1 сәуір 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясының депутаттық сауалынан кейін Үкімет республикадағы мүгедектерге арналған жалғыз арнаулы колледжге қолдау көрсетеді. Естеріңізде болса, «Ақ жол» фракциясы Түркістан облысының Кентау қаласындағы аталған колледждің жағдайына назар аударуды сұраған болатын.
«Ақ жол» фракциясының депутаты К.Абсатировтың осы жылдың 26-ақпанында жасаған депутаттық сауалында «1942 жылдан бері қызметін атқарып келе жатқан колледж тоқсаныншы жылдардың кезінде де басты миссиясын тоқтатқан емес. Колледждің басты міндеті мүгедек балаларды еңбек дағдыларына үйретіп, арнаулы білім беріп қана қоймай, қазіргі қиын кезеңде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді» делінген.
Түркістан облысы бюджеті есебінен оқытылатын бұл колледжде 16 жастан 35 жасқа дейінгі еліміздің 7 өңірінен (Ақтөбе облысы, ШҚО, БҚО, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы) 80 студент кәсіби білім алады. Алайда, еліміздегі 700 мың қазақстандық мүгедек жандарға арналаған жалғыз оқу орнының материалдық-техникалық және медициналық-санитарлық базасы бүгінгі таңда білім беру сұранысының үштен бірін ғана қанағаттандыра алады.
Осыған орай, «Ақ жол» Демократиялық фракциясы Үкіметтен колледжді республикалық бюджетке ауыстырып, оқу құралдармен және тұрмыстық жайлармен, керекті жабдықтармен, оның ішінде лифтілерімен, автотехника, спортзал мен қамтамасыз етіп, монша-кір жуу кешенін жөндеуді сұраған болатын.
Депутаттық сауалдың ресми жауабында ҚР Білім министрлігіне облыс әкімдері және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып Арнаулы колледжді мемлекеттік тапсырыс аясында, яғни республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылғаны айтылған.
Арнаулы колледжді қажетті жабдықтармен, лифтілерімен, автотехникамен қамтамасыз етуді «Жас маман» жобасы шеңберінде іске асыру тапсырылған. Сонымен бірге, «Жас маман» жобасы аясында Түрікстан облысының колледждеріне жабдықтар сатып алу үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 3,6 млрд теңге бөлінген.
Сонымен бірге, сауал жауабынды Арнаулы колледжге қажет болған жағдайда тәрбиеші, заңгер, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы лауазымдарын енгізуге құқы берілгені жөнінде айтылған.
«Көрсетілген мәселелер бойынша жұмыстар Үкімет бақылауында» делінген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың қолы қойылған хат жауабында.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы және оның парламенттік фракциясы сайлау алды бағдарламасын жүзеге асыру және сайлаушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстарын жалғастыра береді.