02
Желтоқсан

“АҚ ЖОЛ” ДЕПУТАТЫ: ЖАМАН ЖОЛДАН - ЖАҢА ЖОЛҒА

2 желтоқсан 2021 жыл, "Ақ жол" партиясының Түркістан облыстық филиалы

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты отырысында “Ақ жол” партиясының депутаты Мансұров Ардақтың ұсынысымен қаладағы өзекті жолдың құрылысы қолға алынған болатын.
Киелі шаһардың шетінде орналасқан Бірлік ауылы маңындағы айналма жолдардың сапасы сын көтермей, түрлі кептелістер жиі орын алатын. Әрі халықтың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін еді.

“Ақ жол” партиясының қалалық мәслихат депутаты аталмыш жолдың мәселесін көтере отырып, оның нақты шешімін көрсетер жобаның эскиздік нұқсасын қоса ұсынған болатын. Бұл ұсыныс инфрақұрылымдық жағынан өте тиімді әрі кептелістерді жоюға септігін тигізетін жоба болып табылып, мәслихат тарапынан қолдау тапты. Қазіргі уақытта жол кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы салынып бітті. Оң жақ бетіндегі құлама жолдың құрылысы да аяқталып тұр. Көшелердің бойы толықтай жарықтандырылған.

Бұл жолдың туризмге келтірер пайдасы орасан деуге болады. Түркістанға келген турист пен қонақтың ат басын бұрар жерлерінің бірі - Арыстан баб, Укаша ата сияқты бабаларымыздың мекені. Келген туристерді тарихи орындарға жеткізетін орталық жолдардың бірі де осы - Әл Фараби көшесіндегі бағыт болып табылады.
Талапқа сай жөндеуден өткен жолдың көлік жүргізушілері мен келген қонақтарға барынша ыңғайлы болатыны анық.

Осылайша халықтың көкейіндегі өзекті мәселені “Ақ жол” партиясының Түркістан қалалық мәслихат депутаты Мансұров Ардақ оңтайлы шешуге ат салысып отыр.