6 қараша 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Бүгін Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Батыс Қазақстан облысы филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.
Сонымен қатар конференцияны филиалдың Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн трансляцияда жүргізді.
Жиында ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға дайындықты пысықтап, 20 қараша күні өтетін «Ақ жол» партиясының XVI кезектен тыс құрылтайына делегаттар сайланды.
Шара барысында филиал төрағасының орынбасары Бағдат Ізмағанбетов облыстық филиалдың 2019-2020 жылдар аралығында атқарған жұмыстары мен сайлауалды дайындықтары туралы баяндады.
Сондай-ақ конференцияның күн тәртібінен бөлек өзге де мәселелер көтерілді. Партия мүшелері өздерін толғандырып жүрген тақыраптар төңірегінде сөз қозғады.
Мысалы, «Ақ жол» партиясы, облыстық Кеңес мүшесі, облысымызға танымал жаттықтырушы Юрий Казанин партия филиалының назарын тек белгілі бір салаға емес, қоғамдағы барлық саланы қамтуға көңіл бөлуді жөн санайды.
Қалалық маслихаттың депутаты Валерий Власов болса партия қатарына жастардың көбірек қосылғанын және олардың қазірден бастап саяси науқанға араласып, молырақ тәжірибе жинақтауын қолдайды.
Ал «Siko-oil» ЖШС-ның басшысы Серік Дүйсенов партияның аудандармен байланысын нығайтып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет деген пікір білдірді.
Сондай-ақ, Серік Чапайұлы өзі тұратын ауданда полиция тарапынан негізсіз тексерулер мен кәсіпкерлерге салынған айыппұлдардың жиілегенін атап өтті.
- Қазақстан тарихында парламент мәжілісіне сайлау осыған дейін алты рет өткен. Биылғы сайлау тәртіптері бұрынғы саяси додаларға қарағанда өзгеше. Бұған сайлау туралы заңға енген бірқатар өзгерістер сеп болып отыр, - деді филиал төрағасының орынбасары Бағдат Ізмағанбетов. Ал Серік Чапайұлы көтерген мәселе алдағы уақытта партияның орталық аппаратында депутаттық сауал ретінде қарастырылатынын жеткізді.