10
Мамыр

«Ақ жол» демпартиясының 20 жылдығына орай Шымкентте дзюдодан республикалық жарыс өтті

10 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы

Бүгін 10 мамыр 2022 жылы «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалының қолдауымен Шымкент қаласының №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен   жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасында дзюдо күресінен Республикалық ашық турнирінің жалауы көтерілді.

Турнирдің  бірінші  күнінде  қатысушылар таразыға  тартылып,  салмақ дәрежелері  анықталды  және  төрешілер алқасының  отырысы өтті. Бұл іс-шара биыл «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылғанына 20 жыл толуына және «Балалар жылы» аясында өтіп жатыр.

         Жарыс Шымкент қаласындағы жабық жеңіл атлетика манежінде өтуде. Ашық турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан 2009-2013 жылдары туылған жас палуандар қатысып жатыр.

         Жарыстың ашылу салтанатында «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Абжанов сөз сөйлеп ашты және қатысушыларға спортпен қатар сабақты да ұмытпай үздік оқуға кеңес берді. Әрқашан алға қойған мақсатқа еңбекпен жетудің жемісіде тәтті екенін айтып, кішкентай  палуандарға сәттілік пен жеңіс тіледі. Осы жарыста бағы мен бабы қатар келген палуандар  чемпион болсын деді.  

         Сондай-ақ шараға «Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалының барлық қызметкерлері мен жергілікті мәслихат депутаттары Ноян Төлегенов, Жамалбек Жораев, Назипа Мамықова  да қатысты.

          «Ақ жол» Демократиялық партиясы елдегі жасөспірімдер арасындағы спорттың дамуына назар аударып,  үнемі жас спортшыларға  қолдау жасап келеді.

         Ертең турнирдің соңғы күні мен жабылу салтанаты  өтеді.