30
Желтоқсан

Жас тарихшылар байқауы өтті

Жуырда «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы қаласы филиалының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  тарих, археология және этнология факультетінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы Дала аманаты» жас тарихшылар байқауы өткізілді. Іс-шара студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға жағдай жасауға, ғылыммен айналысуға қызығушылығын дамытуға, жас ғалымдарды заманауи мәселелерді шешуге, қатыстыруға,  дарынды және талантты жастарды  таңдауға әрі оларға қолдау көрсетуге арналған.


         Жас ғалымдар байқауы 3 кезеңнен бойынша жүргізілді. Жүлделі 2-ші және 3-ші орынды «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы  қаласы филиалының кеңес мүшесі Томпиев Марал Казкенұлы марапаттады.