ҚР Премьер-министрі
А.Смайыловқа
Біздің
депутаттық сауалымыз Қазақстан азаматтарының Fly Arystan әуетасымалдаушысының
рейстерді жиі тоқтатуы, кешігуі, ауыстыруы және авиакомпанияның баға саясатына
байланысты болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы алғашқы отандық
лоукостер «Fly Arystan» компаниясы құрылғанда мәжіліске индустрия және
инфрақұрылым министрлігі мен азаматтық авиация комитетінің басшылары келіп,
компанияның мақсаты аумақтық қалаларды авиа кемесімен қамту, қымбат рейстерге
бәсекелестік жасау және билеттерді он мың теңгеден аспайтын, қолжетімді бағада
сататыны туралы уадесин берген болатын. Ал шындығында бәсекелестік болмады,
керісінше билет бағалары Air Astana және басқаларынан арзан емес болып шықты,
бұл жолаушылар тарапынан көптеген наразылық тудырды.
Тіпті, бұл екі
компанияның бухгалтериясы да бөлек емес. Қос компания бір иесіне қызмет етіп
жүр, бұл монополия. Әрине, бір иесіне қарайтын екі компания бір бірене ешқалай
бәсекелестік ете алмайды.
Қазақстанның
кейбір бағыттарында Fly Arystan билеттерінің көрсетілген құны мысалға: Астана –
Ақтөбе, Алматы – Атырау сияқты бағыттарда шамамен 37 000 теңгеден 97 000
теңгеге дейін жетеді.
Fly Arystan
лоукостері билеттерің бағасы Air Astana, SCAT, Qazaq Air сияқты лоукостер болып
саналмайтын басқа авиакомпаниялардағы бағалармен бірдей болып тұр. Мұндай
бағалармен билет құнына 10 кг дейінгі қол жүгі, 23 кг дейінгі багаж, су,
сондай-ақ, отыратын орынды тегін таңдау құқығы кіретін өзге әуекомпаниялардың
борттарымен де ұшуға әбден болады.
Мысалы,
салыстыра келсек, Туркияның лоукасторлық ұшақтардың бағасы Turkish Airlines
авиакомпаниясының бағасынан бірнеше есе арзан. Бірақ бұл арзандық көрсетілетін
қызметтен еш сезілмейді. Өйткені, түріктің арзан авиакомпаниялары көбінесе
қымбат тасымалдаушыларға қарағанда жоғары қызмет көрсету деңгейіне ие.
Сондықтан, олар ішкі әуе тасымалы нарығын белсенді түрде жаулап алуда. Бұл
бюджеттік авиакомпаниялар жолаушыларды бортта тамақтандырмайды, бірақ олар
үнемі борттық бардан сусындар мен тағамдар ұсынады. Оған қоса барлық арзан
авиакомпаниялар сияқты, олар белгілі бір бағыттар бойынша жеңілдіктер мен
акцияларды үнемі өткізеді. Көптеген тәжірибелі саяхатшылар мұны белсенді
пайдаланады.
Fly Arystan
лоукостертлік авиакомпаниясының Астанадан Алматыға бір жарым сағаттық рейсі
Еуропадағы, АҚШ-тағы немесе Қытайдағы ұқсас бағытқа қарағанда екі есе қымбатқа
түседі.
Ал бізде, арзан
билет сатып алу үшін, жолаушылар әуе компаниясының кассасына 2-3 апта бұрын
хабарласуы керек. Бірақ күтпеген жағдайлар туындаған кезде (денсаулық,
отбасылық себептер бойынша, іссапарлар және т.б.), еліміздің азаматтары арзан
әуе билеттерінің жоғары құнына тап болады. Бұл Қазақстан Республикасы
азаматтарының және басқалардың арзан билеттерді пайдалануына кедергі жасайды
және туризмнің дамуына үлкен әсер етеді.
Алыс шет
елдерден мысалдар келтіретін болсақ, Италиядағы ішкі рейстер бағасы сатып алу
күніне, билеттің бар немесе жоқтығына қарамастан, белгіленген бағамен алуға
болады.
Fly Arystan әуе компаниясының баға белгілеуі тұтынушылардың мүддесіне емес, максималды пайда табу үшін жұмыс істейді екен.
Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы:
1. Fly Arystan
компаниясының әуе билеттерінің бағасын түсіруін, азаматтарымыздың табысына сай
қолжетімді болуын;
2. Fly Arystan компаниясын Air Astana компаниясынан нағыз бәсекелестік болу үшін бөлек шығарып, болашақта жекешелендіруін талап етеді.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары