15
Мамыр

Риддерде өрттен зардап шеккен отбасыларға "ақжолдықтар" көмек көрсетті

15 мамыр 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

         Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде зардап шеккен отбасыларға "ақжолдықтар" көмек көрсетті

         10 мамырда Риддер әкімшілік аумағындағы Лесхоз ауылында үлкен өрт болды. Соның салдарынан ауыл тұрғындары зардап шекті: ондаған үйлер отқа оранып, автомобильдер, шаруашылық құрылыстар, сондай-ақ ТЖО үй-жайлары қирады.

         Өртенген үйлерде 72 адам тұратын еді, оның ішінде 11-і кішкентай балалар.

         "Ақ жол" партиясы облыстық филиалының активі бұл оқиға бей-жай қарап отыра алмады. Облыстық мәслихат депутаттары Талғат Құрманғалиев, Қуат Рахымбердин, "DK Proekt" құрылыс компаниясының басшысы Мақсат Шәкіров, Глубокое аудандық мәслихатының депутаты Қажымхан Қайырденов және Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Бүркіт Сұлтанов орман шаруашылығына барды.

"Ақжолдықтар" 3 тонна дизель отынымен қамтамасыз ету арқылы өртті сөндіруге көмектесті, сондай-ақ зардап шеккен 5 отбасына азық-түлік жиынтығы, киім, 800 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.