06
Қараша

«Ақ жол» партиясының Қостанай облыстық филиалының конференциясы өтті

6 қараша 2020 жыл, "Ақ жол" партиясының Қостанай облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық филиалының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну бойынша аймақтық конференциясы болып өтті.

Мұнан соң партия мүшелері аймақтық штабтың сайлау кезіндегі жұмыс жоспарын талқылады.

Конференция барысында республикалық құрылтайға Қостанай облысынан қатысатын делегаттар тізімі бекітілді.

Сонымен қатар партияның Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жұтаев партия қатарына жаңа мүшелер қабылдап, филиал белсенділеріне алғыс хат табыстады.

  • "Алда үлкен жұмыс тұр. Бәрімізге жақсы нәтиже көрсету маңызды, бізде мықты команда, мол тәжірибе бар. Біз тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істейміз және жетістікке жететінімізге сенімдімін!"- деп жиынды түйіндеді филиал төрағасы М.Жұтаев.