«Жұмыс істегіміз келеді!» – қостанайлық және қарағандылық кәсіпкерлер «Ақ жол» депутаттарына өңірлердегі кәсіпкерлердің мәселелерін үкіметке жеткізуді сұрады

» Баспасөз релиздері » «Жұмыс істегіміз келеді!» - қостанайлық және қарағандылық кәсіпкерлер «Ақ жол» депутаттарына өңірлердегі кәсіпкерлердің мәселелерін үкіметке жеткізуді сұрады

14.08.2020, 12:00

14 тамыз 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін өткен облыстық конфренцияларда қостанайлық және қарағандылық кәсіпкерлер Ақ жол»  депутаттарына өңірлердегі кәсіпкерлердің мәселелерін үкіметке  жеткізуді сұрады.

14 тамызда «Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық филиалында өткен бейнеконференцияның пікірталас  алаңында кәсіпкерлердің, жергілікті  атқару органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшыларының, екінші деңгейдегі банк өкілдерінің, журналистер, қоғам белсенділері мен блогерлердің басын қосты. 

Күн тәртібінде “Пандемия кезінде  кәсіпкерлердің қалай өмір сүруі керек  және олар не істеуі керек?” деген басты мәселені көтерді. Ауыл фермерлері, мейрамхана қожайындары, ұн тартушылар мен құрылысшылар, олардың барлығының жанайқайы  бір –  оларға барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жұмыс істеуге мүмкіндік беру, салық жүктемесін  азайту, қолданыстағы несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, ескі қарыздарды қайта қаржыландыру, сондай-ақ, мемлекеттік органдарының бизнесті шексіз тексеруін тоқтату,  несие мерзімдерін ұзарту арқылы негізгі берешек төлем пайыздарын алып тастау және төлемдерді ауыстырумен  несиелік демалыстарды енгізу, қарыз алушылардың берешек сомаларын ұлғайтуға тыйым салу және тағы басқа мәселелер көтерілді. 

Әрбір кәсіпкер өзін  толғандырып жүрген проблемаларды   айтып, оның шешу жолдарын ұсынды. «Атамекен» РКП директорының орынбасары Садуақасова кәсіпкерлео  айтылған мәселелер бойынша шағымданып,  кәсіпкерлер палатасына келуде екенін айтты. Қолданыстағы заңдағы құқықтық қайшылықтар, екі жақты түсініктемелер пандемия кезінде бизнес ахуалына өте қауіпті әсер етуі мүмкін. Кәсіпкерлердің сұрақтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет басшысы Қуаныш Бекбасов, облыстық МКД орынбасары Қуанышбек Бекшин, “Еуразиялық банк” АҚ өкілі Әбілхайыр Қалиев және “Jusan банк” АҚ өкілі Әділхан Мұқанов жауап берді. 

Депутат Екатерина Никитинская  пікірталасты қорыта келіп, әрбір мәселені мұқият қарауға уәде берді. Партияның облыстық филиалының орынбасары Дастан Жұмабаев барлық ұсыныстар Қостанай облысының  кәсіпкерлер қауымдастығы атынан ұсыныстар жиынтығына енгізілетінін  жеткізді.

 Сондай-ақ, осындай онлайн- конференция бүгін партияның Қарағанды облыстық филиалының пікірлесу алаңында да өтті. Оның жұмысына тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі облыстық департаменттің, кәсіпкерлік бөлімінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары, басқа да кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері қатысты. 

Мысалы, кәсіпкерлердің айтуы бойынша, қатаң карантиндік шектеу шаралардың енгізілуі бизнеске өте  қиын соққаные, осының салдарынан қызмет көрсету саласында мыңдаған облыс азаматтары күн көріс қаражатысыз қалғанын  айтты.

Сән салондарының, шаштараз, спа-орталықтары (салон) және басқа да бьюти-индустрия ұйымдарының меншік иелері жергілікті атқару органдарының өкілдеріне көптеген мәселелерді айтты. Кәсіпкерлер олардың қызметіне неге тыйым салғанын және тоқтатылғанын түсінбейді, олар барлық санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптарды орындаумен  жұмыс істеуге рұқсат ету туралы  өтініштерін жеткізді.

Депутат Дания Еспаева кездесу қатысушыларына күні кеше партия төрағасы Азат Перуашев Үкіметке салық рақымшылығын енгізу, банктердің шағын және орта бизнеске несиелік каникулдарды беру және несиелерді төмен мөлшерлемемен  қайта қаржыландыру, ал әкімдіктер  базарлар мен сауда үйлерінің жұмысына тыйым салуды тоқтатуы туралы  ұсыныстардан тұратын үндеу жолдағанын хабарлады. Кездесу қатысушылары бұл жаңалықты құптады. 

 Аталған ұсыныстар «Ақ жол» партиясы депутаттарының кездесулері  мен бейнеконференция   қорытындылары бойынша әзірленді. Осы жылдың 5 тамызы күні  республикалық бейнеконференция, 10 тамыз күні Алматы және Алматы облысы кәсіпкерлерімен өткенін еске саламыз. 

Ертең Азат Перуашевтің  қатысуымен Жамбыл облысының   кәсіпкерлерімен онлайн-кездесу өтеді.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы өңірлерде кәсіпкерлермен кездесулер мен консультациялар жүргізуді жалғастыру үстінде, оның қорытындысы бойынша Үкіметке кеңейтілген ұсыныстар  топтамасы ұсынылатын болады.