Jarǵy

» Partııa » Jarǵy

«Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2002 жылғы 12 қазанда II Съезінде БЕКІТІЛГЕН

2005 жылғы 13 наурызында V Съезінде ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ:

2011 жылғы 9 қарашасында IX Съезінде ЖАҢА РЕДАКЦИЯДА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ:

2016 жылғы 3 ақпанында VIII Съезінде ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ:

«Қазақстанның «Ақ жол»
Демократиялық партиясы» қоғамдық
бiрлестiгiнің ЖАРҒЫСЫ

I. Жалпы ережелер.

1. «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi (бұдан әрі – Партия) Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық ұйымдар туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен осы Жарғыға сәйкес құрылған және өз қызметiн жүзеге асыратын саяси Партия болып табылады.
2. Партия мемлекеттiк билiктiн, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарына азаматтардың, әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн ұсыну және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатындағы саяси ерiк-жiгерiн бiлдiретiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi болып табылады.
3. Партия өз қызметiн мына қағидалар негiзiнде жүзеге асырады:
- ерiктiлiк;
- оның мүшелерiнiң тең құқықтылығы;
- есеп беру;
- жариялылық пен заңдылық;
- өзiн-өзi басқару;
- бiрлiк;
- қабылданатын шешімдердің алқалылық келісімділігі;
- партиялық тәртіп және Партияның жоғары басқару органдарының шешiмдерiн орындау мiндеттiлiгi;
- Партия органдарының сайланбалылығы, олардың Партия мүшелерi мен Партияның жоғары органдары алдында есеп берiп отыруы;
- бiртұтас идеологиялық, ұйымдастырушылық және қаржылық саясат.
4.Партияның толық аты: мемлекеттiк тiлде – «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi; орыс тiлiнде – Общественное объединение «Демократическая партия Казахстана «Ак жол». Партияның қысқаша аты: мемлекеттiк тiлде – «Ақ жол» ҚДП; орыс тiлiнде – ДПК «Ак жол».
5. Партия шексiз мерзiм бойы жұмыс жасау үшiн құрылған.
6. Партия оқшауланған мүлкi, өзiндiк балансы бар, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие, мiндеттемелерiне жауап беретiн, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңды тұлға болып табылады.
7. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, оның жеке қаржылары мен мүлiктерi есебiнен өндiрiп алу жөнiнде шешiм қабылданған жағдайда, партия өз міндеттемелері бойынша өзіндік қаржыларымен және мүлiктерiмен жауап бере алады. Партия мүшелерi Партияның мiндеттемелерi бойынша өздерiне жауапкершiлiк жүктемейдi. Партия өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.
8. Партияның өз қызметiн жүзеге асыру үшін өз атауы көрсетiлген мөрi мен мөртабаны, жеке фирмалық бланктерi, отандық банктер мен мекемелерде банктiк операциялар жүргiзетiн есептiк және басқа да есепшоттары болады. Партия өзінің атрибутикасын (значоктар, медалдар, вымпелдер, жалаулар және т.б.) белгілеуге және шығаруға құқылы. Партияның өз символикасы бар (Қосымша № 1).
9. Партияның Орталық аппаратының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, поштаталық индекс 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сарайшық к-сі, 11 үй, №5 офис .

II. Партияның негiзгi мақсаты мен мiндетi.

10. Партияның негiзгi мақсаты – тәуелсiз, гүлденген, демократиялық және азат Қазақстан, әрбiр азаматтың лайықты өмiр сүруi.
11. Партияның негiзгi мiндетi – орын алып отырған әлеуметтiк, саяси және экономикалық мәселелерді, қарапайым қазақстандықтардың өмірін қарышты қадамдармен жақсартуды сындарлы жолмен шешуге нақты iс-қимыл арқылы ықпал ету.

III. Партия қызметiнiң нысаны.

12. Партияның қызмет нысаны мыналар:
1) қоғамның саяси өмiрiне қатысу;
2) Партияның бағдарламалық мақсаты мен мiндетiн орындауды барлық заңды жолдармен қамтамасыз ету;
3) Партияның мақсаттары мен мiндеттерiн тұрғындар арасында тарату және түсiндiру;
4) заң шығару қызметiне қатысу;
5) мемлекеттiк билiк пен жергiлiктi басқару органдарында және өзге де ұйымдарда азаматтардың өкiлдiгiне ие бола отырып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
6) құрылымдық бөлiмшелерге және бастауыш партия ұйымдарына әдiстемелiк, ұйымдық және өзге де көмек көрсету және олардың қызметтерiн ұйымдастыру;
7) қайырымдылық қызметiн жасау;
8) Партияның жарғылық пен бағдарламалық мақсаттарына және қызмет нысанына қайшы келмейтiн конференцияларды, семинарларды және дөңгелек үстелдердi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер мен тосқауылдарға тұруды ұйымдастыру және өткiзу, сондай-ақ мәдени-ағарту iс-шараларын ұйымдастыру және өткiзу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру;
10) Партияның жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыруға сәйкес келетiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қызметтердi жүзеге асыру.

IV. Партия құқықтары мен мiндеттерi.

13. Партия өзінің Жарғысы мен Бағдарламасы айқындаған мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен жүзеге асыру үшін мынадай құқықтарға ие:
1) өзiнiң қызметi жайлы ақпарат тарату және мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттау;
2) ерiктi түрде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгу;
3) Қазақстан Республикасының Президентiгiне, Республика Парламентi Мәжiлiсi мен мәслихаттары депутаттығына; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттығына кандидаттар ұсыну;
4) өзiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құру;
5) жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер, тосқауылдар өткiзу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалар шеңберiнде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
7) халықаралық байланыстар орнату және нығайту, тиісті келісімдер жасау, діни бағытты есепке алмағанда, халықаралық коммерсиялық емес, үкіметтік емес бірлестіктерге ұжымдық мүше болу.
14. Партия:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының талаптарын сақтауға;
2) әрбiр азаматтың өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен және ақпараттар көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
3) Партияның Орталық аппаратының мекен-жайы мен Партияның басшылары жайлы мәлiметтердегi өзгерiстер туралы заңды тұлғаларды мемлекеттiк бiрегей тiркелімге енгізілген мәлiметтер көлемiнде тіркеуші органды хабарлап отыруға;
4) өзiнiң қаржылық қызметi жайлы салық органдарына Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгiленген мерзімде және көлемде есеп берiп отыруға міндетті.

V. Партияға мүшелiкке өтудiң және шығудың шарты, тәртiбi, партия мүшелерiн есепке алу, олардың құқықтары мен мiндеттерi.


15. Членом Партии может быть гражданин Республики Казахстан, достигший восемнадцатилетнего возраста, за исключением военнослужащих, работников органов национальной безопасности, правоохранительных органов и судей.
16. Членство иностранцев, лиц без гражданства, а также коллективное членство в Партии не допускаются.
17. Членство в Партии является добровольным, индивидуальным и фиксированным.
18. Прием в Партию осуществляется на основании письменного заявления вступающего, подаваемого:
1) через первичную партийную организацию в Совет филиала (представительства) Партии;
2) непосредственно в Совет филиала (представительства) Партии;
3) в Президиум Центрального совета Партии.
19. Решение о приеме в члены Партии принимается:
1) по заявлениям, подаваемым через первичную партийную организацию в Совет филиала (представительства) Партии или непосредственно в Совет филиала (представительства) Партии - Советом филиала (представительства);
2) по заявлениям, подаваемым в Президиум Центрального совета Партии - Президиумом Центрального совета Партии.
20. Учет членов Партии осуществляется Советом филиала (представительства) Партии или Президиумом Центрального совета Партии путем регистрации подаваемых заявлений в Совет филиала (представительства) Партии или в Президиуме Центрального совета Партии с последующим формированием и ведением базы данных членов Партии.
Формирование и ведение базы данных членов Партии, а также документов, удостоверяющих членство в Партии, осуществляется в соответствии с Положением о формировании, ведении базы данных и выдаче документов, удостоверяющих членство в Партии, утверждаемых Президиумом Центрального совета Партии.
21. Члены Партии платят членские взносы. При выходе члена Партии из ее состава взносы, произведенные им до прекращения членства в Партии, не возвращаются.
22. Партия мүшелiгi мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) партия мүшесiнiң өз бастамасы бойынша – партия мүшелiгiнен шығуы туралы бастауыш партия ұйымы арқылы Партияның тиiстi филиалының Кеңесі немесе өкiлдiгiне немесе тiкелей Партияның тиiстi филиалының Кеңесіне немесе өкiлдiгiне, не партияның Орталық кеңесiнiң Президиумына берген өтiнiшi және осындай өтініші бойынша оны партиядан шығару жөнiндегi тиiстi филиалдың Кеңесі немесе өкiлдiгі немесе партияның Орталық кеңесінің Президиумының шешiмi негiзiнде;
2) Партияның бастауыш ұйымының, филиалының (өкілдігінің) бастамасы бойынша - партияның бағдарламалық құжаттары мен Жарғысындағы ережелердi орындамағаны, сондай-ақ партияны жаманатқа қалдыратын және оған зияны тиетiн әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ қайтыс болуына немесе партия мүшесiнiң басқа партияға кiруiне байланысты партия мүшелiгiнен шығару жөнiндегi тиiстi филиалдың Кеңесінің немесе өкiлдiктiң немесе олардың тиісті партия Конференцияларының (жалпы жиналыстарының), не Партияның Орталық кеңесінің, оның Президиумның шешiмi негiзiнде.
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған өзге де жағдайларда.
23. Партия мүшесiнiң жеке iсiн қараған Кеңес мәжiлiсiне немесе Конференциясына қатысқан тиiстi филиалдың Кеңесінің немесе өкiлдiктiң мүшелерiнiң немесе Конференция делегаттарының 2/3-сi «партиядан шығарылсын» деп дауыс берген жағдайда, не партия мүшесінің жеке ісін қараған Партияның Орталық кеңесінің Президиумының мәжілісіне немесе Партияның Орталық кеңесінің мәжілісіне қатысқан Партия Орталық кеңесінің Президиумы мүшелерінің немесе Партия Орталық кеңесі мүшелерінің 2/3 бөлігінен кем емес мүшелері оның партиядан шығарылуына дауыс берсе, партиядан шығару туралы шешiм заңды деп есептелiнедi.
Партиядан шығару туралы шешiммен келiспеген жағдайда, бiр ай мерзiм iшiнде партияның Орталық кеңесiнiң Президиумына немесе партияның Орталық кеңесіне шағымдануға болады.
24. Партия мүшесiнiң құқықтары:
- Партияның басқару және бақылау-тексеру органдарын сайлау және оларға сайлану;
- Партияның сайланбалы органдарының жұмысына қатысу және олардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау;
- Партия қызметi және оның басқару органы туралы мәлiметтер алу;
- барлық деңгейдегi сайланбалы органдарға Партияның атынан кандидат ретiнде ұсынылу;
- Партия жұмысына қатысу жолдарын өзi таңдау;
- Партиядан шығу мәселесiн өзi шешу;
- Партия қатарына алу және одан шығу жайлы өтiнiшiн қарайтын Партияның тиiстi филиалының Кеңесіне немесе өкiлдiгiнің мәжiлiсiне қатысу;
- Партияның бүкіл бағдарламалары мен акцияларына қатысу;
- Партия қызметiне материалдық қолдау көрсету.
25. Партия мүшесiнiң мiндеттерi:
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында, басқа да бағдарламалық құжаттарындағы мақсаттар мен мiндеттерiне ортақтасу;
- Партияның қызметiне жеке басының қатысуы;
- Партия мүшелігін басқа партияларға да мүше болумен ұштастырмау;
- Партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын бұзбау;
- Партиялық тәртіпті бұзбай ұстану;
- Партияның бағдарламалық мақсаттарын түсiндiру және оларды қорғау;
- Партия органдарының шешiмдерiн орындау;
- Партияның жарғылық мақсаттары мен мiндеттерін орындауға қол жеткiзуiне септiгiн тигiзу және ықпал ету;
- Партия қатарына жаңа мүшелер тарту жөнiнде жұмыс жүргiзу;
- Партияның абыройы мен қызметiне нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттерге бармау.

VI. Саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiн құру тәртiбi.


26. Партия Қазақстан Республикасының заңнамаларында қаралған тәртiппен құрылады, тiркеледi (қайта тiркеледi), қайта құрылады және таратылады.
27. Партия өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында атқарады. Партияның құрылымдық бөлiмшелері (филиалдар, өкілдіктер) Партия съезінде шешім қабылдау арқылы
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртiппен және Партияны мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн, заңнамаларда белгiленген мерзiмде есептiк тiркеуге тұрған соң құрылады.
Құрылымдық бөлiмшелер (филиалдар, өкілдіктер) өз қызметін есепті тіркеу орыны бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегінде жүзеге асырады.

VII. Партияның ұйымдық құрылымы.


28. Партияның ұйымдық құрылымы аумақтық принциптер негiзiнде құрылады.
29. Партияның орталық басқарушы органдары болып Съезд, Партияның Орталық кеңесі және оның Президиумы, Партия Төрағасы және Бақылау-тексеру комиссиясы табылады.
Аймақтық және жергілікті деңгейде Партияның құрылымдық бөлімшелері - Партияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары (өкілдіктері) болады.
30. Партия филиалдары (өкілдіктері) Партия съезінің шешiмiн қабылдау жолымен құрылады және Партия мемлекеттiк тiркеуге алынғаннан кейiн, заңнамаларда белгiленген тәртіп пен мерзiмде есептiк тiркеуден өтедi.
Партияның өкілдіктері аудандар мен облыстық бағыныстағы қалаларда тиісті облыстың Партия филиалының конференциясының оларды құру жөніндегі шешімінің негізінде құрылады.
31. Филиалдар (өкiлдiктер) Партия берген құқықтармен және мүліктерді пайдалану құқығына ие бола алады. Олар дербес заңды тұлға болып табылмайды, Партияның орталық басшылығына бағынады және есеп береді, Партияның Орталық кеңесінің Президиумы бекiткен Ережелер негiзiнде әрекет етедi, және өз қызметiнде Партияның Жарғысы мен Бағдарламасын және Партияның орталық органдарының шешiмдерiн басшылыққа алады.
32. Партия филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) басқару органдары Партияның жоғары басшы және басқарушы органдарының шешiмдерiн жүзеге асыру барысында Партияның стратегиялық бағытын ұстана отырып және Партияның ресми ұстанымына және құжаттарына қайшы келмей, алдарына қойылған мiндеттердi орындауға қол жеткiзу жолдарын дербес айқындай алады.
Партияның Орталық органдарымен кездесуі мүмкін келіспеушіліктерді Партия филиалдарының (өкілдікктерінің) басқарушы органдары Партияның беделі мен мүдделеріне нұқсан келтірмей тікелей ішкіпартиялық пікірсайыстар жолымен шешуге міндетті.
Партия ішіндегі дауларды басқаша, Партия мүдделері мен беделіне нұқсан келтіретіндей шешу әдістеріне жол берілмейді, Партия Жарғысына сәйкес емес деп танылады және Партиядан шығаруға дейін әкеліп соғатын партиялық жауапкершілік шараларын қолдануға мәжбүрлейді.
33. Партия мүшелерi ерiктi түрде бастауыш партия ұйымдарына бiрiгуге құқылы, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларға қайшы келмесе.
Бастауыш партия ұйымдары Партияның құрылымдық бөлiмшелерi болып саналмайды және заңды тұлға бола алмайды.

VIII. Партияның Орталық Органдары.

34. Партияның Жоғары органы Партия съезі болып табылады.
34.1. Съезд кем дегенде төрт жылда бір рет және Партияның Орталық кеңесінің шешімімен немесе Партия филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) кем дегенде жартысының талаптары бойынша қажеттілікке қарай шақырылады.
Партияның іс-әрекетінде кейінге қалдыруға болмайтын мәселелер бойынша кезектен тыс съезд ұйымдастырылған жағдайда Партияның Орталық кеңесінің Президиумының шешімімен Партия Съезін шақыруға жол беріледі.
34.2. Партия Съезінің шешімдері оның жұмысына сайланған делегаттардың жартысынан астамы қатысса өкілетті және егер осы Жарғымен немесе Съездің өз шешімімен өзгешелік болмаса жәй көпшілік дауыспен қабылданады.
34.3. Партияның Съезiне өкілдіктер нормасын және делегаттар сайлау тәртiбiн Партияның Орталық кеңесі және (немесе) Партияның Орталық кеңесінің Президиумы анықтайды. Егер партия съезіне делегаттар сайлайтын тиісті конференциялардың мәжілістері объективті себептерге байланысты партияның қандай да бір филиалында (өкілдігінде) өтпей қалған болса, онда Партия съезі оның мәжілісінде қатысып отырған тиісті аймақтардың өкілдерін өзінің шешімімен съезд делегаттары құзырында бекітуге құқылы, бірақ облыстардың жалпы санының 1/4 бөлігінен аспаған жағдайда.
34.4. Партияны ерiктi түрде қайта құру және тарату туралы партия съезiнiң шешiмi партияның барлық филиалдарының (өкілдіктерінің) өкiлдері қатысқан жағдайда съезд делегаттарының 2/3-нің дауысымен қабылданады.
34.5. Дауыс беру түрi Съездің тиiстi мәжiлiсінде анықталады.
34.6. Партия Съезiнiң шешiмдерi түпкілікті және Партияның барлық мүшелері мен органдарының орындауы үшін міндетті болып саналады.
Мәселелер Партия ішіндегі пікірсайыс аясынан шығып кетіп, ҚР заңнамаларына қайшы келіп жатса, оған Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шағым беруге болады.
34.7. Партия Съезі Партия қызметінің барлық мәселелерін шешуге құқылы.
34.8. Партия Съезiнiң айрықша құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасын қабылдау және оларға толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу;
- Партияның Орталық кеңесiн, Партияның Төрағасын және Партияның бақылау-тексеру комиссиясын сайлау, сондай-ақ олардың есептерiн тыңдау және бекiту;
- Партия мүшелерiн Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидат ретiнде ұсыну, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тiркеу үшiн ұсынылатын депутаттыққа кандидаттардың партиялық тiзiмiн бекiту;
- Партияның басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ Партияның филиалдарын (өкiлдiктерiн) құруы немесе олардың қызметiне қатысуы жөнiнде заңнамалық актілерде белгіленген шеңберде шешiм қабылдау;
- Партияны ерiктi түрде қайта құру мен тарату туралы шешiмдi қабылдау;
- Партияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнің) қызметiн, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы, сондай-ақ, басқа заңды тұлғалардың құрамындағы партияның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдау;
-Партия бюджетін бекіту;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай, Партияның басқа да маңызды мәселелерiн шешу.
34.9. Съезд кейбiр өкiлеттіктерiн Съездің арнайы шешімін қабылдау жолымен Партияның Орталық кеңесiне, Орталық кеңес Президиумына немесе Партия Төрағасына беруге құқылы.
35. Партияның Орталық кеңесі Партияның басқарушы органы болып табылады.
35.1. Партияның Орталық кеңесі Партия Съезіменсайланады. Партияның Орталық кеңесінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Партияның Орталық кеңесі шешуші дауыс құқығына ие 35 мүшеден тұрады.
Орталық кеңеске шешуші дауыс беру құқығына ие мүшелердің санынан аспайтын көлемде кеңесші дауыс беру құқығы бар қосымша мүшелер сайлауға рұқсат беріледі.
Қажеттілік туған жағдайда Партия Съезінің Партияның Орталық кеңесінің дербес құрамына қайта сайлау өткізуге құқығы бар.
35.2. Партияның Орталық кеңесіне Партия съезінің мәжілістерінің аралығындағы кезеңде шығып кеткендердің орнына өз мүшелерінің 1/4 бөлігіне дейін дербес кооптация жасауға құқық беріледі.
35.3. Партияның Орталық кеңесі бір жылда бір реттен кем емес мерзімде Партияның Орталық кеңесінің Президиумының, Партия Төрағасының шешімімен немесе қажеттілікке қарай Партияның Орталық кеңесінің 1/3-нен аз емес мүшелерінің талап етуімен шақырылады.
35.4. Партияның Орталық кеңесінің мәжілістері мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқанда өкілетті. Шешім жәй көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс беру формасы тікелей Орталық кеңес отырыстарында анықталады, сонымен бірге Орталық кеңестің сырттай мәжілістерін өткізу үшін дауыс берудің сауал салу түріне мүмкіндік беріледі.
35.5. Партияның Орталық кеңесiнiң құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның Съезiн шақыру, Партияның Съезiне өкiлдiктер нормасын анықтау және делегаттар сайлау тәртiбiн анықтау;
- Партия Съезі шешiмдерiн жүзеге асырудың мониторингі, Партия органдарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Партияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнің) қызметiн, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыныс жасау;
- Партияның Орталық кеңес Президиумы мүшелерiнiң мiндеттерiн бөлiп беру;
- Партия Төрағасының орынбасарларын сайлау;
- ҚР «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңының 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлауына Партияның партиялық тізіміне енген кандидаттардың ішінен депутаттық мандаттарын бөлу кезектілігін бекіту.
- Партияның филиалдарының (өкiлдiктерінің) конференцияларымен (жалпы жиналыстарымен) ұсынылатын маслихат депутаттарының және басқа да мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайланбалы лауазымдарына кандидатураларды келісу тәртібін анықтау;
- Партияның Орталық кеңес Президиумының, Партия Төрағасы орынбасарларының, Партия филиалдарының (өкiлдiктерiнің) төрағаларының есептерiн тыңдау;
- Партияның төменгі тұрған органдарының даулы шешімдерін қарау және шешім қабылдау;
- Партия Съезі мен Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құзырына кiрмейтiн, Партия қызметiнің басқа да мәселелерін қарау және шешу;
- Партия Съезi берген өкiлеттiктер;
35.6. Партияның Орталық кеңесi өз құзыретiне жататын кейбiр өкiлеттіктерін Партияның Орталық кеңесінің тиісті шешімін қабылдау арқылы Партияның Орталық кеңесінің Президиумына беруге құқылы.
36. Партияның Орталық кеңесiнiң мәжiлiстерi аралығында оның өкілеттігі Партияның Орталық кеңесiнiң Президиумына жүктеледі.
36.1. Партияның Орталық кеңесiнiң Президиумы үш айда бір реттен кем емес мерзімде Партия Төрағасының, немесе қажеттілікке қарай, Президиум мүшелерінің 1/3 –нің бастамасымен шақырылады.
36.2. Партияның Орталық кеңесі Төралқасының өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Партияның Орталық кеңесі Төралқасының құрамына лауазымдарына қарай Партия Төрағасы, оның орынбасарлары, Партияның Орталық кеңесінің хатшылары, Партияның Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы, партиялық комиссияның төрағасы кіреді.
36.3. Партияның Орталық кеңесінің Президиумы Орталық кеңес мәжілістерінің аралығындағы мерзімде шығып кеткендердің орнына мүшелерінің ¼-іне дейін дербес кооптация жасауға құқылы.
36.4. Партияның Орталық кеңесінің Президиумының мәжілістері мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқанда өкілетті. Шешім жәй көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс беру формасы тікелей Орталық кеңес Президиумының отырыстарында анықталады, сонымен бірге Орталық кеңестің Президиумының сырттай мәжілістерін өткізу үшін дауыс берудің сауал салу түріне мүмкіндік беріледі.
36.5. Партияның Орталық кеңесінің Президиумының құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның кезектен тыс съезін шақыру, Партияның кезектен тыс съезінің өкілдік нормасын және делегаттар сайлаудың тәртібін анықтау;
- Партия Съезiнiң және Партияның Орталық кеңесiнiң шешiмдерiн жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу;
- Партияның Орталық кеңесіне Партия органдарының жұмысын жақсарту, Партияның Съездерiн және Орталық кеңестің мәжілістерін шақыру жөнінде ұсыныс енгiзу;
- Партияның филиалдары (өкiлдiктері) жөнiндегi Ереженi, Партияның бастауыш ұйымдары туралы Ереженi, Партияның мәлiмет базасын қалыптастыру, жүргiзу, партияға мүшелiктi куәландыратын құжаттарды беру туралы Ереженi, Партияның консультациялық-кеңесші органдары туралы Ережелерді, сондай ақ Партияның фракциялары туралы Ережелерді бекіту;
- Партия филиалдарының (өкiлдiктерінің) конференцияларының (жалпы жиналыстарының) Төрағаларын сайлау жөніндегі шешімдерін бекіту;
- Партия филиалдарының (өкiлдiктерiнің) төрағаларының, сондай-ақ, Партияның баспасөз органдары редакторларының есептерін және ұсыныстарын тыңдау;
- Партияға қабылдау және шығару туралы Партия мүшелерінiң өтiнiштерiн қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
- Партия мүшелерiнiң партия органдарының даулы шешімдері бойынша шағымдарын қарау;
- Партияның баспасөз органдарының редакторларын бекiту;
- Партия органдарының Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына қайшы келетiн шешiмдерiн (Партия съезiнiң, Партияның Орталық кеңесінің және Партия Төрағасының шешiмдерiнен басқа), Партияның Орталық кеңесi қарағанша тоқтата тұру;
- Партияның Орталық кеңесi берген өкiлеттiктер;
- Партия Съезiнiң, Партияның Орталық кеңесiнің, Партия Төрағасының және Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құзыреттерiне кiрмейтiн Партия қызметінің басқа да мәселелерін қарау және шешу.
36.6 Партияның Орталық кеңесінің Президиумы өзінің құзіретіндегі жекелеген өкілеттіктерді Партияның Орталық кеңесінің Президиумының тиісті шешімін қабылдау арқылы Партия Төрағасына беруге құқылы.
37. Партияның Орталық атқарушы органы Партия Төрағасы болып табылады.
37.1. Партия Төрағасы Партия съезімен төрт жыл мерзімге сайланады. Қажеттілік болған жағдайда, Партияның Орталық кеңесінің бастамасымен Партия Төрағасын мерзімінен бұрын сайлауға жол беріледі (импичмент).
37.2. Партияның Төрағасы өз іс-әрекеттері мен шешімдерінде Партия Съезіне бағынады және есеп береді. Партияның, оның қатардағы мүшелерінің өзекті мақсаттары мен мүдделерін, Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Жарғыны басшылыққа алады.
37.3. Партия Төрағасы Партияны ағымдағы басқаруды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Партия Төрағасы:
- Партияның орталық, аймақтық және жергілікті органдарының жұмысын ұйымдастырады, олардың біртұтас ұйымдық құрылым ретіндегі үйлестірілуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
- Партия Съезiнiң, Партияның Орталық кеңесiнiң және Партия Орталық кеңесінің Президиумының қаулылары мен хаттамаларына, өз құзiретi шеңберiндегi басқа да құжаттарға қол қояды;
- мемлекеттiк билiк органдарында, барлық өзге органдар мен ұйымдарда, халықаралық қарым-қатынастарда Партияның атынан өкiлдiк ете алады;
- Лауазымы бойынша Партияның Орталық кеңесінің және Партияның Орталық кеңесінің Президиумының мүшесі болып табылады, Партияның Орталық кеңесiне және Партияның Орталық кеңесінің Президиумының жұмысына басшылық жасайды, оның мәжілістерін шақырып, төрағалық етедi;
- Партияның Съезінің, Орталық кеңесінің және Орталық кеңес Президиумының қарауына оларда қаралатын мәселелер бойынша шешімдер мен құжаттардың жобаларын ұсынады.
- Партияның Орталық кеңесінің қарауына Партия Төрағасы орынбасарларының кандидатураларын ұсынады және олардың міндеттерін бөліп береді;
- Партия филиалдарының ( өкілдіктерінің) жетекшілерінің сайлануын бекітеді және оларға берілетін Бас сенім хаттарға қол қояды, есептерін тыңдайды;
- Партияның Орталық кеңесінің Президиумының бекітуіне Партияның баспасөз органдарының редакторларының кандидатураларын ұсынады;
- Партия қызметін тиісті қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, Партияның штаттық қызметкерлерінің еңбек құқының сақталуын ұйымдастыру үшін жеке жауапкершілік алады;
- Партияның материалдық жауапкершілік алатын тұлғасы, Партия мүлкі мен қаржысының бірыңғай өкімдік етушісі болып табылады, олардың өз орнына пайдаланылуын басқаруды, ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асырады;
- Партияның оралымды қызметін қамтамасыз ету үшін Партияның Орталық аппаратын құрады, оның штаттық қызметкерлерін, сондай-ақ Партия филиалдарының (өкілдіктерінің) аппараттарының штаттық қызметкерлерін ҚР еңбек заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес тағайындайды және шығарады.
- Партияның кез келген мүшелерінің және органдарының Партия жұмысын жақсартуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын қарайды;
- Партия Съезінің, Орталық кеңесінің және Орталық кеңес Президиумының қарауына Партия жұмысын жақсартуға және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Жарғыға қайшы келмейтiн басқа да қызметтердi атқарады.
- Партия Төрағасы өзінің құзырындағы жекелеген өкілеттіктерін Партия Төрағасының тиісті шешімін қабылдау арқылы Партия Төрағасының орынбасарларына не Партияның Орталық аппаратына беруге құқылы.
37.4. Партия Төрағасының орынбасарлары: - Партия Төрағасы орынбасарларының арасындағы міндеттерін бөлісу бойынша анықталған функцияларды атқарады; - Партия Төрағасымен келісім бойынша Партияны мемлекеттік билік органдарында, басқа да органдар мен ұжымдарда, сондай-ақ халықаралық қатынастарда өкілдік ете алады; - Қазақстан Республикасы заңнамаларына және осы Жарғыға қарама-қайшы келмейтін Партия Төрағасы берген өкілеттік аясындағы басқа да функцияларды атқарады.38. Партияның Бақылау-тексеру комиссиясы Партиялық қаржылық бақылаудың бірыңғай органы болып табылады.38.1. Партияның Бақылау-тексеру комиссиясы Партия съезінде осы комиссияның Төрағасын сайлаумен қатар төрт жыл мерзімге сайланады. Қажеттілік болған жағдайда, Партияның Орталық кеңесінің, Орталық кеңес Президиумының не Партия Төрағасының бастамасы бойынша Бақылау-тексеру комиссиясының және оның Төрағасын мерзімінен бұрын сайлауға жол беріледі.38.2. Партияның Бақылау-тексеру комиссиясы Съездер аралығында мерзімде шығып кеткендердің орнына мүшелерінің ¼-не кооптация жасауға құқылы;38.3. Партияның Бақылау-тексеру комиссиясының отырысы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кем дегенде бір рет шақырылады;38.4. Партияның Бақылау-тексеру комиссиясының отырысы Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда өкілетті. 38.5. Партияның Бақылау-тексеру комиссиясының құзіретіне Партияның және Партия филиалдарының (өкілдіктерінің) басқарушы органдарының, Партияның Орталық аппараты мен баспа органдарының қаржылық және шаруашылық қызметiн бақылау жатқызылады; 38.6. Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Партия Жарғысын, сондай-ақ бақылау-тексеру туралы Ереженi басшылыққа алады.38.7. Партияның Бақылау-тексеру комиссиясы Партияның Съезiне есеп бередi.38.8. Партияның Бақылау-тексеру комиссиясы қажет болған жағдайда өз жұмысына тәуелсiз сарапшыларды тарта алады.

IX. Партия филиалдары және өкілдіктері.

39. Партия филиалының (өкілдігінің) жоғары органы конференция (жалпы жиналыс) болып табылады.
39.1. Партия филиалының (өкiлдiгiнің) конференциясы (жалпы жиналысы) Партия филиалының (өкiлдiгiның) Кеңесiнiң, оның Төрағасының немесе жергілікті бастауыш партия ұйымдарының 1/3-нің бастамасымен не Партияның Орталық басшылығының талап етуі бойынша қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде екі жылда бiр рет шақырылады.
39.2. Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының) шешімдері оның жұмысына сайланған делегаттардың жартысынан астамы қатысқанда өкілетті және дауыс жәй көпшілікпен қабылданады.
39.3. Партия филиалы (өкілдігі) конференциясына (жалпы жиналысына) делегаттар сайлаудың тәртібін Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі белгілейді.
39.4. Дауыс беру түрі тиісті конференцияда (жалпы жиналысында) анықталады.
39.5. Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының) шешімдері Партияның аталмыш Филиалының (өкілдігінің) барлық мүшелеріне орындалуы үшін міндетті болып табылады.
39.6. Егер Партия филиалдардың (өкілдіктерінің) конференцияларының (жалпы жиналыстарының) қабылдаған шешiмдерi Партияның және оның орталық басшылығының жалпы саясатына қайшы келетін болса, не Партияның мүдделері мен беделіне нұқсан келтірсе, осы Жарғыда қарастырылған тәртіппен Партияның орталық органдары шешімді тоқтата алады не күшін жоя алады.
39.7. Партия филиалының (өкiлдiгiнің) конференциясының (жалпы жиналысының) құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның орталық органдарының құзыретiне жатқызылғандарынан басқа, Партия филиалының (өкiлдiгiнiң) қызметiне байланысты мәселелердi шешу;
- Қазiргi заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттығына, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атқарушы органдарына кандидаттар ұсыну жөнiнде Партияның Орталық органдарына ұсыныстар түсiру;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес партияның Орталық кеңесi анықтаған тәртіппен келiсе отырып, мәслихат депутаттарының және өзге де мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайланбалы лауазымдарына кандидатураларын ұсыну;
- Партияның тиiстi филиалдары (өкiлдiктерiнiң) Кеңестерiн сайлау, оларға конференциялар (жалпы жиналыстар) аралығындағы кезеңде өз құрамдарына жалпы санының 1/3-нен асырмай жаңа мүшелер енгізу үшін кооптация құқығын беру;
- Партия филиалның (өкілдіктерінің) Төрағаларын сайлау, олардың есептерін тыңдау;
- Аталмыш аумақтарда Партия атынан өз құзіретінің шегінде шешімдер, мәлімдемелер қабылдау және өзге де іс-әрекеттер жасау.
39.8. Филиалдің (өкілдіктің) конференциясы (жалпы жиналысы) жекелеген өкілеттіктерін арнайы шешім қабылдай отырып, Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесіне не Төрағасына бере алады.
39.9. Партия филиалдарының (өкілдіктерінің) конференцияларының шешімдерін өздерінің өкілеттіктерінің аясында Партия Төрағасы тоқтата тұра алады және Партияның Орталық кеңесінің Президиумының және (немесе) Партияның Орталық кеңесі күшін жоя алады.
40. Конференциялар аралығында Партия филиалының (өкілдігінің) қызметін Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі жүзеге асырады.
40.1. Партияның филиалының (өкiлдiгiнің) Кеңесiнің отырысы Партия филиалы (өкілдігі) Төрағасының шешімімен, немесе Партия филиалының (өкiлдiгiнің) Кеңесi мүшелерінің 1/3-нің бастамасымен, не Партияның орталық басшылығының талап етуімен қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде алты айда бір рет шақырылады.
40.2. Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің отырыстары мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда өкілетті.
40.3. Партияның тиiстi филиалының (өкiлдiгiнiң) Кеңесiнiң құзыретiне мыналар жатады:
- Партия филиалының (өкiлдiгiнің) конференциясын (жалпы жиналысын) шақыру;
- Партия Съездерiнiң, Партияның басшы органдарының, сондай-ақ Партия филиалының/өкiлдiгiнің тиісті конференциясының (жалпы жиналысының) шешiмдерiн іске асырудың мониторингін жүргізу;
- Партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) Төрағасының есептерін тыңдау;
- Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясына (жалпы жиналысына) партия жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Партияның Жарғысы мен Партия филиалы (өкілдігі) туралы Ережеге қайшы келмейтiн басқа да өкiлеттіктер.
41. Партия филиалының (өкілдігінің) атқарушы органы Партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) Төрағасы болып табылады.
41.1. Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағасы филиалдың (өкілдіктің) конференциясымен (жалпы жиналысымен) екі жыл мерзімге сайланады. Қажеттілік болған жағдайда, Партия филиалының (өкілдігінің), осы филиалдың (өкілдіктің) бастауыш ұйымдарының 1/3-нің бастамасымен не Партияның орталық басшылығының шешімі бойынша Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағасын мерзімінен бұрын сайлауға жол беріледі.
41.2. Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағасы өз іс-әрекеттері мен шешімдерінде Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясына (жалпы жиналысына) және Партияның орталық басшылығына бағынып есеп береді. Партияның, оның қатардағы мүшелерінің өзекті мақсаттары мен мүдделерін, Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Жарғыны және Партия филиалы (өкілдігі) туралы Ережені басшылыққа алады.
41.3. Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағасы Партияның филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналыс) осы төрағаны сайлау туралы Хаттамасын бекіткен Партияның Орталық кеңес Президиумының шешімі бойынша Партия Төрағасы қол қойған Бас сенім хат негізінде Партия филиалының (өкілдігінің) ағымдағы басқаруын жүзеге асырады.
Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағасы:
- Партияның аймақтық және жергілікті органдарының жұмысын ұйымдастырады, олардың біртұтас ұйымдық құрылым ретіндегі үйлестірілуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
- Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының), Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің қаулылары мен хаттамаларына, сондай-ақ өз құзiретi шеңберiнде Партия филиалы (өкілдігі) атынан өзге де құжаттарға қол қояды;
- жергілікті деңгейде мемлекеттiк билiк органдарында, барлық өзге органдар мен ұйымдарда Партия филиалының (өкiлдiгiнің) атынан өкiлдiк ете алады;
- Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің жұмысын басқарады, оның мәжілістерін шақырады және төрағалық етедi;
- Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының) және Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің қарауына оларда қаралатын мәселелер бойынша шешімдер мен құжаттардың жобаларын ұсынады;
- Партияның орталық басшылығының қарауына Партия филиалының (өкілдігінің) штат кестесі және аппараттың жеке құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді, оның жұмысын ұйымдастырады;
- сеніп тапсырылған Партия филиалының (өкілдігінің) қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуі, Партия филиалының (өкілдігінің) штаттық қызметкерлерінің еңбек құқының сақталуы үшін жеке жауапкершілік алады;
- тиісті Партия филиалының (өкілдігінің) материалдық жауапкершілік алатын тұлғасы, сеніп тапсырылған мүлік пен қаржының бірыңғай өкімдік етушісі болып табылады, олардың өз орнына пайдаланылуын басқаруды, ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асырады;
- Партияның кез келген мүшелерінің және органдарының өзіне сеніп тапсырылған Партия филиалының (өкілдіктің) жұмысын жақсартуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын қарайды;
- Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының) және Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің, сондай-ақ Партияның орталық басшылығының қарауына Партия жұмысын жақсартуға және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына, осы Жарғыға және Партия филиалы (өкілдігі) туралы Ережеге қайшы келмейтiн өзге де қызметтердi атқарады.
41.4. Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағасы өзінің құзырындағы жекелеген өкілеттіктерін Партия филиалы (өкілдігі) Төрағасының тиісті шешім қабылдауы арқылы тағайындалған орынбасарына не Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің нақты мүшелеріне беруге құқылы.
42. Партия филиалының (өкілдігінің) қызмет ету тәртібі, сондай-ақ олардың Партияның орталық басшылығымен өзара іс-қимылы Партияның Орталық кеңесінің Президиумы бекіткен Партия филиалының (өкілдігінің) Ережесімен анықталады.
43. Сондай-ақ Партияның орталық және аймақтық органдарындаың жанынан Партияның Орталық кеңесінің Президиумы бекітіп, тиісті Ережелер негізінде жұмыс істейтін, атқарушылық не өкілдік өкілеттіліктерге ие емес, консультациялық-Кеңесші органдар құруға болады.

X. Партиядан кандидаттарды (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну, олардың сайланбалы органдар құрамындағы қызметі және оларды қайта шақырып алу немесе орындарына басқа адамдарды ұсыну тәртiбi.

44. Депутаттыққа және өзге де мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына Партия атынан кандидаттар (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну тәртiбi, олардың сайланбалы органдардың құрамындағы қызметі және өзара іс-қимылы, сондай-ақ оларды қайта шақырып алу немесе орындарына басқа адамдарды ұсыну негiздерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталады.

XI. Партияның қаржысы мен мүлкi.

45. Партияның қаржысы мыналардан құралады:

1) кіру және мүшелiк жарналардан;
2) Республикасы азаматтары мен мемлекеттiк емес ұйымдардың заңдық тәртіппен белгіленіп, жүзеге асырылатын демеушілік және қайырымдылық көмектерінен;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген бюджеттік түсімдерден;
3) кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстардан.
46. Партияның жеке меншiгiнде Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында қарастырылған қызметiн материалдық қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған объектiлерден басқа өз қаржысына құрылатын ұйымдар болады.
47. Партияның мүліктерінің, соның ішінде құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң) мүлiктерiнің меншік иесі тұтастай алғанда Партия болып табылады. Партияның бірде-бір органы немесе құрылымдық бөлімшесі Партияның мүліктері немесе қаржысынан бөлек оқшау мүліктерге немесе қаржыларға ие бола алмайды.
48. Партия мүшелерi төлеген мүшелік жарналарын қоса алғанда, партия мүлкiне қатысты құқықтарға иелігі жоқ.
49. Партияның мүлiктерi тек Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында қарастырылған мақсаттарды жүзеге асыру және мiндеттердi шешу үшiн пайдаланылады.
50. Партияның ақшалары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тiркелген банктердiң есепшоттарына салынады.
51. Партия өзiнiң қаржысын қайырымдылық мақсаттарға жұмсай алады.

XII. Партияның қаржылық-шаруашылық қызметі.

52. Қаржылық және материалдық-техникалық базасын дамыту мақсатында, заңнамалық тәртіппен белгіленген жарғылық қызметiн жүзеге асыру үшiн Партия мыналарға құқылы:

- жарғылық мақсаттарға қол жеткiзетiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
- шаруашылық қызмет жүргiзуге, шарттар жасасуға, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын шарттарға отыруға, мәмілелер жасауға;
- белгiленген тәртiпке сәйкес ғимараттарын, құрылғыларын, жабдықтарын, көлiктерiн, өзге де мүлкiн жалға алуға, жалға беруге;
- несиелер алуға және несиелiк қаржыларды пайдалануға;
- кез-келген мәмілелер жасауға, шарттарға отыруға, өзiне мiндеттемелер алуға, басқа ұйымдардың сенiмхаттары бойынша әрекет етуге;
- өздерiнiң қызметiн басқа да тұлғалармен, оның iшiнде заңды тұлға құруды да бiрлесiп жүргiзуге;
- мәдени-ағартушылық қызмет жүргiзуге;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға;
- халықаралық ұйымдармен, бұл ұйымдардан Партия қаржылық пайда табуды көздемей, ынтымақтастықты жүзеге асыруға.
53. Партияның табыстары, сондай-ақ Партияның ұйымдардан және азаматтардан алған ақшалай, соның iшiнде валюталық та қаржылары, жылжымайтын мүлiктерi, жабдықтары, мүлiктерi мен басқа да материалдық құндылықтары Партия мүшелерiне бөлiнiп берiлмейдi, сондай-ақ жеке тұлғалар мен адамдардың шектеулi тобының мүдделерi үшiн пайдаланылмайды. Партияның аталған табыстары мен ақшалары тек жарғылық және өзге де қайырымдылық қызметiне, Партияның немесе Партияның қатысуымен іске асырылатын бағдарламалары мен жобаларына пайдаланылады.
54. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң) қаржылық жауапкершiлiгi және Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары, өкiлдiктерiнiң) ақша мен өзге де мүлiктердi басқару саласындағы есеп беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталады.

XIII. Партия Жарғысы және Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi.

55. Партияның Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар тек Партия Съезiнiң шешiмiмен енгiзiледi.
56. Партия Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныс жасауға Партияның кез келген мүшесiнiң құқы бар. Ұсыныс жазбаша түрде рәсімделіп, жан-жақты дәлелденiп, жазған адамның қолы қойылып, Партияның Орталық кеңесінің Президиумына жiберiлуi тиiс.
Партияның Орталық кеңесінің Президиумы бұл ұсыныс келiп түскеннен кейiн бiр ай iшiнде қарауға және қажеттілік болса оны талқылауды ұйымдастыруға мiндеттi.
57. Партия Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсынысты қолдаған жағдайда Партияның Орталық кеңесiнің Президиумы бұл ұсынысты Партияның Орталық кеңесi мен Партия Съезiнiң қарауына бередi.
58. Партия Съезі қабылдаған Партия Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар заңнамаларда белгiленген тәртiп бойынша тiркеуден өткiзiлуi тиiс.

XIV. Партияны қайта құру және қызметiн тоқтату.

59. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң) қызметi ерiктi түрде қайта құру немесе тарату жолымен, сондай-ақ өзге де заңды негiздермен тоқтатылуы мүмкiн.
60. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары, өкiлдiктерi) мынадай жағдайларда таратылуы мүмкiн:
- жоғары басшы органның шешiмiмен;
- аймақтардың жартысынан көбiнен өкiлдiк алған, барлық партия мүшелерiнiң елу бiр проценттен астамының ұсынысы бойынша;
- соттың шешiмiмен.
61. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдарын, өкiлдiктерiн) таратуды Партияның жоғары басшы органы немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаралған тәртiппен сот тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады.
62. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары, өкiлдiктерi) мынадай жағдайларда соттың шешiмiмен таратылуы мүмкiн:
- заңнамалық актiлерде қаралған талаптарды орындамаған жағдайда;
- Партия қызметiн уақытша тоқтата тұруға негiз болған заң бұзушылықтарды сот белгiлеген мерзiмде жоймаса;
- Партияның Жарғысына қайшы келетiн қызметпен жүйелі айналысқан жағдайда;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi тыйым салған қызметпен айналысқанда, не Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiрнеше мәрте (кем дегенде екi рет) немесе өрескел бұзған жағдайда;
- Партияны мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн тапсырылған құжаттарда дәйектемесіз мәлiметтер анықталып, Партияның мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi заңсыз деп танылғанда немесе Партияны мемлекеттiк тiркеудің күші жойылғанда;
- Партия Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспағанда;
- шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырғанда;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қаралған өзге де жағдайларда.
63. Партияның мемлекетпен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен есептесiп болғаннан кейiнгi Партияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің мүлкi мен қаржысы оған қатысушыларға немесе қызметкерлерге бөлiнiп берiлмейдi, сондай-ақ мемлекеттiк, не коммерциялық мекемелердiң табысына айналдырылмайды, ол заң актiлерiнде қаралған жағдайлардан басқа ретте, тарату комиссиясының шешiмiне сай, Партияның жарғылық мақсаттарын іске асыруға жіберіледі.
64. Заңды тұлғаларды бiртұтас мемлекеттiк тiркеу регистрiне Партияның таратылғаны жөнiнде жазылған сәттен бастап тарату аяқталған, ал Партия өз қызметiн тоқтатқан болып есептеледi.

«Ақ жол» ҚДП Төрағасы
А. Перуашев

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық
партиясы» Қоғамдық бірлестігінің
2018 жылғы «13» желтоқсандағы
XIV съезінде бекітілген

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің
2002 жылғы 12 ақпандағы Жарғысына
өзгерістер мен толықтырулар

Астана қ.

2018 жылғы «13» желтоқсан


«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің 2002 жылғы 12 ақпандағы Жарғысына сәйкес (әрі қарай – Жарғы) Жарғыға келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Жарғының 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Партияның Орталық аппаратының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, пошталық индекс 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, №30».

2. Жарғының 34.3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші жаңа абзацтармен толықтырылсын:
«Партия Съезінің отырыстары айрықша жағдайларда бейнеконференция режимінде өткізіле алады. Бұндай жағдайларда, қатысушыларды сәйкестендіру, олардың құзыреттігін және дауыс беру нәтижелерін растау, Партияның орталық кеңесі белгілейтін тәртіпте цифрлық технологияларды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.».

3. Жарғының 35.1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«35.1. Партияның Орталық кеңесі Партия Съезімен сайланады. Партияның Орталық кеңесінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Партияның Орталық кеңесі шешуші дауыс құқығына ие 41 мүшеден тұрады.».

4. Жарғының 36.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«36.3. Партияның Орталық кеңесінің Президиумі Орталық кеңес мәжілістерінің аралығындағы мерзімде шығып кеткендердің орнына мүшелерінің 1/3 бөлігіне дейін дербес кооптация жасауға құқылы.».

5. Жарғының 39.7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«39.7. Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясының (жалпы жиналысының) құзыретіне мыналар жатады:
1) Партияның орталық органдарының құзыретіне жатқызылғандарынан басқа, Партия филиалының (өкілдігінің) қызметіне байланысты мәселелерді шешу;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттығына, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атқарушы органдарына кандидаттар ұсыну жөнінде Партияның Орталық органдарына ұсыныстар енгізу;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының депутаты етіп сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу;
4) мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге сайланбалы лауазымдарға кандидатураларды ұсыну;
5) партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін айқындау;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі аудандар мен облыстық бағыныстағы қалаларда Партия өкілдіктерін құру туралы шешім қабылдау;
7) Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңестерін, оларға конференциялар (жалпы жиналыстар) аралығындағы кезеңде, тиісті органның жалпы санының 1/3 бөлігінен асырмай, өз құрамдарына жаңа мүшелерді кооптациялау құқығын бере отырып, сайлау;
8) Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағаларын сайлау, олардың есептерін тыңдау;
9) аталмыш аумақтарда Партия атынан өз құзыретінің шегінде шешімдер, мәлімдемелер қабылдау және өзге де іс-әрекеттер жасау.
6. Жарғы мынадай мазмұндағы жаңа 39.10-тармағымен толықтырылсын:
«39.10. Партияның Орталық кеңесі немесе Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі мәслихат депутаты етіп сайлау үшін партиялық тізімді тіркегенге дейінгі және одан кейінгі кезеңде аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тізімнен мәслихат депутатына кандидатты алып тастау жөнінде тиісті ұсыныс жасай алады.».
7. Жарғының 40.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«40.3. Партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) Кеңесінің құзыретіне мыналар жатады:
1) Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясын (жалпы жиналысын) шақыру;
2) Партия Съездерінің, Партияның басшы органдарының, сондай-ақ Партия филиалының/өкілдігінің тиісті конференциясының (жалпы жиналысының) шешімдерін іске асырудың мониторингін жүргізу;
3) Партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) Төрағасының есептерін тыңдау;
4) Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясына (жалпы жиналысына) партия жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихаттарына кандидаттардың Партиялық тізіміне енгізілгендердің ішінен депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін бекіту;
6) сайланған мәслихат депутаттарын кері шақырып алу немесе ротациялау;
7) Партияның Жарғысы мен Партия филиалы (өкілдігі) туралы Ережеге қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктер.».
8. Жарғы мынадай мазмұндағы жаңа 40.4-тармағымен толықтырылсын:
«40.4. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 103-бабының 1-тармағына сәйкес, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы бірегей заңды тұлға ретінде саяси партияларға тиесілі.
Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясының (жалпы жиналысының) осы Жарғының 39.7-тармағының 3) – 6) тармақшаларының және 40.3-тармағының 5) тармақшаларының негізінде қабылданған шешімдері Партия Төрағасымен, оның қолымен және Партия мөрімен расталып, міндетті түрде келісуге жатады.
Сайлау комиссияларына жолданатын филиалдардың (өкілдіктердің) Партия Төрағасының қолымен және Партия мөрімен расталмаған жоғарыда аталған шешімдерінің күші жоқ деп саналады.».
9. Жарғының Х бөлімі мынадай мазмұндағы жаңа 44.1 – 44.10 тармақтарымен толықтырылсын:
«44.1. Мәжіліс депутаты мандатының кері қайтарылуы келесі жағдайларда жүзеге асырыла алады:
1) депутаттың басқа өкілді органның лауазымына кірісуі;
2) оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық қызметпен байланыспаған ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруы;
3) кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануы;
4) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруі;
5) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылуы;
6) оның Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі;
7) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі;
8) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
9) «Ақ жол» саяси партиясынан шығуы немесе шығарылуы;
10) «Ақ жол» саяси партиясының қызметінің тоқтатылуы;
11) Партияның Бағдарламалық құжаттары мен Жарғысының баптарын орындамауы немесе Партияның атына кір келтіру не оған нұқсан жасау әрекеттері;
12) «Ақ жол» партиясы және оның Фракциясының қызметі мен іс-шараларына жеке қатысудан жалтару;
13) басқа партиялардағы мүшелігін қоса атқаруы;
14) партиялық тәртіптілікті сақтамауы;
15) Партияның орталық органының шешімдерін орындамауы;
16) Партия мүдделеріне және беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауы;
17) өз еркімен отставкаға беруі;
18) хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда.
44.2. Жарғының 44.1-тармағымен қарастырылған фактілер анықталған жағдайларда, депутаттың мандатын кері қайтару мәселесі, түпкілікті шешім қабылдайтын Партияның Орталық кеңесінің қарауына шығарылады. Депутатты кері қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда, ол Орталық сайлау комиссиясына жолданады.
44.3. Орталық кеңестің шешімінен басқа, депутаттың мандатын кері қайтару (өкілеттігін тоқтату) туралы шешімге Орталық сайлау комиссиясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бастамашы бола алады немесе оны қабылдай алады.
44.4. Мәслихат депутаты мандатының кері қайтарылуы келесі жағдайларда жүзеге асырыла алады:
1) оның заңға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйыспайтын лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы;
2) соттың оны әрекетке қабылетсіз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімі заңды күшіне енуі;
3) мәслихаттың өкілеттіктері тоқтатылуы;
4) ол қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енуі;
5) оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енуі;
7) оның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі;
8) оның отставка туралы жеке өтініш беруі;
9) депутаттың өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен болмауы;
10) оның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалуы;
11) Партияның Бағдарламалық құжаттары мен Жарғысының баптарын орындамауы немесе Партияның атына кір келтіру не оған нұқсан жасау әрекеттері;
12) «Ақ жол» партиясы және оның Фракциясының қызметі мен іс-шараларына жеке қатысудан жалтару;
13) басқа партиялардағы мүшелігін қоса атқаруы;
14) партиялық тәртіптілікті сақтамауы;
15) Партияның орталық органының шешімдерін жүйелі түрде орындамауы;
16) Партия мүдделеріне және беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауы.
44.5. Жарғының 44.4-тармағымен қарастырылған фактілер анықталған жағдайларда, депутаттың мандатын кері қайтару мәселесі, шешім қабылдайтын филиал (өкілдік) Кеңесінің қарауына шығарылады. Бұндай шешім Партия Төрағасымен ресми келісуге жатады.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағадайда, депутат оған Партиялық комиссияға шағымдануға құқылы.
44.6. Айрықша жағдайларда мәслихат депутатының мандатын кері қайтару Партияның Орталық кеңесінің Президиумының шешімімен жүзеге асырыла алады;
44.7. Депутатты кері қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда, ол аумақтық сайлау комиссиясына жолданады.
44.8. Жарғының 44.4-тармағымен қарастырылған негіздерден басқа, өз қызметін мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленетін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының мандаттары келесі жағдайларда кері қайтарыла алады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы;
2) шаруашылық субъекттісін басқаруға дербес қатысуы;
3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуы.
44.9. Мәжіліс депутатының мандатын кері қайтарылуымен байланысты, Партияның Орталық кеңесі өзінің шешімімен туындаған бос лауазымға кандидатураны депутаттыққа кандидат тізімінде тұрған мүшелерінің ішінен бекітуге құқылы.
44.10. Мәслихат депутатының мандатын кері қайтарылуымен байланысты, филиалдың (өкілдіктің) Кеңесі өзінің шешімімен туындаған бос лауазымға кандидатураны депутаттыққа кандидат тізімінде тұрған мүшелерінің ішінен бекітуге құқылы. Бұндай шешім Партия Төрағасымен ресми келісуге жатады

10. Жарғы 44.11. – 44.20 тармақтары бар мынадай мазмұндағы Х-І бөлімімен толықтырылсын:
«X-I. Партиялық наградалар.
44.11. «Ақ жол» партиясы нақты міндеттерді орындауға ерекше сіңірген еңбегі мен жеке үлесі үшін партиялық наградаларды белгілей алады.
44.12. Партиялық наградаларға «Ақ жол» партиясы дербес немесе басқа ұйымдармен бірлесіп маңызды оқиғалардың құрметіне белгілейтін дипломдар, алғыс хаттар, естелік белгілер, кубоктар және медалдар жатады.
44.13. «Ақ жол» партиясының ең жоғарғы дәрежелі наградасы болып «Azattyq» медалы (медаль Свободы) табылады.
44.14. «Azattyq» медалымен:
- ұлттық Тәуелсіздікті бекітуге және Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін дамытуға;
- сөз еркіндігін қоса, азаматтық құқық пен бостандықты қорғауға;
- сыбайлас жемқорлықпен күресуге;
- демократиялық институттарды және парламентаризм принциптерін дамытуға адамдар ерекше жеке үлес қосқаны үшін марапатталады.
44.15. Марапатталуға Партияның лауазымды тұлғалары, штаттық қызметкерлері, басқарушы органдардың мүшелері және сайланбалы тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер жатпайды.
44.16. Медалға ұсыну құқығына «Ақ жол» партиясының аумақтық партия филиалдарының басшылары мен Орталық кеңес мүшелері ие.
44.17. Марапаттау туралы шешімді партияның Орталық кеңесінің Президиумі қабылдайды.
44.18. Марапаттау әдетте жылына бір рет, ресми іс-шараларда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жүзеге асырылады.
44.19. «Azattyq» медалымен марапатталғандардың саны жылына 7 (жеті) адамнан артық бола алмайды.
44.20. «Azattyq» медалының сипаттамасы Жарғыға №3 қосымшада белгіленген.

11. Жарғы мынадай мазмұндағы №3 қосымшамен толықтырылсын:

«Ақ жол» Қазақстанның
демократиялық партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің Жарғысына
№3 қосымша

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігі белгілеген «Azattyq» медалының СИПАТТАМАСЫ

«Azattyq» медалы (әрі қарай – медаль) диаметрі 38 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медалдың бет жағында атпен шауып келе жатқан салт аттының бейнесі орналасқан. Салт аттының оң қолында «Alash» жазуы бар байрақ желбірейді, сол қолының ашық алақаны амандасу қимылын көрсетеді. Салт аттының сол жағында жоғарыда медалдың барлық бет аумағына тарқалатын шуақтарымен күн бейнеленген. Салт аттыдан төмен «Azattyq» ірі жазуы бар, оның астында үзілген шынжыры бар кісен жатыр.
Медалдың сыртқы бетінде «medal of Liberty, Qazaqstan» жазуы және «Ақ жол ҚДП» логотипі бар.
Медаль күміс түсті, байрақ пен «Azattyq» жазуы түсті эмальмен көмкерілген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы екі жағында да жіңішке қою көгілдір жиегі бар сұр түсті лентамен қапталған тағанға жалғанады


Председатель
ДПК «Ак жол»
А. Перуашев

Утверждено
XIV съездом Общественного объединения
«Демократическая партия Казахстана «Ак жол»
«13» декабря 2018 года

Изменения и дополнения
в Устав
Общественного объединения
«Демократическая Партия Казахстана
«Ак жол» от 12 февраля 2002 года

г. Астана

«13» декабря 2018 года


В соответствии с Уставом Общественного объединения «Демократическая Партия Казахстана «Ак жол» от 12 февраля 2002 года (далее – Устав) внести в Устав следующие изменения и дополнения:


1. Пункт 9 Устава изложить в следующей редакции:
«9. Место нахождения Центрального Аппарата Партии: Республика Казахстан, почтовый индекс 010000, г. Астана, Есильский район, пр. Мангилик ел, дом №30».


2. Дополнить пункт 34.3. Устава новыми абзацами третьим и четвертым, следующего содержания:

«Заседания Съезда Партии в исключительных случаях могут проводиться в режиме видеоконференции.

В таких случаях, идентификация участников, подтверждение их полномочий и результаты голосования осуществляется с использованием цифровых технологий, в порядке, определяемом Центральным советом Партии.».


3. Абзац первый пункта 35.1. Устава изложить в следующей редакции:

«35.1. Центральный совет Партии избирается Съездом Партии. Срок полномочий Центрального совета Партии – четыре года. Центральный совет Партии состоит из 41 члена с правом решающего голоса.».


4. Пункт 36.3. Устава изложить в следующей редакции:

«36.3. Президиум Центрального совета Партии в период между заседаниями Центрального совета имеет право самостоятельно кооптировать до 1/3 членов вместо выбывших.».


5. Пункт 39.7. Устава изложить в следующей редакции:

«39.7. К компетенции конференции (общего собрания) филиала (представительства) Партии относятся:

1) решение вопросов деятельности филиала (представительства) Партии, кроме отнесенных к компетенции центральных органов Партии;

2) внесение в центральные органы Партии предложений о выдвижении, в соответствии с действующим законодательством, кандидатов в Президенты Республики Казахстан, в депутаты Парламента Республики Казахстан, в исполнительные органы административно-территориальных единиц;

3) включение в партийный список лиц для избрания депутатом маслихата соответствующей административно-территориальной единицы;

4) выдвижение кандидатур на иные выборные должности в органах государственной власти и органах местного самоуправления;

5) определение порядка размещения лиц в партийном списке;

6) принятие решения о создании представительства Партии в районах и городах областного подчинения в соответствующей административно-территориальной единице;

7) избрание Советов филиала (представительства) Партии с предоставлением им права кооптации в свои составы новых членов в период между конференциями (общими собраниями), но не более 1/3 от общей численности соответствующего органа;

8) избрание Председателей филиала (представительства) Партии, заслушивание их отчетов;

9) принятие, в пределах своей компетенции, решений, заявлений и иных действий от имени Партии на данной территории.;».


6. Дополнить Устав новым пунктом 39.10., следующего содержания:

«39.10. Центральный совет Партии либо Совет филиала (представительства) Партии в период до регистрации партийного списка для избрания депутатом маслихата и после нее может обратиться с соответствующим представлением в территориальную избирательную комиссию об исключении кандидата в депутаты маслихата из партийного списка.».


7. Пункт 40.3. Устава изложить в следующей редакции:

«40.3. К компетенции Совета филиала (представительства) Партии относятся:

1) созыв конференции (общего собрания) филиала (представительства) Партии;

2) мониторинг реализации решений съездов Партии, руководящих органов Партии, а также конференции (общего собрания) филиала (представительства) Партии;

3) заслушивание отчетов Председателя филиала (представительства) Партии;

4) внесение на конференцию (общее собрание) филиала (представительства) Партии предложений по улучшению партийной работы;

5) утверждение очередности распределения депутатских мандатов, из числа включенных в Партийный список кандидатов в маслихаты соответствующих административно-территориальных единиц;

6) отзыв или ротация избранных депутатов маслихата;

7) иные полномочия, не противоречащие настоящему Уставу и Положению о филиале (представительстве) Партии.».


8. Дополнить Устав новым пунктом 40.4., следующего содержания:

«40.4. В соответствии с пунктом 1 статьи 103 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан», право выдвижения кандидатов в депутаты маслихатов принадлежит политической партии, как единому юридическому лицу.

Решения конференции (общего собрания) филиала (представительства) Партии, принятые на основании подпунктов 3) – 6) пункта 39.7 и подпункта 5) пункта 40.3 настоящего Устава, подлежит обязательному согласованию с Председателем Партии, заверенному его подписью и печатью Партии.

Указанные решения филиалов (представительств) направляемые в избирательные комиссии, не заверенные подписью Председателя Партии и печатью Партии, являются недействительными.».


9. Дополнить раздел X Устава новыми пунктами 44.1 – 44.10, следующего содержания:

«44.1. Отзыв мандата депутата Мажилиса может быть осуществлен в случаях:

1) вступление депутата в должность иного представительного органа;

2) занятия иной оплачиваемой должностью, не связанной с депутатской деятельностью, кроме преподавательской, научной или иной творческой деятельностью;

3) занятием предпринимательской деятельностью;

4) вхождения в состав руководящего органа или наблюдательного совета коммерческой организации.

5) признания депутата по вступившему в законную силу решению суда недееспособным;

6) его выезда на постоянное место жительства за пределы Казахстана;

7) вступлении в законную силу в отношении его обвинительного приговора суда;

8) утрате гражданства Республики Казахстан;

9) выходе или исключении его из политической партии «Ак жол»;

10) прекращении деятельности политической партии «Ак жол»;

11) невыполнения положений Программных документов и Устава Партии или за совершение действий, порочащих Партию или наносящих ей вред;

12) уклонения от личного участия в деятельности и мероприятиях партии «Ак жол» и его Фракции;

13) совмещения членства в других партиях;

14) несоблюдение партийной дисциплины;

15) невыполнения решений центрального органа Партии;

16) осуществления действий, наносящих ущерб интересам и репутации Партии;

17) подачи в отставку по собственной инициативе;

18) признания безвестно отсутствующим и в иных случаях, предусмотренных Конституцией и Конституционным законом «О Парламенте и статусе его депутатов».

44.2. В случаях выявления фактов, предусмотренных пунктом 44.1 Устава, вопрос об отзыве мандата депутата выносится на рассмотрение Центрального совета Партии, на котором принимается окончательное решение. При принятии решения об отзыве депутата, оно направляется в Центральную избирательную комиссию.

44.3. Помимо решения Центрального совета, решение об отзыве мандата депутата (прекращение полномочий) может инициироваться или приниматься Центральной избирательной комиссией, в соответствии с действующим законодательством.

44.4. Отзыв мандата депутата маслихата может быть осуществлен в случаях:

1) избрания или назначения его на должность, занятие которой в соответствии с законом несовместимо с выполнением депутатских обязанностей;

2) вступления в законную силу решения суда о признании его недееспособным или ограниченно дееспособным;

3) прекращения полномочий маслихата;

4) его смерти, вступления в законную силу решения суда о признании его безвестно отсутствующим либо объявлении его умершим;

5) прекращения им гражданства Республики Казахстан;

6) вступления в отношении его в законную силу обвинительного приговора суда за совершение преступления либо умышленного уголовного проступка;

7) выезда его на постоянное место жительства за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;

8) в связи с его личным заявлением об отставке;

9) систематического невыполнения депутатом своих обязанностей, в том числе отсутствия без уважительных причин на пленарных заседаниях сессии маслихата или заседаниях органов маслихата, в состав которого он избран;

10) назначения его на должность председателя ревизионной комиссии или члена ревизионной комиссии области, города республиканского значения, столицы;

11) невыполнения положений Программных документов и Устава Партии или за совершение действий, порочащих Партию или наносящих ей вред;

12) уклонения от личного участия в деятельности и мероприятиях партии «Ак жол» и его Фракции;

13) совмещения членства в других партиях;

14) несоблюдение партийной дисциплины;

15) систематического невыполнения решений органов Партии;

16) осуществления действий, наносящих ущерб интересам и репутации Партии.

44.5. В случаях выявления фактов, предусмотренных пунктом 44.4 Устава, вопрос о отзыве мандата депутата выносится на рассмотрение Совета филиала (представительства), на котором принимается решение. Данное решение подлежит официальному согласованию с Председателем партии.

В случае несогласия с принятым решением, депутат вправе обжаловать его в Партийную комиссию.

44.6. В исключительных случаях, отзыв мандата депутата маслихата может производиться решением Президиумом Центрального совета Партии.

44.7. При принятии решения об отзыве депутата, оно направляется в территориальную избирательную комиссию.

44.8. Кроме оснований, предусмотренных пунктом 44.4 Устава, мандаты депутатов маслихатов, осуществляющие свою деятельность на постоянной или освобожденной основе, оплачиваемую за счет средств государственного бюджета, могут быть отозваны в случаях:

1) осуществления предпринимательской деятельности;

2) самостоятельного участия в управлении хозяйствующим субъектом;

3) занятия другой оплачиваемой деятельностью, кроме педагогической, научной или иной творческой.

44.9. В связи с отзывом мандата депутата Мажилиса, Центральный совет Партии своим решением вправе утвердить кандидатуру на образовавшуюся вакантную должность, из числа членов, состоящих в списке кандидатов в депутаты.

44.10. В связи с отзывом мандата депутата маслихата, Совет филиала (представительства), своим решением вправе утвердить кандидатуру на образовавшуюся вакантную должность, из числа членов, состоящих в списке кандидатов в депутаты. Данное решение подлежит официальному согласованию с Председателем партии.».


10. Дополнить Устав новым разделом X-I c пунктами 44.11 – 44.20, следующего содержания:

«X-I. Партийные награды.

44.11. Партия «Ак жол» может учреждать партийные награды за особые заслуги и личный вклад в решение конкретных задач.

44.12. К партийным наградам относятся дипломы, благодарственные письма, памятные знаки, кубки и медали, учреждаемые Партией «Ак жол» самостоятельно или совместно с другими организациями, в ознаменование важных событий.

44.13. Высшей партийной наградой Партии «Ак жол» является медаль «Azattyq» (медаль Свободы).

44.14. Медалью «Azattyq» награждаются лица за особый личный вклад в:

- укрепление национальной Независимости и развитие государственности Республики Казахстан;

- защиту гражданских прав и свобод, включая свободу слова;

- борьбу с коррупцией;

- развитие демократических институтов и принципов парламентаризма.

44.15. Не подлежат награждению медалью «Azattyq» должностные лица, штатные сотрудники, члены руководящих органов и выборные лица Партии, а также государственные служащие.

44.16. Правом представления к медали обладают руководители региональных филиалов партии и члены Центрального совета Партии «Ак жол».

44.17. Решение о награждении принимает Президиум Центрального совета партии.

44.18. Награждение производится, как правило, один раз в год, на официальных мероприятиях, накануне Дня Независимости Республики Казахстан.

44.19. Число награждённых медалью «Azattyq» в один год может быть не более 7 (семи) человек.

44.20. Описание медали «Azattyq» определено в Приложении №3 к Уставу.».


11. Дополнить Устав Приложением № 3 следующего содержания:



Приложение № 3

к Уставу Общественного

объединения «Демократическая

Партия Казахстана «Ак жол»



ОПИСАНИЕ

о медали «Azattyq»

учрежденной Общественным объединением

«Демократическая Партия Казахстана «Ак жол»


Медаль Azattyq (далее - медаль) имеет форму правильного круга диаметром 38 мм.

На лицевой стороне медали размещено изображение всадника, скачущего на коне. В правой руке всадника развивается флаг с надписью «Alash», левая ладонь раскрыта в жесте приветствия. Слева и выше всадника изображено солнце с лучами, расходящихся по всей плоскости медали. Ниже всадника крупная надпись «Azattyq», ниже которой лежит разорванная цепь с кандалами.

На оборотной стороне медали надписи «medal of Liberty, Qazaqstan» и логотип «ДПК Ак жол».

Медаль серебристого цвета, флаг и надпись «Azattyq» покрыты цветной эмалью.

Медаль при помощи ушка и кольца соединяется с колодкой, обтянутой лентой серого цвета с неширокой темно-бирюзовой каймой с обеих сторон.


Председатель

ДПК «Ак жол»
А. Перуашев

«Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің Жарғысына
Қосымша № 1

«Қазакстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің символикасы туралы
ЕРЕЖЕ


1. Осы Ереже «Қазакстанның «Ақ жол» Демократиялык партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының ажырамас бөлiгi болып табылады және Партия Жарғысының ережелеріне негізденіледі. Осы Ережеде қолданылған сөздермен терминдер Партия Жарғысындағы мағнаға сәйкес келеді.

2. «Қазакстанның «Ақ жол» Демократиялык партиясы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі Партия) өзТуымен эмблемасыбар.
Ту жоғарғы және төменгі жағы көк жолақты, ортасындағы ақ жолақта шауып бара жатқан көгілдір түсті тұлпар бейнеленген полотнодан тұрады. Ақ жолақтың дәл ортасында бейнеленген шауып бара жатқан тулпар жарқын болашаққа жеткізетін ақ жолды білдіреді.

Тікбұрышыты тудың узындығы 2 метр, eні 1 метр. Көк түсті жолақтың өлшемі Тудың жалпы енінің 1/4, ортанғы ақ тусті бөлігінің өлшемі Тудың жалпы енінің 2/4 бөлігіндей.
Партияның эмблемасы мынадай:

Трапециялық пішінде бейнеленген Партияның толық атауының дәл ортасында ipi әріптермен «Ақ жол» деп жазылған, «Ақ» сөзі аққа, «жол» сөзі көгіддір түске жазылған. «Ақ жол» сөзінің жоғарғы жағына Партияның толық атауы мемлекеттік тілде, төменгі жағына орыс тілінде жазылған. Бастапқы «А» әрпінің алдыңғы жағына шауып бара жатқан тұлпардың басы және мойнының жоғарғы бөлігі бейнеленген. Бас пен мойын көгілдір түсіктің үстіне салыннған
Ақ және көгілдір түстердің үлесімі Партияның «Ақ жол» деген атауының мәнін ашады.
Ақ түс тазалықты, таңдалған жолдың ашықтығын, көгілдір түс ізгілікті, адалдықты, мақсаттармен ой армандардың игіліктілігін білдіреді.
Белгіленген сәйкестікті сақтай отырып, Ту мен эмблеманы үлкен және шағын өлшемде жасай беруге болады .

3. Партияның символикасы (Ту, эмблема) мынадай мақсаттар мен жағдайларда пайдаланылады:
- Партияның кеңселерінде, сондай-ақ құрылыс объектілерінде, ұйымдары мен кәсіпорындарында;
- Партияның фирмалық бланктерінде және өнімдерінде.
Партияның символикасы спортшылардың, жаттықтырушылардың және спортық делегациялардың киімдерінде пайдаланылуы мүмкін. Мұндай мақсаттарға пайдаланғанда Ту мен эмблема бейнесі осы Ережеде белгіленген сәйкестемелік қатынастар және үйлесімде рең-бояулар сақтала отырып, қажетті өлшемде (киім дизайны талаптарына сай) жасалуы мүмкін.

4. Қазақстанның заңнамаларына сәйкес, Партияның символикасы дизайнерлік және сыйлық бұйымдар жасау мақсатына да пайдаланылуы мүмкін.

5. Партияның символикасы тек Партияның органдарының тапсырмасы тапсырмасы (тапсырысы) бойынша ғана жасалады

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің Жарғысына
№ 2 қосымша

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Фракциясы туралы
ЕРЕЖЕ


1. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» ҚДП Фракциясы (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының статусы туралы» Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тәртібіне, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының Жарғысына сәйкес, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық кеңесі Төралқасының келісімімен депутаттық топтан құрылған тұрақты депутаттық бірлестік болып табылады.

2. «Ақ жол» саяси партиясының фракциясы партиялық үміткерлер тізімі бойынша сайланған, Парламент Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлісуге жіберілген Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттық бірлестігі болып табылады.
Үміткерлер тізімінің құрамы бойынша сайланған, Парламент Мәжілісіндегі мандаттарды бөлісуге жіберілген Парламент Мәжілісінің депутаттары үміткерлердің аталған тізімдегі құрамы бойынша сайланғанбарлық депутаттарды қамтитын фракцияның ғана мүшесі бола алады.
Саяси партия үміткерлерінің тізімінің құрамы бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты оның жойылуына немесе қайта құрылуына байланысты қызметі тоқтатылған жағдайда ол қай партияның фракциясына кіру жөнінде жазбаша түрде өтініш берген болса, тек сол партияның ғана мүшесі бола алады.

3. «Ақ жол» ҚДП Фракциясы Парламент Мәжілісінде (бұдан әрі – Фракция):
1) өз қызметін «Ақ жол» ҚДП Жарғысын, Бағдарламасын (бұдан әрі – Партия), Партияның басшылық органдарының шешімдерін басшылыққа алып жүзеге асырады;
2) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жұмыс тәртібі, осы Ереже негізінде жүзеге асырады;
3) Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібімен және «Ақ жол» ҚДП фракциясының Ережесімен бекітілген құқықтармен пайдаланады;
4) Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне байланысты мәселелер бойынша өзінің ұстанымын және әрекетін Партия басшылығымен келіседі;
5) Парламент Мәжілісінің жұмыс атқару кезеңінде немесе Партияның Орталық кеңесі Фракция қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейінгі аралықта әрекет етеді.

4. Фракцияның басты міндеттері мыналар:
1) заң шығаруларды және бағдарламалық нұсқамалар бойынша басқа да қызметтерді, партияның басшылық органдарының шешімдерін және сайлаушылардың тапсырмаларын жүзеге асыру;
2) Парламент Мәжілісінде елдің қоғамдық-саяси өміріне байланысты мәселелер бойынша партиямен келісілген, оның ұстанымын білдіретін саясатты жүргізу;
3) Парламент Мәжілісінің отырыстарында заң жобалары және кадрлық мәселелер бойынша шешім қабылдағанда, ол мәселелер жөнінде Фракция мәжілісінде қабылданған тиісті шешімге сәйкес, ортақ ниеттестік дауыс беруді қамтамасыз ету;
4) Партияның үгіт-насихат жұмысына қатысу;
5) Фракцияның және тұтастай партияның заң шығару саласындағы, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі қызметі туралы халықты хабарландырып отыру;
6) депутаттардың – Фракция мүшелерінің Партияның қоғамдық қабылдау жұмыстарына қатысу;
7) Партияның жоспарларына және шешімдеріне сәйкес барлық деңгейдегі сайлау кампанияларын дайындауға және өткізуге қатысу.

5. Фракцияның Негізгі Өкілеттіктері:
1) саяси партияның бағдарламалық нұсқамалары, саяси партия Төрағасының, саяси партияның жоғарғы және басшылық органдарының шешімдері бойынша заң шығарушылық қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Республика Премьер-министріне үміткерлер бойынша өткізетін кеңесіне қатысу, Парламент Мәжілісінде Үкіметке және оның мүшелеріне сенімсіздік көрсету туралы мәселе көтеру.

6. Фракциядағы мүшелік:
1) Парламент Мәжілісіндегі партия тізімі бойынша партия ұсынған және Парламент Мәжілісіндегі депутаттық мандаттарды бөлісуге жіберілген депутаттар Фракция мүшелері болып табылады. Бұл аталған депутаттар басқа саяси партиялардың және фракциялардың мүшесі бола алмайды;
2) депутаттың Фракцияға мүшелігі Фракция Жиналысының шешімімен бекітіледі;
3) Фракция мүшесін оның құрамынан шығарудыкворум болған жағдайда жазбаша берген жеке өтініші бойынша немесе Партияның Жарғысын және осы Ережені бұзғанына байланысты Жиналыстың көпшілік даусы шешеді;
4) Фракциядан шығарылған немесе немесе одан өз еркімен кеткен депутат белгіленген тәртіп бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының қатарынан шақыртылып алынады, сондай-ақ Партия квотасы бойынша берілген Парламент Мәжілісіндегі басшылық қызметтерінен босатылады;
5) Партия квотасы бойынша босаған лауазымды орынға адам тағайындау осы Ереже және Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібі бойынша жүзеге асырылады;
6) Депутаттың фракциядан шығарылғандығы немесе оның одан өз еркімен кеткендігі туралы ақпарат Парламент Мәжілісіне, Партияға және сайлаушыларға хабардар етіледі.

7. Фракция мүшелерінің құқығы бар:
1) Фракцияның басқарушылық қызметіне сайлауға және сайлануға;
2) Фракцияның қарауына ұсынуға:
- биліктің заңнамалық органдарында қаралатын барлық мәселелер бойынша Фракцияның ұстанымын қалыптастыруға байланысты ұсыныстар беруге;
- заң жобаларын, қаулылар, депутаттық сауалдар, мәлімдемелер және басқа да құжаттар;
- Фракция отырысының күн тәртібіне байланысты ұсыныстар;
3) заң жобаларына, заңға түзетулерге және депутаттық сауалдарға серіктес автор болуға немес серіктес автор болудан бас тартуға;
4) Фракцияда талқыланылатын барлық мәселеде дәйекті қарсылық айтуға және ерекше пікірін білдіруге;
5) жұмыс тәртібіне сәйкес өтініш беріп, Фракция құрамынан шығып кетуге.

8. Фракция мүшелерінің міндеттері:
1) осы Ереженің талаптарын, депутат статусы туралы Заңға сәйкес тәртіп және мінез-құлық этикасын сақтауға;
2) Фракцияның барлық отырыстарына қатысу. Фракция мүшесі Фракция отырысына жауапсыз себеппен 2 рет қатыспаса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны Фракция құрамынан шығару, орнын басқа депутатпен алмастыру рәсімі жүзеге асырылады;
3) Фракция өткізетін немесе оның қатысуымен өткізілетін барлық шараларға қатысу, Фракция қызметінің барлық мәселелері бойынша талқылауларға қатысу;
4) Партияның және Фракцияның қоғамдық қабылдаулар жұмысына үзбей қатысу;
5) Партия саясатын сайлаушыларға насихаттау және түсіндіру жұмыстарына қатысу, сондай-ақ оның сайлау алды бағдарламасының жүзеге асырылуына ат салысу;
6) өзінің «Ақ жол» фракциясы құрамында екендігін көпшілік алдында сөйлеген сөздері, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да әйгілеп отыру;
7) басқа фракциялар депутаттарының бастамашылығымен заң жобаларына, заңға түзетулерге және депутаттық сауалдарға серіктес автор болғысы келгенде, бұл қадамын Фракция басшылығымен келісу;
8) орындауы керек:
- жиналыстардың және Фракция отырыстарының шешімдерін;
- Фракция басшысының және оның орынбасарларының өздерінің компетенциясы аясында берген (қабылдаған)өкімдерін (тапсырмаларын);
9) Фракция қорытқан ұстанымды қолдау және пленарлық отырыстарда Фракция шешіміне сәкес ниеттестік тұрғыдан дауыс беру;
10) Парламент Мәжілісінің комитеттері (комиссиялары) құрамындағы жұмысы туралы Фракция басшылығын хабардар етіп отыру;
11) Фракция қызметінің мәселелеріне байланысты, талқыланатын заң жобаларын қосып алғанда, ерекше пікірі бар болса, дәйектелген қарсылығын Фракцияның ресми отырысында мәселе қаралған кезде ашық айту. Алайда ерекше пікірінің болуы оны Фракция қорытқан ортақ ұстаным бойынша дауыс беру міндетінен босатпайды.Фракция мүшесі ҚР Парламентінің отырыстарында (жұмысшы топтары, профильді комитет, Мәжілістің пленарлық отырысы, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы) Фракция қорытқан ортақ үстанымға қарамастан дауыс берсе, Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіп бойынша депутат фракциядан шығарылады, оның орны басқа депутатпен алмастырылады;
12) депутаттық сауал дайындалғанда, соның ішінде бір депутаттың атынан жарияланатыны да, сауал жобасын Фракция отырысының талқылауына қойып, Фракцияның келісімін алу. Депутаттық сауалды Фракцияның келісімінсіз жариялауға жол жоқ және ондай жағдайда депутат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен фракциядан шығарылады, оның орны басқа депутатпен алмастырылады;
13) көпшілік жерлерде Фракция атынан Фракцияның және партияның шешімдеріне және ұстанымдарына сәйкес келмейтін сөз сөйлеуден, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сөйлеуден де тартыну. Көрсетілген талаптарды орындамау депутаттық өкілеттікті мерзімінен бұрын аяқтауға алып келеді. Мұндай жағдайда босап қалған депутаттық мандаттың вакансиялық бос орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

9. Фракцияның басшылық органы Фракцияның Жиналысы (бұдан әрі –Жиналыс), ол:
- Партия Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Партияның басшылық органдарының заң шығару қызметі бойынша қабылдаған шешімдеріне сәйкес, сондай-ақ қызметтің басқа да мәселелері бойынша да, Фракция қызметінің стратегиясын және тактикасын айқындайды;
- Парламент Мәжілісіндегі бір жылдық заң жобалау қызметін қоса алып, Фракцияның Партияның Орталық кеңесінің Төралқасымен келісілген жұмыс жоспарын бекітеді;
- Фракция қызметінің шұғыл істері бойынша мәселелер көтереді және шешімдер қабылдайды;
- Парламент Мәжілісінің комитеттерінде және комиссияларында фракция атынан көрінетін Фракция басшысының және оның орынбасарларының заң жобаларын дайындау жұмыстары бойынша өздеріне берілген тапсырмалардың қалай орындалғаны жөніндегі есептерін тыңдайды;
- Партия Төрағасының келісімімен «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің ұсынысы бойынша Фракция басшысын сайлайды;
- «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі Төралқасының келісімімен Парламент Мәжілісінің басшылық лауазымдарына (комитеттердің, комиссиялардың жетекшілері) үміткерлер ұсынады;
- Фракциядан шығарылғанда немесе одан өз еркімен кеткенде, немесе Фракция Жиналысы Комитеттің немесе комиссияның жетекшісі лауазымына ұсынылған депутаттың жұмысын қанағаттанғызыз деп тапса, Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібіне сәйкес, Фракция мүшелері ішінен комитеттердің және комиссиялардың басшылығына басқа депутаттарды ротациялауды ұсынады;
- Фракция басшысына және оның орынбассарларына Жиналыс өкілеттігінің белгілі бір шамасын, Жиналыстың тек өз компетенциясына жататынынан басқасын, беру туралы шешім қабылдайды;
- Фракция басшысының және оның орынбасарларының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды;
- Партия төрағасының келісімімен «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі Төралқасының шешімі бойынша Жиналыс Фракция қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;
- Фракцияның және оның құрамына кіретін депутаттар қызметінің басқа мәселелері бойынша да шешімдер қабылдайды;

10. Жиналыстың ерекше компетенциясына жататындар:
- Фракция мүшелігіне қабылдау;
- Фракция басшысын, оның орынбасарларын және Фракция кеңесін сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
- ниеттестік дауыс беру жөнінде шешім қабылдау;
- Фракцияны тарату жөнінде шешім қабылдау.

11. Жиналыстың шешімі кворум жаңдайында Фракция мүшелері көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады.

12. Жиналыстың жұмысына Фракция мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, шешім алуға құқылы.

13. Жиналыс қажеттілік туған жағдайда өткізіледі. Отырыстың өтетін уақытын және орнын фракция мүшелеріне Фракция басшысы хабарлайды.

14. Жиналысты сессия кезінде де, сессиялардың аралығында да өткізуге болады; Фракция шешімімен көшпелі Жиналыстар өткізілуі де мүмкін.

15. Фракция мүшелерінің көпшілік ұсынысымен немесе жазбаша түскен ұсыныс бойынша, оны Фракция мүшелерінің кемінде үштен бірі қолдаған жағдайда Фракция басшысы жиналыс шақырады, сондай-ақ Партия Төрағасының бастамашылығымен де Жиналыс өткізілуі мүмкін.

16. Жиналыс Фракция басшысының төрағалығымен өтеді, оның өзі болмаған жағдайда Фракция басшысының тапсыруымен орынбасарларының бірі өткізеді.

17. Жиналыстың жұмысына хаттама жасалады.

18. «Ақ жол» фракциясының құрамына кірмейтін депутаттар Фракция шешімімен Жиналыстың жұмысына қатыса алады.

19. Фракция басшысы бірінші (ұйымдық) Жиналыста Парламент Мәжілісінің қызмет уақытына сәйкестік мерзімге Фракция мүшелері арасынан кворум жағдайындағы ашық көпшілік дауыспен сайланады.

20. Фракция басшысы:
- Фракция жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
- Жиналыстар арасында Фракция қызметіне жетекшілік етеді, соның ішінде Фракция мүшелерінің өтініштері бойынша да, және солардың негізінде, Жиналыстың ерекше компетенциясына жататқызылмаған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
- кезекті жиналыста өткен уақытта қаралған мәселелер және солар бойынша қабылданған шешімдер туралы хабарлама жасайды;
- Парламент Мәжілісінің қарауына басқа депутаттық бірлестіктер тарапынан ұсынылған заң жобаларына қатысты Фракцияның көзқарасын айқындайды;
- Фракция қызметінің мәселелері бойынша фракция мүшелерінің көзқарастарын үйлестіру мәселелерін қарайды және оны шешу үшін Жиналысқа ұсыныс түсіреді;
- Фракция мүшелерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып, Жиналыстың күн тәртібін белгілейді;
- Жиналыс қабылдаған шешімнің орындалуы бойынша фракция мүшелеріне берілетін тапсырмаларды айқындайды;
- Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында биліктің заң шығарушылық қызметі бойынша Фракцияның көзқарасын білдіреді;
- сенімхатсыз және қосымша кеңес алмай-ақ Фракция атынан ресми мәлімдеме жасай алады, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің басшыларымен, басқа да мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, лауазымды тұлғалармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жасау еркіндігі бар;
- Фракция басшысының орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөліп береді;
- Жиналыстарға төрағалық жасайды, хаттамаларға қол қояды;
- Фракция мүшелеріне тапсырмалар жүктейді;
- азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерімен, Фракция атына келетін басқа да хат-хабарлармен жұмыс жүргізудің бірыңғай жүйесін ұйымдастырады;
- Фракциядан шығатын құжаттарға қол қою құқығы бар;
- Фракция Жиналыстарына лауазымды тұлғаларды, саяси-қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, депутаттық фракциялардың басшыларын, сарапшыларды сөз сөйлеуге шақырады;
- биліктің заң шығару органындағы фракция қызметімен байланысты басқа да өкілеттік міндеттерді орындайды.

21. Өз өкілеттігінің бір бөлшегін, соның ішінде Фракциядан шығатын құжатқа қол қою құқығын басшы жазбаша түрдегі өкіммен өзінің орынбасарларының біріне өткізу құқығына ие.

22. Фракция басшысы орнында болмаған жағдайда Жиналыстар аралығында Фракция басшысы міндетін оның орынбасарлары атқарады.

23. Фракция басшысының өкілеттілігі Төралқаның келісімімен Фракция мүшелерінің кворумы болған жағдайда ашық көпшілік дауыспен тоқтатылуы мүмкін.

24. Фракция басшысының орынбасарлары:
- Жиналыста кворум болған жағдайда фракция мүшелері ішінен Фракция басшысының ұсынысымен ашық өткізілген көпшілік дауыспен сайланады;
- басшының тапсырмасымен мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен, Парламент Мәжілісіндегі басқа депутаттық бірлестіктердің өкілдерімен заң шығару қызметіне байланысты және фракция қызметінің басқа мәселелері бойынша да кеңес өткізеді;
- Фракция басшысының тапсырмасымен қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық актуалды мәселелерге байланысты, сондай-ақ заң шығару қызметі бойынша да фракцияның көзқарасы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пікір білдіреді;
- алынған міндетіне қарай басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады. Орынбасардың өкілеттігі өз еркімен немесе Фракция Жиналысының шешімімен тоқтатылады.

25. Фракция қызметінің құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттау, материалдық-техникалық және басқа жағынан қамтамасыз етілу жұмыстарын атқару Фракция Аппаратына жүктеледі.

26. Фракция Аппараты Фракция Парламент Мәжілісінің бекіткен жұмыс тәртібіне сәйкес тіркелуден өткеннен кейін құрылады, және өз міндетін Парламент Мәжілісінің ағымдағы мерзімінің аяқталуына байланысты фракцияның қызметі тоқтатылғанға дейін атқарады.

27. Фракция басшысының ұсынысымен Фракция Аппаратының басшылығына үміткер Партияның Орталық кеңесі Төралқасымен келісіледі.

28. Фракция Аппаратының лауазымдық қызметкерлерін тағайындау және орнынан алу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Парламент Мәжілісі бекіткен жұмыс тәртібіне сәйкес Фракция басшысымен келісілгеннен кейін, Фракция Аппараты басшысының ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
Фракция Аппаратының басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарына, Палаталар Бюросының және Парламент Мәжілісінің жұмысшы органдарының отырыстарына қатыса алады.

29. Фракция қызметінің осы Жарғымен реттелмеген тәртібі Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібінің нормаларымен реттеледі.