20
Тамыз

"Ақ жол" партиясының депутаттары өңірлердегі жұмыс сапарларын жалғастыруда

20 тамыз 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Раманқұлов жұмыс сапары аясында 2021 жылдың 19 тамызынан бастап Павлодар облысында жүр.
Мақсат Базаралыұлымен бірге Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары А. Әубәкіров, «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қ.Тұрсынбаев Чернорецк ауылдық округіндегі «ТОГАС С» ЖШС шаруа қожалығында болды.
Бұл шаруашылық арпа және картоп өсірумен айналысады.
Кездесу барысында депутат «Ақ жол» партиясының жер реформасы, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын несиелеу, АӨК субсидиялау және ауылдағы бизнесті қолдаудың басқа да мәселелері жөніндегі ұстанымы туралы сөз қозғады.

Әңгіме барысында ЖШС басшылығы депутаттар алдында бірқатар өзекті мәселелерді көтерді:

  • қол жетімді қаражаттың фермерлерге өндірістік қуаттылық пен егіс алқаптарын ұлғайтуға, өнімді өңдеуді дамытуға мүмкіндік бермейтіні туралы
  • АӨК қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімсіздігі және бюрократиясыздандыру туралы
  • мамандардың жетіспеушілігі және агрономдарды, ветеринарларды, механизаторларды және т.б. ынталандыру қажеттілігі туралы.
    ҚазАгро және АКК желісі бойынша қаржыландырудың мүмкін еместігі, оған қоса қолайсыз кредиттік тарих себебінен ЕДБ кредит беруден жүйелі түрде бас тартуы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне үлкен мәселе тудыруды. Алайда, Қазақстанның климаттық жағдайлары үшін, тәуекелді егіншілік аймағы ретінде, АӨК субъектілерінің барлығы дерлік кредиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен.
    Осы себепті фермерлер жылдар бойы (!) қаржыға қол жеткізе алмайды.
    Осыған байланысты, атап айтқанда, кредиттік тарихты жыл сайын «нөлдеу» және қарыздарын өтеген ауыл шаруашылығы өндірушілерін жосықсыз қарыз алушылар тізімінен шығару туралы мәселе көтерілді.
    Бұл клиенттерге қолданыстағы нормалармен белгіленген 5 жылдық мерзімді күтпей-ақ банктік кредиттеуге қайтадан қол жеткізуге көмектеседі. 5 жыл ішінде кез-келген экономика кем дегенде екі рет қиын жағдайға ұшырауы мүмкін.

Мақсат Раманқұлов сұрақтарға жауап беріп, кездесуге қатысушыларға алғысын білдірді және айтылған барлық ұсыныстарды «Ақ жол» фракциясы қарастыратынына және қолдау көрсетілген жағдайда заңнама мен мемлекеттік бағдарламаларға тиісті өзгерістер енгізілетініне сендірді.