17
Желтоқсан

Алматыда «Ақ жолға» дауыс бер» атты флешмоб өтті

17 желтоқсан 2020 жыл, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы

Бүгін, 17 желтоқсанда «MEGA Alma-Ata» сауда орталығында  «Ақ жолға» дауыс бер!» жастар флешмобы өтті. Науқан «Ақ жол» демократиялық партиясының ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуы аясында өтті.

Флешмобты ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық және карантиндік нормалар сақталды. Шараны «Ақ жол» ҚДП Алматы филиалының Жастар кеңесі ұйымдастырды.

Қазақстандық жастарды қолдау партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болып табылады.

«Жастардың еркін таңдау жасауға мүмкіндіктері болуы керек. Қазақстанға бастамашыл, мықты және өзіне сенімді жастар қажет», - деп партия тұғырнамасында атап өтілген.

Сонымен қатар, «Ақ жолда» қазақстандық жастардың таңдау еркіндігі мен адамдық қадір-қасиетін қорғау маңызды деп саналады.

Флешмобтың би ырғағы «MEGA Alma-Ata» сауда орталығына келушілерді бей-жай қалдырмады. Науқан «Мекенім Қазақстан» әнімен аяқталды.

Жас «ақжолдықтар» еріктілермен бірге алматылықтарға үгіт-насихат материалдарын таратып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.