01
Қазан

"Ақ жол" партиясы Ақтау қаласында Қазақ Республикасының 100 жылдығына орай Каспий жағасында Жалау Мыңбайұлының ескерткішінің алдында жиын өткізді

1 қазан 2020 жыл, https://t.me/peruash/364

Ж.Мыңбайұлы -1925-27 жылдары ҚазССР Орталық Атқару комитетінің төрағасы (Үкімет басшысы), Сұлтанбек Қожанұлы және Смағұл Сәдуақасұлымен бірге Қырғыз АКСР-ін Қазақ АКСР-і деп қайта атауға қол жеткізген. Қазақ шаруашылықтарын ұжымдастыруға және қазақ жерін көрші республикаларға беруге қарсы болды (Голощекинге қарсы). 1927 жылы Голощекин Мәскеу арқылы оны қызметінен босатып, облыстық атқару комитетінің төрағасы ретінде Маңғышлаққа жіберіледі. Сол 1927 жылы Голощекин ұжымдастыруды жүргізді де, 1929 жылы миллиондаған адамның өмірін қиған Ашаршылық (зұлмат) басталды.