы өз кезегін күтіп тұрған мұқтаж отбасыларына қайта бөлінуі керек.

* Балалардың дарынды болуя олардың тұрғылықты жеріне немесе ата-аналарының кәсібіне байланысты емес. Бірақ қалалық дарынды балалар үшін арнайы мектептерде сапалы білім алудың түрлі мүмкіндіктері қарастырылған, ал ауыл оқушыларында мұндай мүмкіндіктер өте аз.

Сондықтан ауылдық жерлерден дарынды балаларға арналған оқу орындарының желісін құру қажет.

•          Пандемия кезіндегі оқиғалар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықсыздығы мен мүшкіл жағдайын ашық көрсетті. Педагогтардың мәртебесі туралы қабылдаған заң секілді, «Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің мәтебесі туралы» арнайы Заң қабылдап, олардың адами, материалды және де кәсіпқой жағдайын қорғап, тәуекелді төлемдерін бекіту қажет.

Жалпы алғанда, талантты жастардың елден кетуін тоқтататын жүйелі бағдарлама қажет. Жыл сайын мыңдаған талантты жас жігіттер мен қыздардың Қазақстаннан кетіп, қайта оралмауы біздің ұлттық қасіретіміз.

Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, елде өсу мүмкіндіктері басқа кез келген шетелге қарағанда әлдеқайда тартымды болуы керек.

V. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

Кәсіпкерлікті қолдау экономикалық әлеуетті дамытудың құралы ретінде ғана емес, ең алдымен жұмыссыздық мәселесін шешудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және қазақстандықтарды табыс көздерімен қамтамасыз етудің басты құралы ретіндегі маңызы зор.

Біз келесідей инвестициялық ынталандыруларды енгізу өте қажет деп санаймыз:

● экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін және тұрақты (3-5 жылдан астам) жұмыс істегеннен кейінгі 50%-ды қайтару.

инвестициялық келісімшарттарда, МЖӘ жобаларында преференциялар беру, АЭА аумағында өндірістерді іске асыру бойынша мемлекеттің міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті заңнамалық бекіту.

● Еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды 10 жылға салықтың барлық түрлерінен толық босату. Олардың экономикаға қосатын үлесі – жаңа технологиялар, жұмыс орындары және білікті кадрларды даярлау.

Біздің АЭА бос және қажетті нәтиже бермейді, өйткені берілген жеңілдіктер жұмыс істемейді және көптеген басқа елдердегі осындай шаралардан артта қалады.

Негізінде, инвесторларға шенеуніктердің ойдан шығарған емес, бизнестің өзі сұраған преференциялар ұсыну керек. Мемлекет, бизнестің шартты міндеттемелерге сай кез-келген преференцияларын қарастыруға ашық болуы қажет.

Пандемия кезінде президент пен үкімет бизнесті қолдау жөніндегі кешенді іс-шаралар қабылдады, бұл мақсаттарға бюджеттен қомақты қаражаттар бөлінді. Олардың көпшілігі ең алдымен салық саласында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ҚҚС-ын 12%-дан 8%-ға дейін төмендету, салық төлемдерін кейінге қалдыру, еңбекақы қорына салықтарды алып тастау және тағы басқа да осындай маңызды шаралар зор рөл атқарды, шын мәніне келгенде кәсіпкерлерді сақтап қалуға және мыңдаған кәсіпкерлерді күйреуден құтқарды.

Бірақ жасалынған барлық шаралар бірдей нәтижелі болып жатқан жоқ.    

«Ақ жол» демократиялық партиясы пандемиямен байланысты ахуалдың теріс экономикалық салдарын жою мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынды:

Салықтық рақымшылық жасауды, шағын және орта бизнесті қосымша құн салығынан (ҚҚС), корпоративтік табыс салығынан (КТС) және мүлік салығын төлеуден ШОБ төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін босатуды;

Шағын кәсіпкерлік пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толығымен босатуды ұсынды. Біз осы адамдарға алғыс айтуымыз керек, өйткені олар ауылдық жерлерде жұмыс істейтіні, мемлекеттің мойнына отырмай және өз отбасыларын өздері асырайтындары үшін қолдауға тиістіміз.

• ҚР Ұлттық банкінің базалық пайыздық мөлшерін екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) несиесі бойынша пайыздық мөлшерін жылдық 4-5%-дан аспайтын тиімді сыйақы мөлшері деңгейіне дейін төмендету мәселесін қайта көтеру қажет. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын қаражат бойынша Ұлттық банк ноталарының мөлшерін де осылай төмендету керек. Сонда ғана банктер бос қаражатын экономиканы несиелеуге жұмсауға мәжбүр болады.

Девальвация мен инфляциядан ең жақсы қорғаныс тәсілі – тұтыну тауарларын өндіретін отандық кәсіпорындарды дамыту. Ұлттық банк ЕДБ несиесінің биік мөлшерін инфляцины ауыздықтау үшін ұстаймын деуі – керісінше өндірісті тежеп тұр, импортқа дем береді және экономикадағы инфляцияны қамшылайды.

•          Бизнестің сұрауы бойынша ЕДБ-тарды қазіргі барлық несиені бұрынғы қарыз жүгінсіз төмендетілген жаңа 6%-дық мөлшермен қайта қаржыландыруға міндеттеу керек.

“Даму” қорының субсидиялау шегінің ұлғаюына байланысты ЕДБ бұрын субсидияланған кредиттер бойынша да мөлшерлемелерді қайта қаржыландыру үшін комиссия төлеуді талап етуде деген хабарламалар келіп түсуде.

• Ұлттық банк пен Қаржы нарығы агенттігіне ЕДБ-мен бірге бұндай қайта қаржыландырудың құқықтық реттеуін қарастыру керек. Шағын бизнес қайта қаржыландыруды сұраса, банктердің одан бас тартуына тыйым салу керек. Әзірше, кәсіпкерлердің айтуынша, бұл мәселе түгелімен банктердің қолында екен, сол себептен, президенттің анық тапсырмасы мен осы мақсатқа бөлінген қыруар қаражатқа қарамастан, банктер проценттік ставкасын төмендетпей отыр және де кәсіпкерлер банктегі парақорлықпен жиі кездесуде.

“Ақ жол” демократиялық партиясының пайымдауынша, егер кәсіпкер осындай қолдау үшін өтініш білдірсе, онда банктер оны беруге міндетті, оның үстіне Президенттің тиісті тапсырмасы мен мемлекет бөлген қаражат бар.

•          2025 жылға дейін ШОБ-қа деректер мен электрондық шот-фактураларды міндетті түрде тапсырумен кассалық бақылау аппараттарын енгізу кейінге қалдырылсын.

•          ШОБ-тың айналымы қалпына келгенше ЕТҚ-ны салықтан босатуды, бизнестің босатылған қаражатының кемінде 50%-ын қызметкерлерге жалақы төлеуге міндеттелсін.

•          ШОБ-ты қолдау шараларын ЖШС түріндегі орта бизнеске қолдану. Бүгінгі кезде бұл шаралар (мысалы, КТС нөлдік мөлшері) жеке кәсіпкерге ғана қолданылады.

• Отандық өндірушілерді қолдау және олардың монополистер көрсететін қызметтерге жұмсайтын шығындарын азайту мақсатында кәсіпкерлердің өздерінің таңдауы бойынша электр энергиясын тұтыну үшін түнгі тарифтерді қолдану тәжірибесін жаңғырту, іске қосу. Бүгінде түнгі тарифттерден бас тарту тиісті шығындарды 15%-ға арттырды.

● Жалпы алғанда, монополистер (ең алдымен энергетика және темір жол көлігі салаларында) мен олардың әкімдіктер жанындағы басқарушы құрылымдары тарифтерінің негізділігіне толық ауқымды тексеру жүргізу керек, артық төленген қаражатты негізсіз жоғары тарифтер бойынша қайта есептеу мен қайтарылуы жүргізілуі тиіс.

COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде зардап шеккен, бірақ жұмысын қайта бастаған шағын және орта бизнеске тікелей қаржылық қолдау шараларын енгізу мәселесін қарастыру ұсынылады. Тек банктер, ставкаларды субсидиялау, салықты кейінге қалдыру арқылы емес, сондай-ақ, жалақы қорының жартысын өтеу, жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдер және т.б. жүргізілуі керек.

Мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасындағы тоғышарлық делдалдық құрылымдарды жоюдың экономикалық және саяси қажеттілігі пісіп-жетілді. «Бәйтерек» қоры, «ҚазАгро», Қазақстан инвестициялық қоры (ҚИҚ) сияқты барлық даму институттары және т.б. бизнесті қолдау үшін құрылған даму институттары мемлекеттен бөлінетін қаражаттар мен ресурстарды өздеріне шоғырландырып, оларды сыбайлас жемқорлық тетіктерімен жиі байланыстағы меншікті сүзгі арқылы бөле отырып, іс жүзінде «жіңішке мойын» болып табылады. Бизнеске көмекке бөлінген миллиардтық қаражаттар саналы түрде игерілмейді, жылдар бойы ЕДБ депозиттерінде жинақталады, ал түскен пайыздар менеджерлер арасында өзара бөлінеді.

Даму институттарының игерілмеген қаражатын бюджетке қайтару керек, кем дегенде олардың депозиттеріндегі барлық инвестициялық кірісті бюджетке қайтарылуы тиіс. Қаражаттың игерілмегенін, инвестициялық белсенділіктің төмендігін және жасалған инвестициялардың тиімділігінің төмендігін ескере отырып, олардың жалақысы жеткілікті деңгейде қалдырылуы керек.

● Табиғи монополиялармен және ерекше мемлекеттік мүдделермен тікелей байланыстағы ұлттық компаниялар ғана жұмыс істеуі керек. Мұндай компаниялардың барлық еншілес фирмаларын жекешелендіру арқылы бәсекелестік ортаға түсірілуі керек.

Жергілікті жерлердегі бизнес үшін жер телімдерін, кең таралған пайдалы кен қазба орындарын және т.б. өзінің тікелей ықпалына шоғырландырған өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметі елеулі проблемалар тудырды. Бұл ресурстарға бизнес енді жобаларға үлес қосу арқылы ғана қол жеткізе алады. Бұл ӘКК-ні қорқытып алушылықтың заңды нысанына айналды. Бұл ретте, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ӘКК азық-түлік нарығындағы тұрақтандыру қорларының рөлін де атқара алмайды. Азық-түлік тауарларына инфляция деңгейі туралы 4% деңгейіндегі есептерге қарамастан, іс жүзінде тіпті отандық өнімдерге, мысалы, ұнға бағалар 25-30% – ға дейін өсті. Бұл Ұлттық Банктің “инфляцияны тежеу” туралы мәлімдемесін де, ӘКК рөлін де жоққа шығарады.

Мұндай ӘКК-ларды олардың ресурстарын еркін айналымға бере отырып тарату керек.

● Өз өндірісінің тұтыну тауарларының жетіспеушілігі мәселесі шиеленісе түсті. Бұл жағдай біздің ішкі нарығымыздың импортқа тәуелділігін, валюта бағамының ауыр ауытқуын және инфляциялық тәуекелдерін туғызды.

Төтенше жағдай аясында ҚР Президенті бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесін енгізу туралы ерікті шешім қабылдады. Дегенмен қолданыстағы Салық кодексінде мұндай мөлшерлемелер қарастырылмаған болатын. ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін ЭЫДҰ және Еуроодақ елдері басым секторларда, ең алдымен азық-түлік, киім-кешек, балалар тауарлары, тұрғын үй құрылысы, халыққа қызмет көрсету сияқты әлеуметтік өнімдерді қолдау үшін кеңінен қолданады. Бұл салықтардың ынталандырушы рөл атқаруына мүмкіндік беретін экономикалық саясаттың маңызды құралы болып табылады.

«Ақ жол» демократиялық партиясы парламентте алғашқы күннен бастап аталған мұндай тетіктерді отандық тәжірибеге енгізу туралы ұсыныстар енгізіп келеді, біз жиырмадан астам сауалдар мен заңдарға ұсыныстарды жолдадық. Бірақ үкімет салық қызметтері үшін қиындықтар туғызатыны туралы сілтеме жасай отырып, мұндай ұсыныстарды қатаң түрде тоқтату үстінде.

Өзінің шешімімен Президент бірқатар әлеуметтік тауарларға ҚҚС мөлшерлемесін 12%- тен 8% – ға дейін төмендете отырып, қолданыстағы Салық кодексінен тыс қадам жасады және мұндай шара Төтенше жағдай режимі кезінде мүмкін болды. Бұл тәсілді заңға бекітуде өте маңызды, біз 2020 жылғы 15 сәуірде Үкіметке кезекті сауал жолдап, Салық кодексіне түзетулер енгізу арқылы жасауға тырыстық. Алайда мемлекеттік органдардың жауабы өзгеріссіз қалды:

«ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесін қолдану салық есебін қиындатуға алып келеді… ауыртпалығы төмен тетіктіктерді қолдану ұсынылады» деумен шектелді.

Салықтар шенеуніктер үшін емес, бизнес үшін ыңғайлы болуы керек екенін Еуропада жақсы түсінгенмен, бірақ біздің елде дәлелдеу мүмкін емес.

«Ақ жол» демократиялық партиясы әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен бизнестің басым салалары үшін қосымша құн салығының төмендетілген мөлшерлемелерін 0-6% деңгейінде енгізуді талап ететін болады.

● Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларын және дайын өнімдер өндірісін дамыту мақсатында отандық тауар өндірушілер үшін әкелінетін шикізатқа, материалдарға, жабдықтар мен жинақтауыштарға кедендік әкелу баждарын барынша төмендету ұсынылады.

Отандық машина жасау кәсіпорындары ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар негізгі өндірушілермен ынтымақтастық шеңберінде пайдаланатын жабдықтар мен мұнай-газ және тау-кен құрал жабдықтарын өндіруді игеру үшін мұндай өнімді белгілі бір кезеңге ішкі нарықта қосымша құн салығынан босату керек.

Әйтпесе қазақ жабдықтарын сатып алудан гөрі шетелдік жабдықтарды алып келген әлдеқайда арзан болады.

● Бәсекелестік қабілеті жоқ бизнесті қайткен күнде де босқа қолдау үшін импортты алмастыру көзсіз мақсат болмауы керек. Отандық өнім Қазақстанның ғана емес, халықаралық нарықтың да ең қатаң талаптарына лайық болуға тиіс. Осы мақсатта елдегі техникалық реттеу саясатын түбегейлі қайта қараған дұрыс.

* Экономикалық кемшіліктер толығымен қылмыссыздандырылуы керек. Экономикалық саладағы заң бұзушылықтар экономикалық әдістермен, ең алдымен қатаң айыппұлдармен жазалануы керек.

Кәсіпкерлерді қамауға алуға, бопсалауға және бизнесті жоюға апарып соғатын қылмыстық қудалауды тоқтату қажет. Егер тергеу қажет болса, қамауға алуды кепілдікпен ауыстыру керек.

● «Эпидемиологиялық бақылау» деген желеумен әр түрлі түсініксіз топтардың бизнесіне негізсіз және жалпы қысым жасауды тоқтату. Бұл «бақылау» уәкілетті органдардың үнсіз келісімімен жаппай бопсалау мен бопсалаудың түріне айналды. Кәсіпкерлікті тексеру тәртібі Кәсіпкерлік кодексінде нақты көрсетілген.

Кодексте көрсетілгендей, мұндай тексеріс өкілетті мекеменің, яғни санитарлық эпидемиологиялық бекеттің (СЭБ) басшылығымен жүргізіліп, сол күннің ішінде міндеттітүрде прокуратурада тіркелуге тиіс.

Алайда жергілікті кәсіпкерлердің хабарлауынша, тексеруді әкімдік пен полиция қызметкерлері жүргізіп, ал СЭБ солар жазған хаттама негізінде тек айыппұл жазып береді. Оған қоса мониторигі топтар шенеуніктердің туыстарына жататын кафе-мейрамханаларды жиі тексермейтінін хабарлайды. Тексерушіге «шайпұл» бермегендерге ғана айыппұл төлетеді.

Нәтижесінде бұл іс-шаралар тұрғындарды ауру жұқтырудан қорғамайды, онсыз да карантиннен жапа шеккен бизнесті керісінше тағы да бопсалаудың басқа түріне айналды.

Прокуратура мекемелері сыртынан ғана бақылап отырмай, кәсіпкерлерді осындай «бопсалаушылардан» қорғауға міндетті. Соған байланысты «Ақ жол» демпартиясының депутаттары үкімет пен прокуратураға мониторингі топтарының іс-әрекетін реттеу талабымен сауал жолдады.

● Корпоративтік нарықтың басым бөлігі келетін ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуі тиіс. Шетелдік шикізат алыптары қазақстандық өндірушілерге немқұрайлы қарайды. Олар жыл сайын 8 триллионнан астам теңге сомаға өнімді шетке шығарады, бірақ оның көп бөлігі Қазақстанда бар немесе өндірілуі мүмкін.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттегі депутаттар фракциясы ШОБ үлесінде өндіруші өңірлердің жалпы елдік (28,5%) 2 есе артта қалуы (10-15%), өндірістік алыптар бар жерлерде жергілікті бизнес орташа көрсеткіштерден озуға тиіс деген жергілікті мемлекеттік органдардың наразылығын бірнеше рет білдірді. Дамыған елдерде жер қойнауын пайдаланушылар салық төлеуден басқа, жергілікті басшы кадрларды өсіруге, жергілікті бизнеспен бірлескен сервистік компаниялар құруға, өндірілетін шикізатты қайта өңдеуді жолға қоюға және т.б. міндеттенеді. Біздің өндіруші өңірлерімізде ШОБ ел бойынша орташа көрсеткіштерден озуы керек шикізат алыптарына неғұрлым көп ақша түссе, соғұрлым олар жергілікті серіктестерге төлеуге қалуы керек. Егер мұндай болмаса, онда барлық пайда елден шығарылады. Бірақ орны қайтып толмайтын табиғи байлығымызды сатудан түсетін салыққа қоса Қазақстан жаңа технология, жаңа кәсіпорын және жаңа мамандар да алуы керек.

Шетелдік инвесторларды қазақстандық кадрларды өсіруге, отандық өнімдер мен жабдықтарды сатып алуға, қажет болған кезде ауыстырылатын тораптар мен бөлшектерді игеруден бастап, бірлескен кәсіпорындарды құруды заңнамалық түрде міндеттеу керек.

Шетелдік жұмыскерлерді тарту айрықша сипатқа ие болып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҰКП және Кәсіподақтар федерациясы деңгейінде жекелеп қаралуы тиіс.

VI. САЛИҚАЛЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ

Көптеген халықаралық процестердің аясында, оның ішінде пандемия індеті, ірі көрші мемлекеттердің, ең алдымен Ресей, Қытай, Түркияның саяси және экономикалық рөлі өсуде.

Беларусь пен Қырғызстандағы оқиғалар, Таулы Қарабақтағы соғыс сияқты факторлардың пайда болуы – республикамыздың сыртқы саясатының ерекше маңыздылығын тағы да көрсетті.

«Ақ жол» демократиялық партиясы халықаралық қатынаста, интеграциялық бірлестіктерде ең алдымен, еліміздің ұлттық мүдделерін қорғауға, сондай-ақ көп векторлы саясатына сүйенуі тиіс деп санайды.

Осы тұрғыда бірде-бір бірлестік, оның ішінде Еуразиялық одағын қоса алғанда, Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығына қауіп төндірмеу тиіс. Біз мемлекетіміздің саяси дербестігін шектейтін «ұлттық деңгейден жоғары тұратын парламент» құруға, және өзге де осындай идеяларға қарсымыз. Интеграциялық бастамаларға қатысудың жалғыз мақсаты – өзара сауда-экономикалық тиімділік пен әлемдегі үздік тәжірибиеге қосылу.

Сонымен қатар, көршілердегі оқиғалармен санасып, қорғаныс қабілетінің жоғары деңгейін ұстап тұру, Қарулы Күштерді ең заманауи техникалық жабдықтармен және ұлт қауіпсіздігі мен жер тұтастығына кез келген қауіп-қатерге қарсы тұратын «гибридті» құралдарымен жарақталуы қажет.