«Ақ жол» демпартиясы Батыс
Қазақстан облыстық штабының өкілдері Қаратөбе ауданына жасаған жұмыс сапары
аясында «Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейі» ұжымымен
кездесті.
Қаратөбе — Алаш арыстарының
ізі қалған, тарихи съез өткен киелі мекен. 2020 жылы ашылған бұл
музей бүгінде 30-дан астам маманның басын біріктіріп, ұлт тарихы мен өңірлік
рухани мұраны, сондай-ақ белгілі өлкетанушы, ақын әрі журналист Қайыржан
Хасановтың шығармашылық жолын дәріптейтін маңызды мәдени орталыққа айналған.
Кездесу барысында штаб
мүшелері музей қызметкерлеріне «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды бағдарламасын
таныстырды. Партия өкілдері ұлттық мәдениет пен руханиятты сақтау,
тарихи-мәдени мұраны қорғау, өңірлерді дамыту және азаматтардың әл-ауқатын
арттыруға бағытталған негізгі бастамаларға кеңінен тоқталды.
Мазмұнды пікір алмасу
форматында өткен жиында музей ұжымы сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарына
қатысты көкейкесті сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
Өзгерістер
қажет!
