«XXI ҒАСЫРДАҒЫ
АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ»
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ
БАЙҚАУЫ
«Ақ жол»
демократиялық партиясы
2026 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
дәстүрлі Жалпыұлттық
байқауын жариялайды
Байқаудың
басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын
және рухани негіздерін қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу
мен насихаттау.
Байқауға
қатысу үшін Алаш қозғалысын зерттеумен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің
жеке жұмыстарын (эссе, мақала) ұсына алады.
Байқау
жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Байқау
келесі төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. Тәуелсіздік пен мемлекет құру ісіндегі Алаш
ұстанымдарының өзектілігі.
Тақырыптық бағыттар:
- Алаш қозғалысының мұраты: ұлттық даралық
пен мемлекеттілік идеясы;
- Демократияны жетілдіру және
парламентаризмді күшейту;
- Мемлекеттік құрылымды бюрократиясыздандыру;
- Мемлекетшіл сана және ұлттың жаңа
болмысы;
- «Қазақ елінің уставы» мен жаңа Конституция
қағидаттарының салыстырмалы зерттеулері.
2. Алаштың ғылыми құндылықтарының ХХІ цифрлық
ғасырдағы технологиялық сабақтастығы.
Тақырыптық
бағыттар:
- Алаш
арыстарының шетел жетістіктерін зерттеуі мен заманауи Қазақстанда дамыған
технологияларды қолдану тәжірибесі;
- Алаш
қайраткерлерінің ұстанымдары мен заманауи Қазақстанның құндылықтары: еңбекқорлық,
қайырымдылық, ынтымақ, ұлттық салт-дәстүр, тазалық, Алаш арыстарының ұлттық
сана-сезімді жаңғыртуға ұмтылысы және бүгінгі ашық әлемдегі қазақ жастарының
ұлттық құндылықтары .
3. Алаш қайраткерлерінің экономикалық
көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту.
Тақырыптық
бағыттар:
- Нарықтық
реформалар және әділ бәсекелестік;
- Кәсіпкерлік
қызметтің еркіндігі, оны қорғау мен қолдау;
- Алаш
қозғалысын қолдаудағы байлар мен меценаттар рөлі;
- Алаш бойынша
салық салу тетігі және салық салудың бүгінгі ұстанымы;
- Алаш
ұстанымында жердің үстіндегі, астындағы байлықты ұлттық мүдде тұрғысынан
пайдалану жолы мен заманауи ресурстық ұлтшылдық қағидаты.
4. Алаш тарихының «ақтаңдақтары».
Тақырыптық
бағыттар:
- Алаш
қайраткерлерінің халықаралық байланыстары: тарих және қазіргі кезең
сабақтастығы;
- Алаштың
беймәлім есімдері мен оқиғалары;
- Алаш қайраткерлерінің зерттелмеген
еңбектері.
Байқау үш кезеңнен тұрады
1-кезеңде Байқауға келіп түскен жұмыстарға қазылар
алқасы сараптама жасап, іріктеуден өткізеді. Әр номинация бойынша үздік 10
(барлығы – 40) жұмыс екінші кезеңге жіберіледі.
2-кезеңде үздік 40 жұмыстың авторлары тақырыбы бойынша
баяндама жасап, өз номинациясындағы қарсылас үміткерлермен бетпе-бет
пікірталасқа түседі. Сұрақ-жауап және талқылау түрінде болатын бұл кезең «Ақ жол» ҚДП белгілеген қалада өткізіліп, әр
номинциядан үздік үш (барлығы 12) қатысушы ақтық сынға жолдама алады.
3-кезең
Алашорда үкіметінің құрылған күні қарсаңында, желтоқсан айында Астана қаласында
өткізіледі. Байқаудың ақтық сынына қатысушылар өз жұмыстарын қорғап, қазылар
алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Байқау шарттары:
1.
Жұмыс бір адамның (жеке үміткердің)
атынан және өзі көрсеткен номинация
бойынша ұсынылады;
2.
«Ақ жол» партиясының Алаш идеяларын одан әрі дамыту жолындағы қызметін өз мазмұнында тақырыпқа
сәйкес қамтыған жұмыстар оң тұрғыда ескеріледі;
3. Плагиатқа
(басқа авторлардың дайын жұмыстарын көшіріп ұсынуға) жол берілмейді, ұсынылған
жұмыстар міндетті түрде антиплагиат жүйесі арқылы тексеріледі.
4.
Шығарма бас тақырыбының оның мазмұнына сәйкес келгені және тапқыр да жинақы
қойылғаны мақұлданады (номинациялардың және тақырыптық бағыттардың аттарын сол
күйінше қайталамаған жөн);
5.
Жұмыста сілтеме жасалған дереккөздер дәл, нақты және шынайы болуы қажет;
6.
Мерзімінен кеш жолданған жұмыстар қабылданбайды.
7.
Жеңімпаздар келесі байқауға араға бір жыл салып қайтадан қатыса алады. Мысалы,
биылғы, 2026 жылғы байқауға 2025 жылдың жеңімпаздары жіберілмейді, ал 2024
жылдың және одан бұрынғы мезгілдің байқау жеңімпаздары қатысуға құқылы.
8.
GPT Chat және соған ұқсас жасанды интеллект жүйелерін пайдалануға болмайды.
Мақаланы
(эссені) рәсімдеу талаптары:
Мәтін
14 өлшемді Times New Roman қарпімен теріледі; жоларалық интервал – 1; абзац
шегінісі – 1,25 см; беттің оң жағынан – 3 см, үстіңгі және астыңғы жағынан
– 2 см, сол жағынан 1,5 см кеңістік
қалдырылады.
Қатысушы
өтінішінің үлгісі:
|
Толық аты-жөні |
|
|
Туған күні, айы, жылы |
|
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
|
Қызмет (оқу) орны |
|
|
Ғылыми дәрежесі (бар болса) |
|
|
Ұялы телефон нөмірі |
|
|
Электронды поштасы |
|
|
Номинациясы |
|
|
Мақала (эссе) тақырыбы |
|
Мақаланың
(эссенің) көлемі 10 беттен аспауы
тиіс.
Талапқа
сай безендірілмеген жұмыстар қарастырылмайды.
Байқауға
ұсынылатын жұмыстар 2026 жылдың 15
қазанына дейін қабылданады.
Байқаудың
жүлде қоры келесі тәртіп бойынша бөлінеді:
2-кезеңге
жолдама алған үміткерлердің әрқайсысына (ақтық сынға өтетін 9 қатысушыдан
басқасына) 50 000 (елу мың) теңгеден
қаржылай сыйлық беріледі.
Ақтық
сайыс қорытындысы бойынша номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне
берілетін қаржылай сыйлық көлемі:
Бірінші
орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
Екінші
орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
Үшінші
орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Жеңімпаздар
мен жүлдегерлерге Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі
табысталады.
Байқау
жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің мақалалары жеке жинақ түрінде жарық көреді.
Байқаудың
2 және 3-кезеңдеріне қатысушылардың іссапар және жатын орын шығындары «Ақ жол»
ҚДП тарапынан төленеді.
Байқау
жұмыстары «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен «Ақ жол» Қазақстанның
демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына (Астана қаласы,
Сарайшық, 11, «Ақ жол» ҚДП кеңсесіне) немесе alash.akzhol@gmail.com электрондық
поштасына жолданады.