Шығысқазақстандықтар ҚР ТЖ Министрінің алғыс хатымен марапатталды

» Аймақ - жаңалықтары » Шығыс-Қазақстан облысы » Шығысқазақстандықтар ҚР ТЖ Министрінің алғыс хатымен марапатталды

06.04.2021, 14:30

6 сәуір 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс-Қазақстан облыстық филиалы

                Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қыс мезгіліндегі қатты аяз кезінде өз жерлестеріне көмек көрсеткен өңір тұрғындарын марапаттау рәсімі өтті.

         Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан жіберілген  алғыс хаттарды Департамент бастығы Ерлан Нұрпейісов пен Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Талғат Құрманғалиев облыстың бес тұрғынына салтанатты түрде табыс етті.

         Виктор Бобровский, Дмитрий Волженин, Андрей Ливеринов, Марина Ливеринова және Александр Самойлов төмен ауа температурасында аймақ тұрғандарына қамқорлық көрсетіп, қол ұшын созды.

         Қаңтар айында 30 градустан асатын аномалды суықта олар жолаушыларды аялдамалардан алып, үйлеріне жеткізумен айналысты.    Осылайша 2 күннің ішінде олар 200-ден астам тұрғынға көмектесе алды.

         Көрсетілген қамқорлық, адамгершілік, азаматтық белсенділік және төтенше жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге деген ықыластың арқасында жоғарыда аталған «біздің заманымыздың батырлары» орын алуы ықтимал жазатайым оқиғалардың алдын ала білді.