12
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы «Атырау Жарық» Акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті

12 желтоқсан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалы

      Бүгін «Ақ жол» партиясының үгіт-наисхат тобы «Атырау Жарық» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері, БАҚ, Атырау жылу электр орталығы жұмысшы қызметкерлері қатысты.

     Жиында Атырау облыстық филиалының төрағасы Е.Юсупов, ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер С.Ерубаев, филиалдың саяси жетекшісі Әбілхан Төлеуішов жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

      Мұнан соң жылу-электр орталығының күрделі құрылыс бөлімінің жұмысшысы Николай Осипов, инженер Саламат Тілуғалиев өз ұсыныстарын білдірді.

     Кездесуге қатысушылар сайлауалды бағдарламаны бірауыздан қолдап, сайлауда «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.