04
Желтоқсан

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» ҚДП партиялық тізімін тіркеді

4 желтоқсан 2021 жыл, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста өзге мәселелермен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеуді қарастырды.

ОСК-да «Ақ жол» ҚДП кандидаттарының Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы хаттама қаралды.

Сонымен қатар, ОСК «Ақ жол» ҚДП партиялық тізімін тіркеу туралы хаттаманы қарастырды. Құжаттарды қарап, партиялық тізім туралы ақпаратты ұсынғаннан кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшелері оны бекітуге бірауыздан шешім қабылдады.

«Ақ жол» ҚДП алдағы сайлауға 38 кандидат ұсынады, оның ішінде 14 кандидат – әйелдер мен 29 жасқа дейінгі партия өкілдері.

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.