26
Ақпан

26.02.2025

Бизнесті монополистің заңсыз тарифтерінен қорғау қажет

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Б. Н. Асыловқа

2024 жылғы 6 қарашада «Ақ жол» фракциясы, шенеуніктердің меншікті қайта бөлу және бизнесті рейдерлік басып алу үшін өз өкілеттіктерін пайдалануының өсу үрдісі туралы Премьер-Министр мен Бас прокурордың атына депутаттық сауал жариялаған болатын.

Шенеунік озбырлығының құрбандарының бірі ірі өндірістік кәсіпорын – «ПОШ-Тараз» ЖШС болды. Жергілікті монополист – «Жамбыл электр желілері» ЖШС кәсіпорынға меншік құқығымен тиесілі электр қосалқы станциясын өтеусіз беруді талап еткен.

«Ақ жол» Демпартиясының араласуының арқасында, монополистің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге мүмкіндік туды.

Алайда, кәсіпорынның бастан кескен қиындықтары мұнымен аяқталған жоқ.

Коммерциялық объектілері «ПОШ-Тараз» ЖШС қосалқы станциясы арқылы электр энергиясын тұтынатын кәсіпкерлер Партияға келіп жүгінді.

Кәсіпкерлер өз шағым хатында энергиямен жабдықтаушы «ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС (бұдан әрі – «ЖЖС-2030» ЖШС) құқыққа қайшы әрекеттеріне шағымданады. Ол «ПОШ-Тараз» ЖШС активін ұстау бойынша ешқандай шығын шығармай, беруші қосалқы станция мен күштік кабель иесімен заңды келісімінсіз және шарттық қатынастарсыз, кәсіпорындарға электр энергиясын тасымалдау шоттарды заңсыз қойып отырған.

Осылайша, энергиямен жабдықтаушы ұйым, басқа кәсіпорынның қуатын пайдалана отырып, монополияға қарсы заңнаманы бұзып, 61 млн. теңгеге заңсыз байыды.

Аталған шағым хат, «Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС іс-қимылдарының заңдылығы мен негізділігіне тексеру жүргізуді, толық қайта есептеуді жүргізуді және абоненттерге заңсыз өндіріп алынған сомаларды қайтаруды талап ете отырып, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жіберілді.

Ұсынылған жауапқа сәйкес, Комитет біздің дәлелдерімізді растады. Алайда, шағымның өзі мен Демпартияның сауалы «ЖЖС-2030» ЖШС заңсыз әрекеттеріне бағытталғанына қарамастан, «Жамбыл электр желілері» ЖШС қатысты тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша соңғысында қандай да бір бұзушылықтардың жоқтығы туралы қорытынды жасаған.

Көрсетілген мән-жайлар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде Комитет жұмысының объективтілігі мен тиімділігіне негізделген күмән туғызады.

Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы келесіні талап етеді:

1) «ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС қызметіне электр энергиясын тасымалдау үшін шот-фактуралардың заңдылығы тұрғысынан тексеру жүргізілсін;

2) Басқа кәсіпорынның қуатын пайдалана отырып, «ЖамбылЖарықсауда – 2030» ЖШС 61 млн. теңгеге заңсыз баюының заңдылығы бағалансын;

3) Электр энергиясын тасымалдағаны үшін тариф құрылымынан 12 теңге мөлшеріндегі сома алып тасталсын;

4) 2024 жылғы 1 сәуірден бастап толық қайта есептеу жүргізілсін және абоненттерге заңсыз алынған үстеме пайданы қайтаруды жүзеге асыру міндеттелсін;

5) Бұдан әрі жалпы тарифке электр энергиясын тасымалдағаны үшін соманы қосуға тыйым салынсын;

6) Монополистің заңсыз әрекеттерін жасырғаны үшін, монополияға қарсы органның басшылығы жауапқа тартылсын.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

Е. Бейсенбаев

А. Перуашев

Д. Еспаева

Е. Барлыбаев

Қ. Иса

С. Ерубаев