17
Тамыз

"Ақ жол" демпартиясының Алматы қалалық филиалы жастардың үлкен тобын партия қатарына қабылдады

https://t.me/peruash/2513

Бүгін "Ақ жол" демпартиясының Алматы филиалы жастардың үлкен тобын партия қатарына қабылдады.Өткен аптада 18-25 жас аралығындағы жігіттер мен қыздардан 181 өтініш келіп түскен болатын. Филиал төрағасы Қуандық Бискултановтың карантиндік шектеулерге байланысты өтінішіне орай олардың жиырмасына билеттер тапсырдым.


Жастармен жақсы әңгіме болды. Олардың келешекке деген оң құлшыныстары ұнады. Олардың саяси өмірге қатысуға деген шешімдері Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отырғанын ерекше атап өттім. Келесі сайлауларда осы жастардың біразы Мәжіліс пен мәслихаттарға жастар квотасына сәйкес үміткер болады деп ойлаймын.