15
Желтоқсан

Санат жоқ 15.12.2020

«Ақ жол» партиясының ресми сайтына кибершабуыл жасалды

15 желтоқсан 2020 жыл, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының  баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясының ресми сайтына кибершабуыл жасалды. akzhol.kz сайтына техникалық қолдау көрсететін «МедиаХол» компаниясы құпия базаға біреудің 106 рет  рұқсатсыз кіргені туралы хабарлады.

Аталмыш компанияның хабарламасында мынадай ақпарат келтіріледі:

«2020 жылғы 13 желтоқсан шамамен сағ. 22:00 – 22:30 хостингте «https://akzhol.kz /» порталға кіру үшін құпия сөзді пайдалану әрекеті анықталды. Бұл бұзу әрекеті болғанын және оның сәтсіз аяқталғанын білдіреді. Сырттан рұқсатсыз әрекеттердің болғаны анықталғаннан кейін (құпия сөзді таңдау) қосымша қорғаныс қосылды, сонымен қатар FireWall қайта конфигурацияланды.

ҚР Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына байланысты ақпараттық қауіпсіздікті арттыру мақсатында 13.12.2020 ж. - 15.01.2021 ж. аралығында сайттың жұмысын онлайн режимде қадағалайтын боламыз (санкцияланбаған қолжетімділік әрекеттеріне тұрақты мониторинг жүргізу).

Жүйедегі тіркелу деректеріне өзге ақпараттар қосу үшін жасалған барлық өтінімдерден бас тартуды ұсынамыз. Сондай-ақ, белгісіз көздерден (спам) хаттарды алған кезде сілтемелер бойынша өтпеңіз және хаттың түпнұсқа екеніне көз жеткізбейінше дербес деректерді хабарламаңыз. Егер жүйе (пошта) фишингтік немесе күдікті хабарламаны (спам) анықтаса, дереу себетке жіберіңіз де, оны жойыңыз.

Құпия базаға (Сайтқа) рұқсатсыз кіру жағдайлары мен әрекеттерін есепке алу – 106 рет.

Рұқсатсыз кіру әрекеттері орын алған елдердің тізімі: Франция, Канада, Австралия, Италия, Германия, АҚШ, Индонезия, Нидерланды.

Ескерту: қаскүнемдер қосымша құралдарды қолдана отырып, өздерінің орналасқан жерін өзгерте алады. Дәлірек айтқанда: қаскүнем ҚР аумағында бола отырып, ҚР шегінен тыс орналасатын басқа виртуалды желіге қосыла алады. Дәл осындай тәсілдермен олар өз орындарын жасырулары мүмкін.

Қазіргі уақытта https://akzhol.kz / сайты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр».