14
Мамыр

"Ақ жол" депутаты Ерлік Өмірғали диқандардың жағдайымен танысты

14 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты Ерлік Өмірғали Степногорск қаласына қарасты Қарабұлақ ауылындағы "Береке" шаруа қожалығының егістік алқабында егін еккен диқандармен кездесті.

Елдің экономикасын алға сүйрейтін ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгерістер бар. Бірақ тәуекелді сала болғасын мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау керек.

Себебі, ауыл шаруашылығындағы шаруаларды толғандырған субсидия мәселесін біздің партиямыз биік мінберден көтеріп жүр. Шағын қожалық басшысы да осы жайлы мәселені қозғады. Ауылдың кең құлаш жаюына кедергі келтіріп отырған келеңсіздіктерді жою арқылы саланың алға басатындығын Парламент өкілі де айтты.

Шаруашылық "Сыбаға" бағдарламасына қатысып, осы бағдарлама аясында асыл тұқымды мал сатып алған, егіс алқабы да кеңейген. Шағын шаруа қожалығы өз жұмысшыларының бар әлеуметтік мәселесін шешкен.

Мәжіліс депутаты алдағы өтетін референдум жөнінде толыққанды ақпарат берді. Жұмысшылардың көкейінде жүрген салмақты сұрақтар да назардан тыс қалмады. Соның ішінде референдум нәтижесі бойынша Ата заңға еңгізілетін өзгерістер мен «Жаңа Қазақстан» құрудағы нақты қадамдар жөнінде тұшымда жауап алды.

Айта кетейік, маусым айының 5-ші жұлдызында өтетін референдум бойынша түсіндірме жұмыстары республикамыздың әр аумағында өткізілуде. Ерлік Өмірғали облыстың басқа аудандарында да жұртшылықпен кездесу өткізуді жалғастырады.