04
Наурыз

«Алып – анадан туады» мерекелік концерті өтті

4 наурыз 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы мен «Сыр елі облыстық әйелдер кеңесі» ҚБ бірлесіп 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Алып - анадан туады» мерекелік концертін өткізді. Концерт облыстық Жастар ресурстық орталығында болды.

Ел абыройын асқақтатып жүрген Қызылордалық спортшы, әнші, ақын және ғалымдардың аналары - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты әнші-композитор Батырхан Шукеновтың анасы - Ибрагимқызы Диляра, айтыскер ақын, 3 дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұқтар Ниязовтың анасы - Жұмакүл Ұзаққызы, Қазақстанның ең жас профессоры, Ұлттық инженерлік академиясының академигі Нұрбол Аппазовтың анасы - Орынша Сулейменқызы, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбайқызының анасы - Айнұр Сағидоллақызы, 7 бала тәрбиелеп өсірген, батыр ана - Жанат Әбіләзиқызының еңбектерін бағалап, оларға мерекелік кеш сыйлады.

Іс-шараға Қызылордалық жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жастар тарапынан аналарға атақты балаларды тәрбиелеудің қыр-сыры туралы сұрақтар қойылды. Жас өнерпаздар аналарға арнап өз өнерлерін көрсетті.

Концерт соңында «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы аналарды мерекелерімен құттықтап, оларға гүл шоқтарымен қатар «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің мерекелік құттықтау хатын табыстап, естелік сыйлықтар сыйлады.

Одан әрі «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының кеңсесінде облыс көлемінде түрлі салада еңбек етіп жүрген әйел-аналарды құттықтау шарасы өтті.

Құттықтау барысында облыстық филиал төрағасы Жорабек Прманов пен облыстық мәслихат депутаты Қ.Боранбаев тарапынан әйел-аналардың қоғамдағы жасап жатқан еңбегіне үлкен баға беріп, оларға филиал атынан гүл шоқтарымен қатар партия төрағасы Азат Перуашевтің құттықтау хатын табыстап, естелік сыйлықтар сыйлады.