10 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының депутаты Ерлік Өмірғали Ақмола облысына жұмыс сапары аясында арнайы елордамен іргелес Ақкөл ауданына қарасты Қараөзек ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Биыл маусым айының аяғында ауыл тұрғындары «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевке хат жолдап, елді мекеннің көкейтесті мәселелерін шешу үшін жергілікті биліктін назарын аудартуды сұраған болатын.
Ауыл тұрғындары бұл елді мекеннің іргесінде ел астанасы болғандықтан болашағы да зор екенін айтады. Білім алып, оқуларын бітірген жастар да туған жерге оралып, кәсіп ашып, еңбек етуде. Ауылда көптеген инфрақұрылымдар сақталған. Орта мектеп, мәдениет үйі жұмыс істеп тұр. Қараөзектіктер бес адамға арналған Хан киіз үй кешенін де салған. Дегенмен, ауылда шешілмеген өзекті мәселелер бар. Арнайы келген халық қалаулысына ауыл тұрғындары толғандырған мәселелерін жеткізді.
Кездесу соңында ауыл адамдары өз мәселелерінің оңтайлы шешілетініне ризашылықтарын білдірді.
«Ақ жол» партиясы Қараөзектіктердің мәселелерін назарда ұстайды әрі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және сайлаушылардың өтініштерін орындау жұмыстарын жалғастырады.