25 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы
Бүгін «Ақжол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы ҚР Президентінің Жолдауын талқылау мақсатында облыстың бірқатар кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Іс-шараға облыстық филиал Кеңесінің мүшелері мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуде ел Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жасаған Жолдауында айтылған шағын және орта бизнесті несиелеуді қолдау, кредиттік демалыстарды енгізу және төмендетілген мөлшемелер бойынша қайта қаржыландырудың жүзеге асырылуы туралы тапсырмалары кеңінен талқыланды. Президент Жолдауының «Ақ жол» партиясының ұстанымдары мен Партия фракциясының ҚР Парламентінде көтеріп жүрген мәселелерімен үндестігі кәсіпкерлерді ерекше қуантады.
Шара барысында кәсіпкерлер қазіргі ахуал бойынша пікірлерін ортаға салды. Олар пандемия кезінде шағын және орта бизнес өкілдері жұмысының тоқтап қалғандығын, бизнестерін дамтыту үшін алған несиелерін өтеу қиынға соғып жатқандығын тілге тиек етті. Сондықтан, Президент Жолдауындағы шағын және орта бизнеске қосымша көмек барлық несиелерінің 6 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік субсидия беру туралы тапсырмасын қолдайтындарын жеткізді.
Сондай-ақ Жолдаудағы өңдеу өнеркәсібінің өндірісін бес жыл ішінде кем дегенде 1,5 есе арттыру мен экономиканың шеккен зардабын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдіктері берілетіндігі, төлем мерзімі кейінге шегеріліп, несиені жеңілдікпен қайта қаржыландыру мүмкіндігі ұсынылғандығын іс-шараға келген кәсіп өкілдері бір ауыздан мақұлдады.
Шараға қатысушылар кәсіпкерлердің мүддесін қорғап жүрген бизнес өкілдерінің партиясы ретінде «Ақ жол» партиясына және партияның Қызылорда облыстық филиалының жұмысына кәсіпкерлер өз ризашылықтарын білдірді.