06
Қараша

“Ақ жол» партиясының Қостанай облыстық филиалы қоғамдық қабылдау өткізді

6 қараша 2019 жыл, Қостанай облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Қостанай облыстық филиалы қоғамдық қабылдау өткізді. Онда қаржы саласының маманы, партия мүшесі Әділхан Мұқанов тұрғындарды түрлі мәселелер бойынша қабылдап, кеңес берді.  Қабылдау түрлі екінші деңгейлі банктер мен шағын несие ұйымдарынан қарыз алып, қиын жағдайларда қалған тұрғындарға арналып отыр.

«Әрбір адам өмірінде түрлі жағдайлар болатыны жасырын емес. Осының саларынан қаржы ұйымдары алдындағы несиелерін өтей алмай жатады. Оның соңы қайғылы жағдайға алып баратыны жасырын емес. Сондықтан, біздің көп жағдайда ескере бермейтін қарапайым ережелер бар. Мысалы, қарыз алған ұйымға басындағы туындаған жағдайды айтып, несиесін шегере тұруды өтініп арыз жазу. Бұл қадам жеке тұлғалардың несие берешегінің өсуіне жол бермейді. Әрі несие тарихының бұзлуынан аман сақтайды. Кейбір жағдайларда банк немес несие ұйымдары тарапынан адамдардың құқықтары бұзылса Ұлттық банктердің филиалдарында олардың құқықтарын қорғайтын бөлім барында ескермей жатады», - дейді қаржы саласының маманы, партия мүшесі Әділхан Мұқанов.

Маманның қабылдауына келгендердің бірі Артём Замятин өзін көптен бері толғандырып жүрген мәселесіне тұшымды  жауап алып, ризашылығын білдірді.  

Партияның Қостанай облыстық филиалы аталмыш қоғамдық қабылдаудың  маңыздылығын ескере отырып, әр аптаның сәрсенбісі күні тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.