07
Желтоқсан

Алаш ардақтысы Жалау Мыңбайұлының құрметіне орай бокстан Маңғыстауда облыстық ашық турнир өтуде

7 желтоқсан 2021 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

Түпқараған аудандық әкімдігінің қолдауымен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Aqketik Sport lmprove»  қоғамдық   қоры мен “Ақ жол” партиясының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойы аясында Алаш ардақтысы, қарымды тілші-публицист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының құрметіне орай бокстан Маңғыстауда облыстық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Турнирге Түпқараған аудан әкімі Айбек  Қосуақов және  Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Қанат Жұмабаев, “Ақ жол Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық кеңесінің хатшысы Асылхан Қожахметов және “Ақ жол” партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы, Ппарламенттік фракция өкілі, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Жаңбырбай Матаев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адай, Маңғыстау облысының бокс федерациясының атқарушы директоры Жандарбек Ихсанов, бокстан әлем чемпиондары Ердос Жаңабергенов, Берік Абдрахманов, екі дүркін Олимпиада күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов және ардагер спортшылар қатысты.

Турнирдің ресми ашылу мәртебесіне аудан әкімі Айбек Қосуақов алғы сөз сөйлеп, ашық деп жариялады.

Осы орайда, ашылу салтанатына арнайы "Ақ жол" партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев арнайы бейнежазба арқылы бокстан Маңғыстаудың мақтаныштарын тізбектеп айтып, мақтан тұтатындығын жеткізіп, ашық турнир ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар құттықтау сөз кезегін Сабыр Адай, Жаңбырбай Жәнібекұлы, Асылхан Төлеббергенұлы, Қанат Қошқарбайұлы, Ердос Жаңабергенов жалғап, Алаш арысының спортшылар арасында ұлықталғанына ризашылықтарын білдіріп, спортшыларға жеңіс тіледі.