Демалыс күндері "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов және бір топ партия өкілдері Сарыағаштағы бірқатар шекара бекеттерінде болып, олардың жұмысымен танысты.
Ақжолдықтардың Қазақстан-Өзбекстан шекара аймағына келуіне кәсіпкерлердің жазған шағымдары себеп болды. Шекаралық бекеттің Қазақстан жағында көрші елге өту көп уақыт алады. Ұзын-сонар кезек. Тәулігіне 5 мың адам өткізуге арналған бекетте 40 мыңға дейін адам өтетін болған.
Аталған мәселені шешудің жолы- материалдық-техникалық базасын жаңғырту, бақылау пункттерінің санын көбейту екені айтылды. Депутат өз кезегінде бұл мәселені тиісті органдарға жеткізетінін айтты