09
Сәуір

Жеке денсаулық сақтау ұйымдары төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қолдауды қажет ететін салалар тізіміне енуі керек - А.Перуашев Мемлекеттік комиссия төрағасы, Премьер-министр А.Маминге хат жолдады

ҚР Президенті жанындағы

  Төтенше жағдайлар режимін

қамтамасыз ету жөніндегі

мемлекеттік комиссия төрағасы 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

А.Ұ.Маминге

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

Коронавирустық инфекция (COVID-19) оқиғаларының өсуі  анықталған және елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен  бастап азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын сақтауға, пандемияның  әрменқарай таралуына жол бермеу мақсатында мемлекет тарапынан теңдессіз  шаралар қабылданды. «Ақ жол» демократиялық партиясы атқарылып жатқан мемлекеттік  іс - шараларға қолдау білдіріп, елдің санитарлық - эпидемиологиялық ахуалына оң ықпал тигізеді  деп санаймыз.   

 Сонымен бірге,  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының  атына жеке медициналық сектор өкілдерінің мемлекеттік емес денсаулық сақтау саласына назар аударуды сұраған шағым хат келіп түсті. 

Үндеуде төтенше жағдай  режимі кезеңінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметіне   рұқсат етілгені және тоқтатуға болмайтынын ескерсе де, қазір  барлық медициналық кәсіпорындар меншік түріне қарамастан ақылы қызмет көрсетуді, ал кейбір бағыттарда – МӘМС аясындағы ақылы қызмет көрсету түрлерін   (әсіресе, клиникалық –диагностикалық қызметтер) мүлдем тоқтатқаны туралы айтады.

Алайда коронавирустық инфекция кезінде, өкінішке  қарай адамдардың өзге аурлармен сырқаттануы да тоқтамайды, олар  білікті медициналық көмек алуға мәжбүр. Бірақта карантин кезіндегі қозғалыстық   шектеулер азаматтардың емханаларда қаралу мүмкіндіктерімен бірге жеке медициналық ұйым  қызметкерлерінің де жұмыс орны мен үйлеріне жетуін шектегенін айтқан жөн. 

Аталған жағдай  көптеген жеке медициналық  мекемелердің өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр етті. 

Жеке медициналық клиника  өкілдерінің айтуы бойынша,  карантиндік шектеулер режимі  бюджеттік қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау нысандарына  қарағанда оларға ауыр тиетінін,  өйткені,  олар ШОБ субъектісі саналып, пациенттерге  көрсетілген қызмет төлемақыларына толықтай тәуелді екенін  айтады. Сондай-ақ, мемлекеттік емес емханалардың бизнес өкілдерінен айырмашылығы  олар ТЖ кезінде үкіметтік қолдау тізіміне енгізілмегендіктен банктік несие төлемдерін, коммуналдық және басқа да міндетті  өтемақыларды төлеуді жалғастыруда.         

Дегенмен, еліміздің көптеген  мемлекеттік емес жеке емханалары  қалыптасқан жағдайда, пандемия кезінде, емделушілердің   дәрігерлік қаралуы жаппай тоқтағанына және кірістің жоқтығына қарамастан,  азды кем пациенттерге медициналық көмек көрсетуде, жұмыс орындарын сақтап, мүкіндігінше қызметкерлерді ақысыз демалыстарға жібермей,  қосымша едәуір шығындарға батып, қызметкерлеріне кірісімен қамтамасыз етілмеген еңбекақы төлеуге мәжбүр болып отыр.

Сонымен бірге, жеке медициналық  мекемелер коронавирус ошақтарын жоюуға,  өзге де медициналық және түсіндіру шараларына өздерінің үлестерін қосуда, ал қажет болған кезде  олардың ресурстары кеңауқымды шаралар кезінде қолданылуы мүмкін.      

Жоғарыда  айтылған жағдайларға  байланысты, Сізден, құрметті Асқар Ұзақпайұлы,  еліміздің  денсаулық сақтау  жүйесінің ажырамас  бөлігі болып табылатын жеке кәсіпкерлік  сектордың банкротқа ұшырауына жол бермеу мақсатында осы хатқа тіркелген ұжымдық шағымды қарауыңызды және жеке денсаулық сақтау ұйымдарын төтенше жағдай кезеңінде  ШОБ үкіметтік қолдау аясында мемлекеттік қолдауды талап ететін салалар тізіміне енгізуді сұраймын.  

Қоса тіркеледі: Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы өкілдерінің  шағым хаты қоса тіркелді

https://akzhol.kz/wp-content/uploads/2020/04/Письмо-обращение-частных-клиник-2.pdf


Құрметпен,

Фракция басшысы

Мәжіліс депутаты                 А. Перуашев

Жауап

Жеке меншік денсаулық сақтау мекемелері өкілдерінің үндеуін қолдаған "Ақ жол" демпартиясы фракциясының сауалына орай үкімет жекелік клиникалар мен стамотологияны еңбекақы қорына салық төлеуден босатты