13
Қантар

«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалына жаңа төраға сайланды

1

13 қаңтар 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалының кезекті сайлау конференциясы ұйымдастырылды.

Шараға "Ақ жол" парламенттік фракциясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, партияның бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Болат Өтепбаев, Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова, Орталық Кеңес хатшылары Арман Сқабылұлы мен Асылхан Қожахметов, партияның облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының  төрағалары, жастар қанатының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста  2013 жылы «Ақ жол» партиясы әзірлеген «Парламенттік оппозиция туралы» Заң жобасы талқыланды. «Ақ жол» көшбасшысы өзінің негізгі мәселелерімен таныстырды. Ол бұл заңның ең үздік халықаралық тәжірибе негізінде және отандық парламенттік тәжірибені ескере отырып әзірленгенін, сонымен бірге сол кезде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократия және адам құқықтары бюросының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 120/03/2012 ресми пікірінде жоғары бағаланғанын еске салды.

Фракция жетекшісі «Президент Қ.Тоқаевтың парламенттік оппозиция мәртебесін орнату туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Ақ жол» демократиялық партиясы «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын пысықтау және жетілдіру туралы шешім қабылдады. Президенттің бұл нұсқауы мәселені іс жүзінде шешу үшін құқықтық негіз туғызғанына сенімдіміз. Бүгінгі талқылау құжатты жаңарту жұмыстары аясында өтіп жатыр. Осыған ұқсас іс-шаралар біздің депутаттарымыздың аймақтардағы сайлаушылармен кездесулерінде ұйымдастырылуда» - деп атап өтті.  

 Конференция барысында «Ақ жол» Демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл осы лауазымды  атқарған кезең барысындағы жұмыс жөнінде есеп берді. Партия төрағасы филиалдың атқарған жұмысына оң бағасын беріп, филиалдың жаңа төрағасын сайлау туралы ұсыныс берді.

Конференцияға қатысушы делегаттардың бірауыздан дауыс беруімен кәсіпкер Борис Мельников Ақмола облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

Партия төрағасы филиалдың жаңа төрағасын құттықтай келе алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Шара барысында «Ақ жол» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Дмитрий Подковыров «Құрмет» орденімен марапатталып, Бақыт Смағұл, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Копишев, Жақсы аудандық мәслихатының депутаты Сәуле Әбішева және филиал төрағасының орынбасары қызметін атқарған Есболат Дюсенбаевқа мәслихаттардың 25 жылдығына орай «Ақ жол» партиясы бастамасымен «Еңбегім еліме» төсбелгілері табыс етілді.

Сондай-ақ, партияның бір топ белсенділеріне партияның «QAZAQ REPUBLIC 100» мерейтойлық белгішелеріне ие болды.

Анықтама.

Борис Мельников 1978 жылы 10 қыркүйекте Көкшетау облысы, Щучинский ауданы, Ұрымқай селосында дүниеге келген. 2001-2002 жылдары «Қайнар» акционерлік қоғамының Көкшетау қалалық филиалының менеджері, кейін директоры қызметін атқарған. 2004-2008 жылдары «Қайнар-Көкшетау» ЖШС-нің директоры, ал 2008 жылдан осы уақытқа дейін «Алиса+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып қызмет атқарған.