17
Тамыз

Шекарадағы кептелістен ел азаматтары зардап шегуде


17 тамыз 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалы
«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев кәсіпкерлердің өтініші бойынша өткен жұманың демалыс күндері Алматы облысының қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Нұрлы жол» кедендік бекетінде болып қайтты.


Сыртқы экономикалық қызмет кәсіпкерлері хабарлағандай Нұрлы жол бекеті алдында 2,5 мың жүк көлігі 50 шақырымға созылған кезекте тұр, кейбір жүк көліктерінің кезекте тұрғанына 40 күннен асқан, ал кейбір ауыр жүк көліктері осы кезде 2-3 рет шекарадан өткен. Жүк көліктерінің жүргізушілері «көмектесіп» жіберетіндер туралы да айтты. Олардың айтуынша бойынша көлікті кезектен бұрын өткізуге «көмектесені» үшін олардың заңсыз төлемақылары 1-3 мың АҚШ долларын құрайды.
Депутат аудан әкімшілігі мен кеден бекет басшыларымен осы мәселені талқылады. Олар мәселені шешу үшін күштерін салуда. Бұл мәселеде коронавируске қатысты Қытай жағының тыйымдары, отандық бақылау органдарының іс-қимылы, оның ішінде жол полициясының да, жүк көлігі жүргізушелірінің орынды ашулары сынды көп оқиғалар қордаланып тұр.
Жергілікті билік пен СЭҚ қатысушылары айтқандай, мәселені жоғары деңгейлерде көтеріп, бірнеше бағыттар бойынша шешу керегін айтты. Қытай Халық Республикасымен қосымша өткізу бекеттерін ашуды келісу (бірінші кезекте - Қолжат бекетін, сонымен бірге Бақты және Майқапшағай бекеттерін), Қытай жағынан қоймаларға тауарлардың жеткізілуін тездету, Қазақстан аумағында тауарды жүк көліктеріне бірмезгілде тиеуді ұйымдастыру (СВХ күштер), КТЖ және МЦПС мүмкіндіктерін іске қосу (Құрғақ порт, Достық), жұмыс ашықтығын қамтамасыз ету үшін электрондық кезек ұйымдастыру ұсынылды.
Азат Перуашев осы мәселелерді Үкіметке жеткізетінін айтты. Сонымен бірге депутат «көмектесіп» жіберетіндер заңсыздығын тыюға ерекше назар аударды. Жүк көліктері жүргізушілерінің айтуы бойынша күніне Қытай жағына кезекте тұрған 50 жүк көлігінің ішінен 5-10 көлік қана өтеді, ал қалғанын жол полициясы қызметкерлері кезектен тыс өткізеді. Жүргізушілер кезектен тыс жіберілетіндер арасында аудан әкімі жанындағы штаб бекіткен (жылдам бұзылатын тауарлар, құрылысы салынып жатқан отандық кәсіпорындар үшін кіретін жүк тартқыштар) басты жүк тауарлары болуы мүмкін екенін айтты. Сонымен бірге, олар сыбайластық жемқорлық туралы да шағымданды. Олар депутатқа кезекті айналып өткен бірнеше жүк көлігінің нөмерлерін берді.
Карантиндік аумақтан Алматыға дейін жүк көлігін жалдау (фрахт) құнының күрт өскені де айтылды. Ол 3-4 мың доллардан 12-15 долларға жеткен, осының салдарынан халық тұтынантын тауарлардың, оның ішінде балалар киімінің бағасы едәуір өсті, әсіресе, оқу жылы басталарда, күзгі сауда маусымы басында халыққа ауыр тиеді. Шекарадағы мұндай кептелістер үшін қытайдың тауар жіберушілері емес, табысы онсыз да азайған ел азаматтары зардап шегеді.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке сауал әзірлеуде.