6 тамыз 2020жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
Халықтың төлем қабілеттілігін жақсартпайынша шағын және бизнесті қолдау тиімсіз» - деп мәлімдеді кеше кәсіпкерлермен өткен республикалық бейнеконференцияда «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев.
Мемлекеттік органдармен өткен екі сағаттық пікірталасқа облыстардан жиырмадан астам шағын және орта бизнес өкілдері қатысты, жүзден астам хабарлама поштаға келіп түсті, конференеция қорытындысы бойынша «Ақ жол» ҚДП Үкіметке үндеу әзірлеуде.
«Шағын және орта бизнес - алдымен сауда-саттық және қызмет көрсету, яғни базарлар, сауда орталықтары, сәндік және шаштараз салондары, дәмханалар, мейрамханалар. Кәсіпкерлер наурыз айынан бергі мемлекеттік қолдауға дән риза. Біз қазір көріп тұрғандай, мұндай нысандар жұмыс жасап тұрғанмен, оларға келушілер саны 3-5 есеге төмендеді, сауда түбіртектері де 2-3 есеге қысқарды. Яғни сауда айналымы едәуір төмендеді, таза пайда жоқ, бизнес өз шығындарын қысқарту үшін жұмыс істеуде, – деп атап өтті Азат Перуашев.
Оның сөзі бойынша бизнестің сауда жүргізуге және қызмет көрсетуге ниеті болғанмен тұрғындардың төлемдік қабілеті күрт төмендеді. Осыған орай, Мәжіліс депутаты өзінің 42 500 теңге сұрағандардың барлығына көмек көрсету керек деп айтқанын еске салды.
Мұндай жағдайда адамдардың азық-түліктен басқа да керектісін сатып алуға мүмкіндігі болар еді. Ал бизнестің өзінің қызметкерлеріне жалақы төлеуге мүмкіндіктері болатын еді, осылайша көмекке мұқтаж адамдар саны қысқаратын еді –деді ол.
Азат Перуашев Ұлыбританияны мысалға келтірді, оларда үкімет дәмханаларға қатысты субсидиялар енгізілген, осылайша тұрғындардың тамақтануы (шенеуніктердің емес, клиенттердің өз қалауы бойынша) және салықтық жасырмауға ынталандырылады.
«Біздің мемлекеттік органдарға да осыған ұқсас жеке компанияларды емес, бизнесте адал бәскелестікті қолдайтын және осымен бірге тұрғындардың басты тұтыну қажеттіліктерін қорғайтын нарықтық шешімдерді іздеу керек» -деп атап өтті депутат.