14
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің отырысы өтті

14 желтоқсан 2020 жыл, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының  баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің Тәуелсіздік күніне арналған отырысы өтті.

Бірқатар «ақжолдықтар» ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Олардың ішінде Мәжіліс депутаты Дания Еспаева «Парасат» орденіне, партияның Қызылорда филиалының төрағасы Жорабек Прманов «Құрмет» орденіне ие болды.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсегүл Абдусаттарова, Қарағанды филиалының төрағасы Ермек Әбілдин, Қызылорда филиалының төрағасының орынбасары Шарбану Есекеева және партияның Орталық Кеңесінің хатшысы Асылхан Қожахметов «Ерен еңбегі үшін» медалімен  марапатталды.

Сонымен қатар, Орталық кеңес Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты В.А. Никоновтың мәлімдемесіне қатысты партия Мәлімдемесін қабылдады.

Өтініш ҚР Үкіметіне, сондай-ақ РФ Мемлекеттік Думасының депутаттарына жіберіледі.