Қазақстан
Республикасы
Премьер-министрінің
Бірінші
орынбасары
Р.В.
Склярға
2025
жылдың 20 ақпанында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының кен
орынында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үкіметке өндірістегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды, оның ішінде:
«Ақ
жол» демпартиясы шалғай және жетуге қиын жерлерде орналасқан өнеркәсіптік
нысандар, мысалы, кеніштер, байыту фабрикалары және т.б. үшін президенттің бұл
тапсырмаларының өмірлік маңызы бар деп есептейді.
«Ақ
жол» демпартиясына жүгінген отандық ақпараттық технологиялар саласындағы
компаниялардың айтуынша, олар тау-кен компанияларына өз кеніштерінде газ
анализаторлары, сейсмикалық датчиктер, байланыс жүйелері сияқты цифрлық
қауіпсіздік жүйелерін орнатуды бірнеше рет ұсынған. Алайда, кәсіпорындардың бұл
ұсыныстарға қызығушылық танытқанына қарамастан, аталған өнеркәсіп нысандары
орналасқан шалғай аудандарда интернет желісінің болмауына байланысты бұл
бастамалардың жүзеге асырылуы мүмкін болмай қалды.
Осыған
байланысты, 2024 жылдың қарашасында бизнес осы аумақты цифрлық байланыспен
қамту үшін Starlink желісін пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішпен
Цифрландыру министрлігіне өтініш жолдаған болатын (көшірме қоса берілген).
Алайда
министрлік бұл өтінішті елемеді.
Ал,
бұл мәселе шешілмесе, Мемлекет басшысының тапсырмалары тиісті деңгейде
орындалмай қалуы мүмкін екені анық.
«Ақ
жол» демпартиясы 2021, 2022 және 2023 жылдардағы депутаттық сауалдарында
Starlink жүйесін шалғай елді мекендерде орнатуға рұқсат беру қажеттілігі туралы
мәселені жүйелі түрде көтергенін еске саламыз (18.11.2021 ж. ДС-326, 30.09.2021
ж., ДС-274, 01.12.2023 ж. ДС-456).
Алайда
Ақпарат министрлігі бұл бастамаға табандылықпен қарсы шықты. Біздің бірнеше рет
талап еткенімізден кейін ғана Starlink-ті, және тек ауылдық мектептер үшін
пайдалануға рұқсат берілді.
Шалғайдағы
өнеркәсіптік нысандарда, жол апат болған жағдайда көлік жолдарында, жайылымдық
мал шаруашылығында және адам өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осындай шектеулерді алып тастау
керек деп есептейміз.
Осыған
байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы ұсынады:
1.
Шалғайдағы
өнеркәсіп нысандарында спутниктік технологиялар арқылы интернетке қол жеткізуді
енгізуге қатысты реттеу саясатын қарастыру.
2.
Дәстүрлі
байланыс инфрақұрылымымен қамтылмаған аумақтарда орналасқан кеніштер мен кен
орындарында спутниктік интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету.
3.
Тау-кен
өндіру саласының кәсіпорындары, жол қызметтері, жайылымдық мал шаруашылығы және
т.б. үшін заманауи спутниктік жүйелерді пайдалануға рұқсат алу рәсімдерін
жеңілдету.
4.
Осы
технологияның тиімділігін бағалау үшін қашықтағы өндірістік нысандарды Starlink
жүйесіне қосу бойынша пилоттық жобаларды іске қосу.
Құрметпен,
«Ақ
жол» фракциясының депутаттары
Е.Барлыбаев
А.Перуашев
К.Иса
Д.Еспаева
С.Ерубаев
Е.Бейсенбаев