11
Маусым

«Ақ жол» партиясы мен «Атамекен» ҰКП Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бизнесті жан-жақты қолдауды жақтайтын «Ақ жол» демократиялық партиясы мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы күштерін біріктіріп, өзара Ынтымақтастық туралы келісім жасасуға шешім қабылдады.

«Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою - «Ақ жол» үшін айтулы оқиға. Бүгін ел алдында пандемия зардаптарын еңсеру міндеті тұр. Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қайта реттеу туралы алға қойған міндеттері туралы ойлану қажет. Олар өте маңызды, өйткені алдыңғы тәсілдердің бірқатары өзінің жемістілігін жеткілікті көрсетпеді», - деп атап өтті Азат Перуашев.

ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев «Атамекен» заң шығару процесіне белсенді қатысатынын, депутаттық корпуспен тығыз өзара іс-қимыл жасайтынын, ҰКП-ның саяси артықшылығы жоқ екенін және ол кәсіпкерлерді қолдайтын барлық парламенттік партиялармен ынтымақтасады деп атап өтті.

«Атамекенде» «Ақ жол» партиясын бизнесті қайта реттеу, салық кодексін жетілдіру, кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу, әсіресе дағдарысқа қарсы қолдау және пандемияның қиын кезеңінде заңдарды ілгерілету үшін көп жұмыс жасаған бизнес қоғамдастықтың маңызды серіктесі және жақтаушысы ретінде бағалайды.

Тараптар Ұлттық палата мен «Ақ жолдың» бірлескен жұмысы бизнесті қорғау жөніндегі жұмысты күшейтіп қана қоймай, тұтастай алғанда елдегі бизнес ахуалды жақсартатынына, атап айтқанда, орта таптың дамуына ықпал ететініне сенімді.