VI-шақырылым
«Ак жол» ҚДП фракциясы ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымында тіркелді – Парламент Мәжілісі Бюросында осыған тиісті шешім қабылданды (2016 жылдың 28 наурызындағы №3-VIБМ қаулы). «Ақ жол» ҚДП фракциясының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының келесі депутаттары енді:
1. Әбсәтіров Кеңес Гарапұлы (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті)
2. Барлыбаев Ерлан Хайланүлы (Аграрлық мәселелер комитеті)
3. Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы (Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті)
4. Еспаева Дания Мадиқызы (Қаржы және бюджет комитеті)
5. Қазбекова Меруерт Айтқажықызы (Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетi)
6. Никитинская Екатерина Сергеевна (Қаржы және бюджет комитеті)
7. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Фракция жетекшісі (Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетi).
Фракцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының Парламентінде «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүдделерін білдіру. Парламент, Палаталардың отырыстарында, комиссияларда, мемлекеттік органдарда, саяси партияларда және қоғамдық бірлестіктерде фракцияның жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясының уәкілетті өкілі болып табылады.
Депутаттық фракцияның жетекшісінің орынбасарлары болып Е. Барлыбаев және Е. Никитинская сайланды.
V-шақырылым
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы 2012 жылы 20 қаңтарда депутаттар тобының шешімімен (ОК Президиумының 2012 жылы 20 қаңтардағы N 28 қаулысы) құрылған, сол жылдың 20 қаңтарында ҚР Парламент Мәжілісінің бюросында тіркелген (N 3-V БМ).
Фракция жетекшісі – А.Т. Перуашев, жетекші орынбасарлары – Е.С. Никитинская, А.Р. Әбілдаев. Фракция туралы ереже партияның ОК Президиумының қаулысымен (2012 жылы 20 қаңтардағы N 28) бекітілген.
Фракция мүшелері М.Қазбекова (қазіргі уақытқа дейін) және Е.Никитинская (1-2 сессияда) – экономикалық реформа және өңірлік даму, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттердің хатшылары.
Фракцияның 8 мандаты бар, қазіргі уақытта оның құрамында – 8 депутат бар: А.Т. Перуашев, А.Т. Әбілдаев, Н.А. Жазылбеков, Т.Ф. Ерғалиев, С.Х.Қадралиева, М.А. Қазбекова, Е.С.Никитинская, А.Ұ.Тұртаев (2012 жылы 15 қыркүйекте партияның ОК Пленумы А.С.Рысқалидың арызын қарады және оның мандатын ОК-тің өңірлік саясаты бойынша хатшысы, Қазақстан құрылысшылар Одағының төрағасы Т.Ф. Ерғалиевқа беру туралы шешім қабылдады.
2013 жылдың 27 ақпанында депутат С.О. Сәрсенов отбасының жағдайына байланысты 2013 жылдың 1 наурызынан бастап депутаттық қызметін тапсыру туралы өтініш берді. Партияның Орталық кеңесінің 2013 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен өтініші қанағаттандырылды.
Сол жылдың 20 маусымында «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің пленумы Мәжіліс депутатының бос орнының мандатын – Алматы облысының агроөнеркәсіп коррпорациясының басшысы С.Х. Қадралиеваға беру туралы шешім қабылдады).
Парламенттік фракцияның отырысы апта сайын сейсенбіде партияның өңірлік филиалдарымен бейнеконференцбайланыс режімінде өтеді. Отырыста талқыланатын заң жобалары бойынша Фракция мүшелерінің ұстанымдары келісіледі, депутаттық сауалдар бекітіледі және бөлініп беріледі, келіп түскен азаматтардың үндеухаттары, өтініштері қаралады және олармен жұмыс істеу үшін бөлініп беріледі және т.с.
Фракция отырыстарына Мәжілісте қаралатын заң жобаларының әзірлеушілері – олардың ішінде министрлер, вице-министрлер, банктердің, бизнес-бірлестіктердің жетекшілері, тағы басқалары қатысады.
Партия активінің, оның ішінде – өңірлік партия активінің, мемлекеттік органдардың басшыларына тікелей шығуға, әзірленіп жатқан депутаттық сауалдарға, заң жобаларына ұсыныстарды талқылауға қатысуға мүмкіндіктері бар.
Өңірлерде тоқсан сайын Президиум мүшелерінің, партия белсенділерінің қатысуымен фракцияның көшпелі кеңейтілген отырыстары өткізіледі.