12 қаңтар 2021 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді.
Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен Мәжілістің депутаттық мандаттар келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясына 792 828 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 12 депутаттық мандат алды.