19
Ақпан

19.02.2025

Ауылшаруашылығы өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз етудегі бюрократияны қысқарту керек

Премьер-министрдің

Бірінші орынбасары

Р.В. Склярға

Биылғы жылдың 30 қаңтарында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері алдағы көктемгі дала жұмыстарына 401 мың тонна дизель отынын жеткізу Кестесін бекітті.

Энергетика министрі шаруалар үшін дизель отынының түпкілікті бағасы бөлшек сауда бағасынан 15 пайызға төмен белгіленетінін хабарлады. Ал жанармай құю бекеттерінде баға көтерілсе де, ауылшаруашылық өндірушілері үшін баға пропорционалды түрде артып, бірақ 15 пайыздық жеңілдік өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ, шаруалар үшін дизельдік отынның қозғалысына ашықтық пен бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шаралар ұсынылды. Оларға мыналар кіреді:

- Ауыл шаруашылығы өндірушілер үшін жеке ПИН-кодтарды енгізу;

- Дизельдік отынды әртүрлі түстермен бояу;

- Электрондық шот-фактура жүйесінде дизельдік отынның жеке виртуалды қоймасын құру.

«Ақ жол» демпартиясы бұл шаралар күтілетін нәтижеліктен гөрі жанар-жағармай сатып алу процесін бюрократизациялауға, әкімшілік жүктемені, жанар-жағармай өндіруге кететін шығындарды арттыруға әкеліп, көктемгі егіс жұмыстары кезінде жанар-жағармаймен жедел қамтамасыз етуді қиындатып, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қосымша әкімшілік кедергілер туғызып, "түрлі түсті" дизель отынын сақтау қоймаларын әзірлеуге итермелейді, бұл өз кезегінде олардың қаржылық шығындарын арттырады.

Нәтижесінде шаруалар үнемі тапшы болатын айналым қаражатын мұздатып, жанармай алу үшін айтарлықтай қашықтықты жүріп өтуге мәжбүр болады, бұл қосымша көлік және уақыт шығындары салдарынан күтілетін 15% үнемдеуді түкке тұрғысыз қылады.

Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы көрсетілген тәсілдердің орнына мынадай ұсыныстар жасайды:

Жанар-жағармай құнының 15%-ын оны сатып алуды растайтын құжаттарды ұсынғаннан соң тікелей субсидиялау механизмін енгізу.

Егістік және егін жинау кезеңдерінде жанар-жағармай материалдарына қол жеткізуге кедергі келтіретін қажетсіз әкімшілік кедергілерді жою.

Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізушіні, оның ішінде орналасқан жеріне қарай таңдауда икемділік береді және қосымша бюрократиялық кедергілер жасамай, отынмен қамтамасыз ету процесін айтарлықтай жеңілдетеді деп ойлаймыз.

Құрметпен,

«Ақ жол» депутаттық фракциясы

Е. Барлыбаев

А. Перуашев

Д. Еспаева

Қ. Иса

С. Ерубаев

Е. Бейсенбаев