Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Ш. Әлназароваға
13 наурызда «Ақ
жол» фракциясы атынан медициналық сақтандыру қорының қызметін жетілдіру жөнінде
депутаттық сауал жолдадым.
Сол сауалда
сақтандыру қорының тетіктерінің әділетсіз екенін алға тартып, нақты ұсыныс
бердік.
Атап айтқанда,
жақында жарияланған төлемдерді 5 есе көтеруден бас тарту, сақтандыру жүйесін
монополиясыздандырып, нарықты және бәсекелі жолға көшіру, шоттарды
дербестендіру, әр азаматтың денсаулық жағдайы мен өмір салтына қарай сақтандыру
сыйақыларын төлеу сомаларын айқындау әдістемесін әзірлеуді ұсындық.
Ертеңінде, яғни
14 наурызда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев,
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында біздің ұсыныстарға комментарий
беріп, министрліктің ресми жауабы берілмей жатып, депутаттық сауалдың нақты
мәнін бұрмалап, онымен келіспейтінін мәлімдеді.
Осы бойынша, біздің
депутаттар төлемдерді көтеруді ұсынды деп түсінуге болады. Біздің ойымызша,
вице-министрдің бұндай шикі комментарий бергені ықпалды Парламент пен есеп
беретін Үкімет принципіне қарама-қайшы келеді деп білеміз.
Ал біз, жоғарыда
айтқандай, керісінше қорға төленетін төлемдерді көтеруге қарсымыз. Оның
үстінде, жекелеген есеп шоттарды еңгізіп, денсаулығына қарайтын, спортпен
айналысатын, жаман әдеті жоқ адамдарға сол төлемдерді азайтуды ұсындық.
Сонымен қатар,
министр орынбасарының міндетті сақтандырудағы жеке шоттар тек Сингапур елінде
ғана бар деген тұжырымы – өтірік ақпарат әрі қоғам арасында жалған пікір
туғызды. Шын мәнінде, нарықтық яғни дербес медициналық сақтандыруды барша
дамыған мемлекеттер пайдаланып жатыр. Сауалдағы басты идеямыз – міндетті түрде
монополияландырылған модельден кетіп, шын нарықтық денсаулық сақтандыруға
көшіру еді. Бұндай тапсырма президент К.Тоқаевтың жолдауында да айталған.
Сондықтан, вице-министрдің айтқаны – шындыққа жатпайды және де парламент пен үкімет арасындағы тәртіпке сай емес.
Ал, қазіргі
қолданыстағы Медициналық қорға міндетті түрде алынатын алым жүйесі – шын
мәнінде ешқандай сақтандыру емес, бұл деген салықтың бір түрі. Вице-министр
мырза өз жауабында дәл осы қисық жүйені жалғастыруды қолдады.
Оған қазіргі
жағдай ұнайды екен, ал халықтан жиналған жүздеген миллиардтарды қазіргідей
пайдалануға азаматтарымыз да, медицина мекемелері де наразы.
«Ақ жол»
фракциясының пікірінше, бұндай алымдарды сол Қордың менеджерлері жасырын түрде
қолданбауы керек.
Міндетті төлемдер яғни салықтар, бюджетке түсіп, қоғам мен Парламент бақылауында тұрып, ашық және әділетті қолдануы керек.
Оның үстінде,
ресми жасалған депутаттық сауалға уәкілетті мемлекеттік органның ресми жауабы
берілмей тұрып, министр орынбасарының қарсы мәлімдемесі мемлекеттік қызметкер
этикасына сай келмейтіндігін әрі ол қоғам арасында түсінбестік резонанс
туғызғанын атап өту керек.
Осыған байланысты құрметті министр ханым, орынбасарыңыздың ресми жауап берілмей жатып, біздің сауалымызды бұрмалаған асығыс әрекетіне баға беруді және тәртіптік жауапкершілікке тарта отырып, біздің депутаттық сауалдағы ұсынысты толық зерделеуді және оны жүзеге асыру жолын қарастыруды қайталап сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
фракциясының депутаттары
Е.Бейсенбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садықов