13
Мамыр

"Ақ жол" депутаты Серік Ерубаев атыраулық студенттермен кездесті

13 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау облысына іссапары барысында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне барды.

Ол университет ұжымы мен студенттерге алдағы референдумның қажеттілігі мен өту барысын түсіндірді. Ең бастысы, көпшілікті толғандырып отырған басты сұраққа жауап берді. Яғни, референдум өткеннен кейін қарапайым халықтың өмірі қалай өзгереді? 

«Референдумға қатысу арқылы азаматтар еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қоса алады. Бұрын мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдау үшін Президент пен Үкіметтің келісімі керек болды. Енді алдағы уақытта осындай өкілеттіктің біразы Парламентке өтпек. Сол үшін де республикалық референдум өткізілейін деп отыр. Яғни, мемлекетіміз суперпрезиденттік басқару жүйесінен біртіндеп бас тартады», - деп атап өтті мәжілісмен.