Премьер Министрдің бірінші орынбасары
Р. В. Склярға
Партиямызға
Қазақстанда, жүктерді халықаралық тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат
бланкілерінің жасанды тапшылығын жасау және оларды «сұр нарықта» қайта сату
мәселесі бойынша кәсіпкерлер жүгінуде.
Шетелдік рұқсат
бланкі – бұл тасымалдаушыларға жүктерді шет мемлекеттердің аумақтары арқылы
тасымалдауға мүмкіндік беретін қатаң халықаралық есеп беру құжаты.
Қатаң есептілік
бланкілерін ашық сату – халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының
заңнамасын өрескел бұзу болып табылады. Алайда, мұндай құқық бұзушылық үшін
қылмыстық жауапкершілік көзделмеген. Тек субъектінің санатына байланысты 25 –
45 айлық есептік көрсеткішті құрайтын әкімшілік жауапкершілік. Бұл
жауапкершілік 3690 тенгеге алынған бланкті, 1000, 2000 АҚШ долларына сататын
алыпсатар үшін кедергі емес.
Алыпсатарлық
схемасы келесідей:
Алаяқтар,
мүмкіндігінше көп бланкілерді алу үшін, бір күндік компаниялар тобын құрып.
Жыл басында,
шетелдік бланкілерге қойылған барлық квотаны алып қояды, ал адал кәсіпкерлер
олардан жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр. Салдарынан жылдың соңында, пайдаланылмаған
квоталар кері қайтарылып, ал жүктер шетелдік тасымалдаушылардың еншісіне
кетеді.
Ағымдағы жылдың
шілде айында, бланкілерді қайта сатумен алаяқтық жасауға тосқауыл қою ретінде
ережеге өзгерістер енгізілді.
Егер бұрын, бос
бланкілер 100 күн мерзімге берілген болса, кәзіргі уақытта ол мерзім 30 күн,
және шетелдік бланкіде заңды немесе жеке тұлғаның атауы көрсетілуі тиіс.
Алайда,
автотасымалдаушылардың айтуынша, Халыққа қызмет ету орталықтары әлі де бос
бланкілерді беруде.
Шын мәнінде, енгізілген өзгерістер айтарлықтай әсер етпеді.
Біздің ойымызша,
Үкімет, бұл бланкілерді беруді реттеумен! Тасымалдаушыларға тәртіпті сақтауға
және жергілікті кәсіпкерлер өздеріне алынған шетелдік рұқсат бланкілерін өз
компанияларының мақсатына сай пайдалануға ықпал етуі тиіс.
Жоғарыда
айтылғандарға байланысты «Ақ жол» фракциясы келесіні ұсынады:
1) Тиісті
бақылау мен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, барлық рұқсат бланкілері дереу
электрондық форматқа көшіру;
2) Бланкілердің
берілуін және пайдаланылуын бақылау үшін, бірыңғай деректер базасын құру
мақсатында, салық аударымдарын тексеру арқылы Қаржы министрлігін, шетелдік
бланктерді беру жүйесімен біріктірілсін;
3) Белгіленген
30 күн мерзімде бланкілерді пайдаланбағаны үшін қатан бақылау қарастырылсын;
4) Заңды немесе
жеке тұлғаның атауын көрсетпей шетелдік рұқсат бланкілерін беруге тыйым
салынсын;
5)Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бос бланкілерді беру фактілерін тексеріліп, қажет болған жағдайда, тиісті лауазымды тұлғаларды заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылсын.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясы депутаттары
С.
Ерубаев
А.
Перуашев
Д.
Еспаева
Е.
Барлыбаев
К.
Иса
Е.
Бейсенбаев