31 тамыз 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы
Бүгін «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының басшысы Қуандық Бисқұлтановтың төрағалығымен партияның қалалық кеңесінің мүшелері Арман Жұмаділ мен Юрий Шинның қатысуымен филиалдың Жастар кеңесінің отырысы өтті.
Кездесуде қатысушылар ағымдағы жылдың 25 тамызында өткен «Қазақстан Республикасына 100 жыл және оның қалыптасуындағы «Алаш қайраткерлерінің рөлі» атты халықаралық ғылыми бейнеконференцияның нәтижелерін талқылады. Шара барысында қазақ мемлекетінің қалыптасу аспектілері, сондай-ақ «Алаш »ұлттық жаңғыру идеясының тарихи тамыры туралы және оның қазіргі Қазақстан үшін маңыздылығы сөз болды.
Отырысқа қатысушылар жұмыс қорытындыларын шығарып, алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылап, Жастар Кеңесінің басты даму бағыттарын анықтады.
Дәстүр бойынша жас «ақжолдықтар» Алматы қаласының күні, Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күндеріне арналған мерекелік күндерді және дөңгелек үстел, конференция мен тақырыптық кездесулерді, спорттық, сауықтыру жарыстарын өткізу сияқты іс-шараларды өткізуге аса мұқият дайындалуда.
Әсіресе 2020 жылы өтетін «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауы мен Қазақ республикасының 100 жылдығына арналған «Әр қазақ – менің жалғызым» атты фотобайқауды ұйымдастыруға, жұмыстарды іріктеуге ерекше назар аударды.
Филиал жетекшісі Қуандық Бисқұлтанов «Ақ жол» партиясы Жастардың өз-өзін танытатын алаңға айналғанын айта келіп, партия жетекшілері жастар бойында белсенді азаматтық ұстанымдарды қалыптастыруға және қазіргі Қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін шешуге белсенділік танытқан олардың барлық бастамаларын қолдайтыны туралы атап өтті.
Сонымен қатар, отырыс барысында Жастар кеңесінің жаңа құрамы мен оның жетекшілерін тағайындау жөнінде мәселелер қарастырылып, оларды партияның Алматы филиалы Кеңесінің алдағы отырысында бекітуге ұсыныс жасалды.