«Ақ жол»
демпартиясы Алматыдағы «Fortis» бизнес-орталығында микроқаржы секторының өкілдерімен
кездесті.
Ашық
диалог алаңында партия Төрағасы Дания Еспаева сайлауалды бағдарламаның басты
басымдықтарын, қаржы секторын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және экономиканы
нығайтуға бағытталған заңнамалық бастамаларды таныстырды. Құрылтай
депутаттығына кандидат Юрий Ли партия бағдарламасының жекелеген бағыттарына
тоқталып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Өз кезегінде «Қазақстан
микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Кеңес төрағасы Ербол Омарханов
микроқаржы нарығын орнықты дамыту үшін заң шығарушы билікпен кәсіби диалог пен
салмақты реттеудің маңыздылығын атап өтті.
Басқосуда нарықты ресттеуді жетілдіру, қорландыруға қолжетімділікті кеңейту, қаржылық қызметтерді цифрландыру және тұтынушылардың құқығын қорғау мен бизнестің дамуы арасындағы теңгерімді сақтау сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Юрий Ли де партия
бағдарламасының жекелеген бағыттарын баяндап, қатысушылардың сауалдарына жауап
берді.
Жиын соңында тараптар секторды дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласып, партия өкілдері азаматтарды 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауда белсенділік танытуға шақырды.
Өзгерістер қажет!

