Бүгін «Ақ жол»
партиясының Атырау облыстық филиалында маңызды басқосу өтіп, сайлауалды
үгіт-насихат науқаны ресми түрде старт алды. Облыстық штаб отырысына партия
белсенділерімен бірге еріктілер мен жастар өкілдері де арнайы қатысты.
Жиын барысында қатысушылар алдағы атқарылатын жұмыстардың басты бағыттарын айқындап, нақты іс-қимыл жоспарын бекітіп алды.
Үгіт
жұмыстары басталысымен-ақ штаб өкілдері сайлау заңнамасына сай арнайы
белгіленген орындарға үгіт материалдарын орналастыруға кірісті.
Өңір
тұрғындары мен еңбек ұжымдарымен еркін форматындағы жүзбе-жүз кездесулер
бекітілген кестеге сай жүйелі түрде өтеді.
Кездесулердің
түпкі мақсаты — «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа кеңінен
түсіндіріп, тұрғындарды толғандырған түйткілді мәселелерді бірге талқылау.
Атырау
облыстық үгіт-насихат штабы бекітілген жоспар бойынша өз жұмысын белсенді түрде
жалғастыра береді.
Өзгерістер қажет!

