Выступление А.Перуашева по дополнениям в Конституционный закон «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов»

» Выступления » Выступление А.Перуашева по дополнениям в Конституционный закон «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов»

06.05.2020, 12:21

Рақмет, құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті әріптестер!

Аталған заң жобасы Президент Қ.Тоқаевтың  Ұлттық Қоғамдық кеңестің отырысында парламенттік оппозиция институтын заңнамалық бекіту туралы  тапсырмасын орындау  мақсатында дайындалды.      

Мемлекет басшысының аталған тапсырмасын пайдаланып, «Ақ жол» Демократиялық партиясы алдын ала дайындаған «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын қазіргі жағдайдың талаптарына сәйкес  қайта жаңартты.

Заң жобасы фракция депутаттарының сапарлары барысында жергілікті және де ұлттық денгейнде сайлаушылардың, ғалымдардың және саяси қоғам өкілдерінің талқылауынан өтті.

Талқылау жұмыстары  БАҚ-да (бұқаралық ақпарат құралдарда) жарияланды.  

Мысалы, қантар айында «Хабар» телеарнасының бір сағаттық тікелей эфирде пікір алмасу өтсе, ал    сәуірде тәуелсіз  интернет-ресурстарында шетелдік сарапшылардың қатысуымен тағы екі тікелей эфир өтіп, онда да құжатқа қолдау көрсетілді. Сол талқылауларды YouTube арнасынан көруге болады.

Заң жобасының мазмұнына қатысты айтар болсақ, біз өзіміздің ұсыныстарымызды «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» және «Парламенттік оппозиция мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» екі заң жобасына бөлдік.

     Дегенмен, Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасының басты мақсаты – оппозиция өкілеттілігі мен оның заңнамалық тұрғыдан оппозиция туралы  ұғымын, мәртебесі мен құқықтық кепілдіктері осы сатыда нақты іске асырылуда деп білеміз. 

Қос заң жобаларының көлемі көп болмаса да, саяси мағынасы мен тарихи маңызы зор деп санаймыз.

Коротко об основных новеллах законопроекта.

Так, на уровне Конституционного закона «О парламенте и статусе его депутатов» вводится определение парламентской оппозиции, как политических партий, представленных в Мажилисе, не входящих в парламентское большинство и как правило, выступающих по политическим и социально-экономическим вопросам с иной позицией, чем парламентское большинство. Такая формулировка почти дословно воспроизводит определение Доклада Европейской комиссии за демократию через право (Венецианская комиссия) «О роли оппозиции в демократическом парламенте».

Другими нормами за парламентской оппозицией закрепляются следующие правовые гарантии:

– на инициирование парламентских слушаний по актуальным вопросам жизнедеятельности государства и общества не менее одного раза за сессию;

– на определение повестки дня правительственных часов в парламенте, не менее двух раз за сессию;

– на внесение альтернативных законопроектов к тем правительственным законопроектам, с которыми оппозиция не согласна; и т.д.

Особого внимания заслуживает такая новелла, как гарантированное Конституционным законом руководителям или представителям оппозиционных фракций право на выступления на совместных заседаниях Палат Парламента, пленарных заседаниях Мажилиса, заседаниях комитетов, рабочих групп, парламентских слушаниях и всех иных мероприятиях в стенах Парламента.

Как можно видеть, перечисленные шаги в совокупности представляют собой важную политическую реформу.

У оппозиции, у альтернативного мнения есть право быть услышанным. Рассматртваемый законопроект переводит это право из теоретической возможности в требование закона.

Құрметті депутаттар!

Осы заңды қабылдау арқылы біз бүгін көптеген пікірталастарды, ас үй  мен көшелерден – парламенттің залдарына еніп, өркениетті жолымен шешілуге нақты құрал жасаймыз.

 «Ақ жол» Демократиялық партиясы фракциясының атынан біз Президент Қ.Тоқаевқа аса қажетті тапсырма бергені үшін, сондай-ақ жұмыс тобының барлық мүшелеріне алғысымызды білдіреміз.

Қолдауларыңызды сұраймын. Рақмет.