«Ақ жол» Демократиялық партиясы Республика Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның бүгінгі отырысында берген тапсырмаларды құрметпен қабылдап, алғыс айтады.
Бұл нұсқаулар қазіргі жағдайда аса өзекті болып отыр, оның ішінде «Ақ жол» Демократиялық партиясының ең өткір мәселелеріне жауап береді.
Президенттің тапсырмаларының тізімінде келесі қадамдарды ерекше атап өту қажет деп санаймыз:
● Төтенше жағдай салдарынан жұмысынан және табысынан айрылған адамдарға жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) ақы төлеуді бастау.
Осы көмекке кем дегенде 1,5 миллион отандасымыз сенім артып отыр, қажет болған жағдайда қолдаудың мөлшері, қамтуы мен түрлері кеңейтілуі мүмкін;
● көп балалы отбасыларды, мүгедектерді және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын азық-түлік жиынтығымен қамту;
● бүкіл ел бойынша тұрғындардың коммуналдық төлемдерін азайту бойынша шаралар қабылдау;
● Құқық қорғау және салық органдарының кәсіпкерлерге қысымын тоқтату;
● банк несиелері бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне барлық төлемдерді тоқтата тұру;
● шағын және орта бизнеске айыппұлсыз барлық салықтарды төлеу мерзімін 3 айға кейінге қалдыруды ұсыну;
● ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік тауарларына қосымша құн салығын уақытша төмендетуді, маңызды импортқа кедендік баждарды нөлге түсіруді қарастыру;
● теңгенің тұрақтануы, осы мақсатта ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік секторды өздерінің валюталық табыстарының бір бөлігін ел нарығында сатуға міндеттеу;
● ұлттық компаниялардың және квазимемлекеттік сектордың шетелдегі депозиттерін Қазақстанға қайтару;
● барлық ұлттық компанияларды өткен жылы тапқан таза кірістерін түгел бюджетке төлеуге міндеттеу.
Бұл нұсқаулар мемлекет жоғары басшылығы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың және жаһандық пандемияның салдарынан қоғамның, ең алдымен қарапайым азаматтардың жағдайының ауыр екенін түсінетіндігін көрсетеді.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы қабылданған шаралар Қазақстан халқына, ең алдымен, халықтың көп зардап шеккен топтарына айтарлықтай көмек пен қолдау болатынына сенім білдіреді.
Осыған байланысты біз Президент Қ.Тоқаевтың шешімдерімен келісетіндігімізді, оларды жүзеге асыруға және осы бағыттағы одан әрі шараларды әзірлеуге үлес қосуға дайын екенімізді мәлімдейміз. Дағдарыстар мен індеттер өтпелі, ал халқымыздың өмірі және жарқын болашақ үшін күресІ жалғастыра бермек.
Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы мәңгі жасай берсін!