15 желтоқсан 2020 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалының үгіт-насихат тобы Ақкөл ауданының сайлаушыларымен кездесті.
Кездесуге Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова және Ақкөл ауданының маслихат депутаттығына кандидаттар қатысты.
Кездесу аудандық Абай атындағы кітапханада өтті.
Үгіт-насихат тобы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның 6-шақырылымында атқарған жұмыстары туралы айтты.
Сондай-ақ сол күні партияның Ақмола облыстық филиалының Степногорск қаласы маслихаты депутаттығына кандидат В.Лагута "Сказка" балабақшасынның ұжымымен кездесті.
"Ақ жол" кандидаттары тұрғындар сауалына жауап беріп, сайлаушылардың пікірін тыңдады.